71
алғанын білдіретіні белгілі. "Отау" сөзі бастапқыда "отты алудан" туындауы
және қауымның ыдырай орналасқан кезінде ата-ана оттығынан от алу
дәстүрімен байланысты пайда болуы да мүмкін. Алғашқы қауымдағы рулық
қатынастардың жойылуымен бірге ортақ отты бөлу салты да ұмытылған.
Осыған байланысты "от алу" сөзі де әуелгі мағынасынан айырылған секілді.
От ана бейнесіне қайта оралайық. Ол кім өзі? Л.Я.Штернбергтің
анықтамасы бойынша, ол - адамды жылындырып отырған және оның
үйіндегі ошақты зиянкес рухтардың кесір-кесапаттарынан сақтаушы, адамдар
мен рух-иелер арасында ара ағайындық жасаушы, кісінің тағдырына ықпал
ете алатын рух - ие. Гиляктарда мұндай қасиетке марқұм болған ата-аналар
ие болады деп саналған. Демек, от иесі - әйел адаммен тылсым әлемді
үйлестіруші, дәнекерші тұлға.
Гиляктар мен орочтарда осылай. Ал, қазақтарда ше? Қазақтың ертегілік
от иесі - жалмауыз кемпірі екі әлемді жалғастырушы қызметін атқара ма?
Жоғарыда матриархат заманындағы әйел көсемнің кейбір қызметтері
ертегідегі жалмауыз кемпірдің соған ұқсас әрекеттерімен сәйкес келетіні
айтылды. Сол сияқгты жалмауыз кемпір образы о дүниедегі әлеммен
байланысы бар ілкі отанасы туралы түсінікті де қамтитыны атап өтілді.
Соған орай қазақтың ертегідегі от иесі, яғни ертегілік жалмауыз кемпірі де
өлілер патшалығымен байланысты және жердегі әрі о дүниедегі әлемдердің
арасын жалғастырады. Өз ойымызды дәлелдейік. Бұл үшін өлім және дүние
туралы қазақ наным-сенімдері мен хикаялық (демонологиялық) әңгімелерге
жүгінеміз және оларды ертегілік материалдармен салыстырамыз.
Н.Ф.Катанов материалдарынан төмендегідей мәліметтерді оқимыз.
"Әйелдің босанатын мезгілі жеткенде, оны жын тұншықтырады... Егер
жынды қуатын адам болмаса, онда әйел өледі. Жынды қуатын (сөзбе сөз
айтқанда сабайтын) адамдар бар... Қуа алатын адам өзінің шапанын немесе
белбеуін, не тақиясын біреуден беріп жібереді, бұл жіберілген кісі үйге
кірісімен, жын қашады. Егер жын кетпесе, қуатын адам өзі келеді. Кейбір
жындар күшті болады.
Жын әйелдің өкпесін алады да,
суға барады. (астын
сызған біз — С.Қ.). Егер жынды ұстап алып, оған суға жетуге мүмкіндік
бермей, куып жетіп, қайырып, содан кейін үйді тобылғы сапты қамшымен
ұрып және "жібер, жібер!" — деп айқайласа, сонда әйел өмірге қайта
оралады. Егер жын суға жетсе және "
өкпені су ішінде шайқаса. онда әйел
Достарыңызбен бөлісу: