Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет42/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

(ертегінің бар түрі, мысал, хикаят пен әпсананың кей түрі). Бұлар 
көркемделген проза. Екіншісі – эстетикалықтан басқа қызмет атқаратын 
прозалық жанрлар (аңыз, әңгіме, хикая, миф). Ал бұл айтылғандар – 
көркемдігі қарапайым проза. Әдетте, айтушы мен тыңдаушылардың өздері де 
бұларды көркем шығарма деп қабылдамайды. Айтылмыш жанрлардың басты 
мақсаты – тыңдаушыларға тарихи, саяси, діни т.б. практикалық мәлімет, 
хабар беру. Сол себепті оларда шығарма мазмұнын көркемдей, әсірелей 
баяндау мақсат тұтылмайды. Керісінше, олар нақтылы және қарапайым 
сипатта баяндалады және сонысымен кәдімгі жай сұхбат-әңгімеге 
жақындайды. 
Жалпы, фольклор жанрларының өмірге қатынасына байланысты 
атқарған қызметін сөз қылғанда, өте маңызды нәрсе – фольклордың 
көркемдігі. Көркем өнерге айналмаған фольклордың басты мақсаты – 
танымдық. Бұған халық прозасының ертегіге жатпайтын тобы кіреді, атап 
айтқанда: ауызекі әңіме, хикая, аңыз, шежіре, миф, әпсана, хикаят. Бұлардың 
міндеті – жас ұрпаққа белгілі дәрежеде маңайдағы табиғат, елдің өткен-
кеткен өмірі жайлы «білім» беру, тыңдаушыларды ел тарихынан хабардар 
ету. Сол себепті бұл жанрларда асыра көркемдеу, әсірелей суреттеу өте аз 
болады. 
Сөз өнеріне, көркем дүниеге айналған фольклор жанрларының басты 
функциясы – эстетикалық, тәрбиелік болып келеді. Ондай жанрлар 
шығармаларында өмірді бейнелеу тікелей танымдық мақсат көздемейді, 
керісінше, адамды иландыру, сол арқылы тыңдаушыға үлкен әсер ету 
мақсатын көздейді, оны ләззатқа бөлеуге тырысады. Қазақ халық 
прозасының ертегі жанрлары түгелдей осындай қызмет атқарады. Көркем 
фольклор ретінде ертегі өмірді, болмысты танып-білу ниетімен айтылмайды. 
Фольклорды зерттегенде оның танымдық түрін де, көркем түрін де жан-
жақты қарастыру қажет. Өйтпеген күнде жанрлар теориясын жасау мүмкін 
емес, көркем түрлердің даму заңдылықтарын да ашу қиын. Асылында, 


63 
белгілі бір жанрдың табиғатын, ерекшелігі мен заңдарын білмейінше ол 
жанрға жататын шығарманы объективті түрде және дұрыс бағалау қиынға 
соғады. Себебі қашан болса да бір нәрсенің ерекшелігі, жалқылық қасиеті тек 
жалпымен, ортақтықпен байланыста ғана анықталады. 
Фольклорда, тегінде, жеке адамның характері көрсетілмейді. Онда жеке 
адамның іс-әрекеті баяндалады. Бұл тұрғыдан келгенде, әсіресе, эпикалық 
фольклор өте мәнді материал береді. Мәселен, жырда, ертегіде бас кейіпкер 
өз ортасынан дара алынып көрсетіледі: ол қалыңдығын іздеп тау-тасты 
кезеді, демек, фольклор кейіпкері өзін қоршаған дүниемен ерекше қатынаста 
бейнеленеді, тіпті ол бүкіл маңайындағы тылсым күштерге, бейтаныс 
қауымға қарсы қойылады. Бірақ соның өзінде де оның мінез-құлқы 
ашылмайды, тек басынан кешкен оқиғалары ғана айтылады. Шығарманың 
барлық назары кейіпкердің іс-әрекеттеріне аударылғандықтан бір мезетте 
оның ауылындағы, ел-жұртындағы оқиғалар баяндалмайды. Бұл жерде 
«фольклорлық уақыт» заңы билік етеді. 
Фольклордың әдебиеттен бөлектенетін бір өзгешелігі – шығармада 
уақыттың көріну түрі. Егер әдебиетте уақыт өткен және осы шақ ретінде 
көрініп, өзінің нақты мағынасында бейнеленсе, фольклорда уақыт ең 
алдымен өткен шақ, ерте заманда өткен дәуір ретінде түсіндіріледі де, ол 
сығымдалып бейнеленеді. Сонымен бірге фольклорлық шығармада баяғыда 
болған кейіпкердің іс-әрекеті осы шақ түрінде баяндалады, яғни осы қазір 
болып жатқандай сезіледі. Кейде грамматикалық формасы өткен шақ болса 
да, оқиға мен қимыл, іс-әрекет осы шақ мағынасында түсініледі.
Міне, фольклор жанрларын ғылыми саралағанда, оның теориясын 
жасағанда бұл да ескерілетін мәселе. 
Осыған қоса айтатын нәрсе – фольклорлық шығарманың баяндалу 
барысындағы уақыт. Фольклорлық шығармада уақыт ешқашан кері 
шегінбейді. Басқаша айтқанда, жыршы немесе ертекші әдебиеттегі сияқты 
бір кезде болып жатқан екі-үш оқиғаны қатар көрсетпейді. Мысалы, 
әдебиетте кейіпкердің өз басынан кешкен оқиғалар баяндала отырып, автор 
кейін шегініп, осы кезде оның үйінде не болып жатқанын, оның 
маңайындағы адамдар қандай харекет істеп жүргенін, олардың тағдырын 
суреттей береді. Ал, фольклорлық шығармада олай емес. Айтушы, жыршы 
қаһарманның тағдырын баяндау кезінде дәл осы уақытта оның елінде не 
болып жатқанын суреттемейді. Батыр жоқта елін жау шауып кеткені жайлы 
ол кейіпкер еліне қайтып келген кезде ғана баяндайды, яғни батырдың 
жорықта жүрген кезіндегі сәтпен қатар баяндалмайды. 
Фольклорлық шығармада уақыт ылғи да өткен дәуір болып көрінеді. 
Бірақ өткен дәуір айтушы мен тыңдаушыға өз заманымен тығыз байланысты 
болып сезіледі, баяндалып отырған оқиғалар осы әңгімеленіп отырған кезде
болып жатқандай қабылданады. Бұл қасиетті, әсересе, батырлар мен тарихи 
жырдан және аңыздан, шежіреден байқауға болады. Демек, фольклорлық 
шығармадағы қазіргі шақ пен бұрынғы шақтың жігі айтушы мен 
тыңдаушылар үшін баяндалатын оқиғаның ерте заманда болғанында емес, 
сол оқиғаның қаншылықты маңызды екенінде. Олай болса, фольклорлық 


64 
жанрларда (ғашықтық жырда, батырлық пен қиял-ғажайып ертегілерде, 
хикаяттарда) өткен дәуір маңызды бола тұрса да тұйықталып («закрытое в 
себе» – деп Гегель айтқандай), тарих дүниесі болып қабылданады. Ал, енді 
бір топ жанрда (батырлар жырында, тарихи жырда, шежіре мен аңызда) 
өткен дәуір айтушы мен тыңдаушылар заманымен сабақтасып, тіпті әлі 
жалғасып жатқандай сезіледі. 
Бұдан шығатын қорытынды: фольклорлық шығармада тарих пен қазіргі 
заман (айтушы мен тыңдаушының дәуірі) өмірдегі уақыт өлшемімен 
межеленбейді. Ол екеуінің арақатынасы, жігі елдің, айтушы мен 
тыңдаушылардың санасы мен ой елегінен өтіп белгіленеді, баяндалып 
отырған оқиғаның ел үшін маңыздылығымен, сол дәуірге үндестігімен, 
жалғастығымен өлшенеді. 
Фольклорлық жанрлар теориясын зерттеу үстінде ескеруді қажет ететін 
фактордың бірі – шығарманың орындалу мәнері, яғни айтушы оқиғаға өзін
қатысты қылып айта ма, әлде керісінше, шығармадағы оқиғаны өзіне еш 
қатысы жоқ қылып баяндай ма, – міне, бұл да фольклор жанрларын 
ерекшелендіретін жәйт. Әдетте, әдебиет теориясында мұны «мен» және «ол» 
формасында жазу дейді. Бірақ бұл жерде мәселе басқаша. Әдеби шығармада 
«мен» деген автордың нақ өзі болмауы мүмкін және романдағы
оқиғалардың «мен» атынан баяндалғанымен авторға еш қатысы болмауы 
тағы ықтимал. Ал, фольклорда, оның ішінде жай әңгіме мен хикаяда айтушы 
оқиғаны тура өз басынан өткен қылып айтады. Мұндағы «мен» – айтушының 
өзі. Бұдан шығатын қорытынды – көркем фольклорға айналып үлгермеген 
шығармаларда айтушы сюжетті өзіне қатысты қылып құрады да, өзінше 
баяндайды. Сол арқылы шындықтың фактілерін өз дүниетанымы тұрғысынан 
түсініп, оларды (фактілерді) өз мүддесі үшін пайдаланады. Шығарманы 
бұлай баяндау әдісін – трансформативті, яғни өзгерте баяндау дейді. 
Мұнда айтушы өмірде болған фактіні өзінің қалыптасқан түсінік-
пайымын дәлелдеуге пайдаланады. Соның салдарынан айтылып отырған 
меморат пен хикаяда болмыс тікелей көрінбейді, ол айтушы санасы мен 
сезімінің көрігінен өтіп бейнеленеді. Бірақ мұнда айтушының көркем 
даралығы жоқ, себебі ол баяндау үстінде көркемдеуді мақсат тұтпайды. 
Айтушы үшін оқиғаны өте нанымды етіп баяндау – басты міндет. Яғни 
тыңдаушыларды айтқанына сендіру және сол арқылы өз ойы мен түсінік-
пайымын заңданырып бекіту – айтушы үшін аса маңызды. Ол әңгімесіне 
көркемделген қиял-ғажайып элементтер енгізе алмайды. Ондағы қиял-
ғажайып элементтер (айталық, жез тырнақты сұлу әйел, жалғыз көзді дәу т.т.) 
елдің бәрі сенетін нәрселер. Сондықтан тыңдаушылар оларды өтірік деп 
есептемейді. 
Бір ғажабы – халық прозасының ертегіге жатпайтын шығармалары 
баяндалып отырған оқиғаны неғұрлым шындыққа жақын, өмірде болған етіп 
көрсетуге тырысатындығы. Бұл ретте жоғарыда атап кеткен меморат пен 
хикая жанрларынан басқа аңыз бен шежірені атауға болады. Олар көркем сөз 
бола тұрса да ел үшін ең алдымен тарихи және құқықтық қызмет атқарған. 
Шешендік сөз бен шежіренің эстетикалық қызметінен идеологиялық қызметі 


65 
басым болғандықтан ол жанрларда айтарлықтай қиял-ғажайыпты қоспа 
болған жоқ. Сол себепті бұл жанрлардың шығармалары, айтушының оқиғаға 
тікелей қатысуын керек қылмаса да, өмірде шын болған жағдайды баяндайды 
деп есептелінген. Ондағы оқиғалар ешбір күдік туғызбаған, тыңдаушы оған 
күмәнданбаған. 
Рас, бұл шығармалардың айтылу мәнері меморат пен хикаядан өзгеше. 
Мұнда, фольклордың көркем жанрлары сияқты, айтушы оқиғаны сырт 
баяндайды, шығармадағы іс-әрекеттер өзінен-өзі болып жатқан секілді 
қылып көрсетеді. Мұндай баяндауды презентативті, яғни нұсқай, көрсете 
баяндау дейді. 
Баяндаудың бұл түрі көркем фольклорға, атап айтқанда ертегіге, 
эпостың барлық түріне тән. Мұндағы сюжет эпикалық болып келеді. Оған 
экстенсивтік сипат тән. Басқаша айтқанда, бұл сюжет – бірінен кейін бірі 
баяндалып отыратын оқиғалар тізбегі, ал оқиғаларды біріктіретін, 
тудыратын нәрселер – кейіпкерлердің ұзақ сапары, сол саяхат кезінде 
басынан кешетін қиындықтары, әр түрлі жаулармен, мақұлықтармен 
қақтығысы т.т. Демек, сюжетті жыршы мен тыңдаушының қалауынша
созуға да, қысқартуға да болады. Кейіпкерлердің батыр мен жаудың 
арасындағы әрбір қақтығысы жаңа эпизод туғызады, келесі оқиғаның 
бастамасы (завязка) немесе түсіндірмесі (мотивировка) болады. Сюжеттің 
дамуы шығарманың ішкі қайшылығынан шықпайды, керісінше, ол 
жалғамалы сипатта болады, сондықтан оны кез келген жерде үзуге болады, 
немесе тағы соза беруге болады. Бұл әсіресе, ғұмырнамалық және шежірелік 
тұтастануға түскен, одан өткен шығармаларда өте айқын көрінеді. Мысалы, 
батырлар жырында эпикалық сюжеттің бұл ерекшелігі барынша анық 
сезіледі. Мұны ғашықтық жырдан да, тарихи жырдан да байқауға болады. 
Ал, проза жанрына келсек, сюжеттің бұл типі ертегіде кездеседі. 
Батырлық пен қиял-ғажайып және новеллалық ертегілерде шығармалар 
көбіне-көп экстенсивтік сюжетке негізделген. 
Көркем фольклор шығармаларының тағы бір орындалу мәнері бар. Ол – 
экспозитивті, яғни түсіндіре баяндау. Бұндай мәнер өте шебер жыршылар 
мен ертекшілер өнерінде кездеседі. Олар жай жырлап, болмаса ертегіні құр 
баяндап қоймайды. Оқиғаға араласпай отыра, олар кейде тікелей, кейде 
жанай, баяндалып отырған оқиғаға деген өз қатынасын, яғни көзқарасын 
білдіріп отырады, текстің арасына түсіндірме енгізіп отырады, я болмаса 
өмір туралы, не өзі туралы толғап кетеді т.т. Сөйтіп қалай болғанда да өзінің 
бүкіл шығармаға, кейіпкерге, бір оқиғаға деген қатынасын сездіріп отырады. 
Жыр 
мен 
ертегінің 
бастамалары 
мен 
аяқтамаларының 
өзі-ақ 
орындаушылардың шығарма туралы ой-пікірін білдіріп тұрады. 
Фольклор өмірді де, кейіпкерді де бір тұрғыдан бейнелейді, бір жағынан 
ғана сипаттайды. Батырлар жыры болса, онда тек жекпе-жек қақтығыс пен 
соғыс туралы айтылады, ал ғашықтар жырында екі жастың адал махаббаты 
мадақталады. Батырлар жырында бас кейіпкер тек жауынгер тұлғасында 
бейнеленеді де, ғашықтық жырда кейіпкерлер махаббат құрбаны болып 
көрсетілген. Мұнда (бір шығарма ішінде) болмыстың әр жағы суреттелмейді, 


66 
тіршіліктің қыр-сыры, қайшылықтары ашылмайды, ал кейіпкерлер не 
бірыңғай батыр, не бірыңғай ғашық болып келеді. Оларда күмәндану, 
толғаныс, психологиялық терең қиналыс болмайды. Міне, фольклорды 
әдебиеттен тағы бір ерекшелендіріп тұратын белгі осы. Бірақ, бұл ерекшелік 
фольклор жанрларын іштей жіктеп, саралауда айтарлықтай рөл атқармайды. 
Қандай шығарма болса да өмірді белгілі бір әдіспен бейнелейді. Бұл 
әдістің басты белгісі – көркемдік, кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы 
көрінетін 
шығарманың 
шындыққа 
қатынасы. 
Яғни 
фольклорлық 
шығарманың өзі баяндалып отырған оқиғаларды шын болған деп бере ме, 
жоқ па және айтушы мен тыңдаушылар оған илана ма, иланбай ма – міне, 
жанрды анықтаудың басты шарттарының бірі осы. Жанрды анықтап, 
зерттеудегі біздің мақсатымыз фольклорлық шығарманың табиғатына ену, 
сөйтіп оның көркем шығарма ретінде ұстанып отырған принципі мен 
шарттылығын анықтау. 
Фольклорлық жанрлар неғұрлым шындыққа жақын болса, яғни оқиғаны 
өмірде болған деп бейнелеуге барынша тырысса, солғұрлым олар сюжеттік 
және көркемдік жағынан ұтылады: шығарманың сюжеттік арқауы бос 
болады, композициялық құрылысы ширамайды, көркемдік тұтастығы 
жетілмейді. Бұл танымдық функциясы басым жанрларда кездесетін 
құбылыс. 
Тегінде, фольклордың өмірді бейнелеу принципі объективті емес, көп 
жағдайда субъективті және нормативті болады. Бірақ бір жанрда бұл екі 
принциптің біреуі ғана басты болады. Мысалы, эпоста субъективті принцип 
негізгі болып саналады. Алайда, мұнда субъективтілік объективті формада 
көрінеді. Мысалы, қаһармандық эпоста батырдың ерлік қимылы мен іс-
әрекеті мадақтала жырланады, яғни жыршы ерлікті объективті түрде 
бейнелеген болып көрінеді, ал шындығында ол өз сезімін білдіре, өзінің ой 
елегінен өткізе бейнелейді және өзіне ұнаған іс-әрекетті мадақтай, дәріптей 
жырлайды. Сонымен қатар, эпоста нормативтік принцип те көрінеді: 
суреттелетін нақтылы батыр емес. Батыр қандай болу керектігі тұрғысынан 
бейнеленеді. Батырдың бойына адамның ең асыл қасиеттері таңылады, 
эпикалық батыр – жиынтық образ, батырдың нормасы, символы. Ал, халық 
прозасында, дәлірек айтсақ – ертегіде субъективтік те, нормативтік те 
принцип байқалады. 
Жыршы болмысты, батырдың өмірін суреттегенде, оны белгілі бір 
қалыпқа салады, сөйтіп кейіпкер бейнесін идеалды типтік сипатқа түсіреді, 
оның ешбір даралық қасиетін ашпайды, батырды бейнеленіп отырған 
қоғамның түсінігіне, тыңдаушы түсінігіне сәйкес дәріптеп, мадақтайды. 
Сол дәуірдің эстетикалық нормасына сәйкес көркемдеу құралдары мен 
тәсілдері де жасалып, орнығады. Айтушы мен тыңдаушылар баяндалып 
отырған оқиғалар мен батырлардың іс-әрекетін ашық және тура 
бағалайтындығына сай көркемдеп-бейнелеу құралдары пайда болады. 
Сөйтіп батырды да, сұлу қызды да бейнелейтін «универсалды» эпитеттер, 
теңеулер, формулалық сипаттаулар пайда болады. Егер кейіпкер батыр болса, 


67 
ол «арыстандай айбатты», «жолбарыстай қайратты» болады, «сағат сайын 
өседі», «алты күнде жүреді», «алты жылда алып батыр болады», т.т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет