Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет58/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

шыдай алмай бір түнда еліне қашып кетеді...» [17]. 
5. «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, байлар киіп қырмызы
жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында, әлемді таң 
еткен Келтен деген бір сараң бай болыпты» [18]. 
6. «Ерте, ерте, ертеде Құбахан деген хан екен. Малының саны жоқ 
екен. Хандығының көлемі жеті айшылық жол екен. Құбахан жалғыз ұл
көреді, ұлының атын Тотан қояды» [19].
Келтірілген мысалдар жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдеп тұр: 
бақташылықпен күнелткен көшпелі түркі халықтарының ертегісінде 
өлеңдетіп, тақпақтатып айтылатын арнайы кіріспе жоқ. Оның есесіне 
кеңейтілген бастама бар. Онда ертегі оқиғасын баяғыда өткен деп, шындық 
өмірден бөліп алумен бірге кейіпкер туралы бірден мәлімет беріледі, оның 
мекен-тұрағы, хал-жағдайы әңгімеленеді. Ал, орыс, түрік, әзірбайжан, өзбек 
халықтарының ертегісінде арнайы түрде айтылатын кіріспеден кейін 
кейіпкердің қайда тұратыны, кім екені хабарланады, яғни кіріспе (присказка, 
текерлеме) мен бастама (зачин) қатар берілгенімен қосылып кетпейді. 
Кіріспенің мақсаты – ертектің өтірік екенін айту және тыңдаушыны сондай 
көңіл-күйге түсіру. Сондықтан да ол ойнақы, мазмұны күлкілі, тақпақ 
формасында болады. 
Енді мынадай бір заңды сұрақ туады. Не себепті тегі бір түркі 
халықтарының ертегісі екі түрлі басталады? Бұған, біздің ойымызша, 
бірнеше себеп бар. Ең бастысы – ертегісін талдап отырған түркі 
халықтарының өткен тарихи-қоғамдық, мәдени-көркем жолдарының әр басқа 
болуы. Әзірбайжан, өзбек, түрік, татар халықтары баяғыдан бері 
отырықшылықта өмір сүріп келеді. ХХ ғасырға дейін олар феодализм 
қоғамында болды, ерте кезден-ақ орталықты мемлекет құрды, қала салып, 
сауда-саттық дамытты. Көрші елдермен, әсіресе, Шығыс халықтарымен
тығыз байланыста болды, олардың әдебиеті мен мәдениетінен сусындап
өздерінің көркем өнерін өсірді. Араб, парсы тілдеріндегі классикалық 
поэзияны жете меңгерді. Міне, осының бәрі фольклорға, оның ішінде 
ертегіге де әсерін тигізді. Сондықтан да әзірбайжан, өзбек, татар, түрік 
ертектерінде шығыс әдебиеті мен фольклорының поэтикасы молырақ 
сезіледі, тілі өте құлпырмалы болады, сюжеттері – көп оқиғалы, хикаялы 
болып келеді. Оның үстіне бұл халықтарда, әсіресе, әзірбайжан мен 
түріктерде ертегі айтып тамағын асыраған кәсіпқой ертекшілер де болғанға 
ұқсайды. Оған олардың ертегісінде кездесетін соңғы формулалар дәлел.
Онда ертекші «көктен үш алма түсті, бірі – маған, бірі – ертек айтқанға, 


109 
үшіншісі де – маған», – деп ертегі айтақаны үшін үш алманы бірдей өзіне 
бұйырады, яғн ақы сұраған түрі: «Jедиләр, ичдиләр, мәтләбләринә 
jетишдиләр. Көjдән үч алма дүшдү, бири мәним, бири нағыл деjәнин, бири дә 
өзумун. Сән сағ, мән саламат. Сән jүз jаша, мән ики әлли, һансы чохду, ону 
сән көтур» [20]. 
Ал, түрікпен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, башқұрт сияқты бақташы-
көшпелі түркілер ХХ ғасырдың басына дейін феодалдық қоғамда өмір 
сүргенімен, оларда рулық қауымның қалдықтары көп болды. Әрине, бұл 
жалпы мәдениетке де, фольклорда да көрініс тапты. 
Бұл халықтар да Шығыс және Россия елдерімен араласты, олардың 
мәдениетімен байланыс жасады. Алайда, тарихи-қоғамдық дамуының 
ерекшелігіне байланысты олардың фольклорлық дәстүрінде шығыс әдебиеті 
мен фольклорының әсерінен гөрі өзіндік белгілер басым болды. Басқа 
сөзбен айтқанда, патриархалды-феодалдық қоғамда өмір сүрген бақташы-
көшпелі түркілердің ертегі поэтикасында көнелік сипат (синкретизм) пен 
эпосқа еліктеушілік бар және кәсіпқой ертекші стилінің жоқтығы байқалады. 
Бақташылық тұрмыста кәсіпқой ертекші болмайды, себебі ауылдан 
алыста, далада күндіз мал бағып, түнде күзетіп жүрген кез келген адам 
ертекші болған. Ол ертегіні тамақ үшін емес, уақытты өткізу үшін айтқан 
[21]. Сондықтан ертекті айтушы мен тыңдаушыға оның тілінен гөрі 
мазмұнының, оқиғасының қызықты болғаны керек (Ал, кәсіпқой ертекші 
мазмұнмен қатар айтылу мәнеріне, көркемдікке көңіл бөлген, өйткені ертегі 
оны асырайды). Сол себепті де бақташы-көшпелі түркілер ертегісінде ертегі 
мазмұнына еш қатысы жоқ жәйт көп айтылмайды, демек, арнайы түрде 
ұйқаспен баяндалатын кіріспе (присказка, текерлеме) қалыптаспаған және 
ертегі соңында әңгіме айтқаны үшін сыйлық сұрайтын аяқтама да пайда 
болмаған. Мысалы, үш томдық «Қазақ ертегілеріне» енген 372 мәтіннің 
бірде-біреуінде ондай нышан жоқ.  
Бақташы-көшпелі түркілерде кәсіпқой ертекшінің болмауына тағы бір 
себеп – бұл елдерде ақындық (шайырлық, жыраулық, бахшылық, шешендік, 
манасшылық, жыршылық) өнердің өте жоғары дамуы. Ақын-шайырлар 
профессионал болғандықтан поэзияны барынша дамытқан, сондықтан бұл
елдерде поэзия – көркем сөз өнерінің биік шыңы деп бағаланған. Ал, ақындар 
мен шайырлар ертегі айтпаған, сол себепті ертегіде ұйқасты кіріспе мен 
аяқтама тұрақты белгі ретінде қалыптаспаған. Реті келгенде айта кетейік: 
жоғарыда айтқан қазақша 372 текстің екеуінде ғана өрнектелген кіріспе бар 
[22], бірақ оның біреуі ертегі мазмұнына тікелей қатысты. Алайда, бұл екі 
ертегі кеш жазылып алынған және айтушыдан тікелей (қалай айтса, солай)
жазылып алынған ба, жоқ па, – ол жағы белгісіз. Жалпы, бақташы-көшпелі 
халықтар ертегісінің өте кеш жазылып алынғандығынан оның поэтикасында
нұқсан болуы даусыз. 
Осыған орай мына мәселені арнайы айтуымыз керек. Фольклор 
шығармаларын жинау барысында біз әлі күнге дейін ертекшіге көңіл бөлмей 
келеміз. Шындығын айтсақ, ертегі поэтикасын зерттеу үшін ертекшілердің 
айту мәнерін, талантын, стилін, басқаша айтқанда оның ертегіні жадында 


110 
ғана сақтамай, елге қалай жеткізетінін анықтау қажет. Мұндай шаруаны 
Еуропа фольклористері ХХ ғасырда-ақ қолға алған болатын. Қазіргі таңда 
олар бір ертекшіден араға уақыт салып бірнеше ертегіні дүркін-дүркін қайта 
жазып алып, текст қаншалықты өзгеріске ұшырайтынын, бір ертекшіден әр 
кезде жазылып алынған ертегінің сюжетінде, мазмұнында, құрылысы мен 
стилінде қандай айырмашылық болатынын анықтап, ертегі жанрының 
трансформациялық процесін, ертегілік дәстүрдің өмірін, тіпті бүкіл 
фольклордағы коллективтік пен даралық мәселесін зерттеуде. Сондай 
зерттеудің бірі – В.М.Гацактың «Ертекші және оның тексі» деген мақаласы. 
Бір ертекшіден әр кезде жазылып алынған бір ертегінің әртүрлі нұсқасын 
салыстыра зерттеп, ол мынадай қорытындыға келеді: 
«Ертегі жеке бір нақтылы шығарма ретінде орындалады. Ертекшінің 
ойында сақтап айтатыны – жалпы ертегі емес. Оның баяндайтыны – белгілі 
бір қаһарманның іс-әрекеті, қимылы, өмірі. Сол ертегіні қайта айтқанның 
өзінде де ертекші сол қаһарманды өзгертпейді. Сондай-ақ ертекші ертегі 
сюжетіне де ешбір сапалық өзгеріс енгізбейді» [23].  
Қызық тұжырым. Ал, енді осы қорытынды қазақ ертегілеріне, 
ертекшілеріне сәйкес келе ме? Міне, қазақ фольклорының поэтикасын 
зерттейтін мамандардың болашақта атқаратын ісінің бірі осы болмақ.
Әрине, мұнда тек сандық жағы ғана ескеріліп қоймауы керек. Ертекші 
аудиторияның ерекшелігіне байланысты бір ертекті әртүрлі айтуы да мүмкін. 
Демек, ертегі қандай ортада және қандай мақсатта айтылатыны да ескерілуі 
қажет. Сонымен бірге бір ертекшімен ғана шектелмеу керек. Айталық, бір 
ертегіні 2-3 ертекшіден бірнеше рет жазып алып, бір жағынан, әр ертекшінің 
әр кезде жазылған өз нұсқаларын, екінші жағынан бір ертегінің әр ертекші 
айтқан нұсқаларын салыстырып зерттеуге де болар еді. Сөз жоқ, бұл әдіс 
ертегі поэтикасының, ертекші қабілетінің ішкі сырларын ашуға көп жәрдем 
берер еді. 
Талдап отырған ертегі композициясына қайта оралайық. Сонымен, біз 
бірнеше түркі халықтары ертегісінің құрылымына тән ортақ және алшақ 
белгілер бар екенін анықтадық. Ортақ белгі – ертегідегі оқиғаның өмірде 
болмайтынын көркем түрде ескертетін бастаманың болуы. Бірақ осы көркем 
ескертпе екі түрлі болады: бірі – ертегі мазмұнына еш қатысы жоқ 
өрнектелген кіріспе де, екіншісі – біршама көркемделген, бірақ ертегідегі 
оқиғаға тікелей қатысты болып келетін бастама. Міне – бұл отырықшы 
түркілер мен бақташы-көшпелі түркілер ертегісінің композициясындағы 
өзгешелік. 
Олардың ертегі композициясындағы тағы бір айырмашылық – сюжеттің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет