51
жазды. Фольклорды бірден-бір тәрбие құралы деп білді және халқымыздың
сөз өнері деп түсінді. Ал, ғылыми мақсатта фольклорды "тарихи мектеп"
тұрғысынан зерделеді. 1930 жылдан 1950 жылға дейінгі аралықта
фольклорды жинауға және жариялауға мықтап ден қойылды. Бірақ
партиялық идеология әсерін тигізіп, фольклорды таптық тұрғыдан зерттеу
орнықты. Сөйтіп, оның халыққа пайдалы және халыққа жат түрлерін
анықтау – міндет болды. Дегенмен, бұл жылдары мәтіндер көп жиналды,
оқулықтар мен хрестоматиялар шықты, біраз зерттеу еңбектер де жарық
көрді (С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин,
Е.Ысмайылов).
Достарыңызбен бөлісу: