1. Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. Мәңгілік Ел – біз үшін ортақ тағдыр.Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.Мәңгілік Ел - барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары:
•Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана
•Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
•Зайырлы қоғам және жоғары руханият
•Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу
•Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
•Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
•Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге
жаһандық тұрғыдан қатысуы
2. XVІІІ ғасыр жыраулары қат-қабат қайшылығы мол,аумалы-төкпелі дәуірде өмір кешті,олардың жырлап өткен жырлары да тарихшылар тарапынан зертелінбеген тың тақырыптардың бірі болып табылады, тіптьі әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдардың өзі бұл тақырыпқа көп көңіл бөлмеген. Мұны тарихтағы тұлғаларды таптық,партиялық және саяси көсқарас шеңберінде зерттеген Кеңес дәуіріндегі ғылымды, ислам дінін мақтаған,отырықшы езгіге қарсы жыр жырлаған жырауларымыздың еңбектерін зертеудің қиын болғандығмен түсіндіруге болады. Бірақ,идеологиялық қатаң қысымшылыққа қарамастан XVІІІ ғасырда өмір сүрген жырауларымыз зеттеушісіз қалмады. Жұмат Тілепов, М.Әуезов, Х.Сүйіншіәлиев, Р.Бердібаев т.б. ғалымдарымыздың еңбектерінде жарияланды. Х.Сүйіншіәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері», «Қазақ әдебиеті, XVІІІ-ХІХ ғасырда» зертеулерінде қазақ-жоңғар соғысына қатысып,өздері куә болған жоңғарлардың басқыншылық саясатын өз жырларында жырлап өткен жыршыларға қысқаша тоқталып өткен. Сондай-ақ кейбір шығармалары «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «VІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Әдеби мұра» жинақтарында басылды. XVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгендеел басына «ел болу,не табанға түсіп құл болу» күн туды.Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда кеөініс тапқан. Олрда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды.Әсіресе, бұл екі шайқастың қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жәй жапсарына қатысты.Қазақ-жоңғар қатынастарының ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің, Ә.Бөкейхановтың күш-жігер салу арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723-26 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси және экономикалық ауыр жағдайы,басқа да мәселелер ХХ ғасырдың 70-80жылдарындағы тарихнамада: И.Я.Златкиннің В.А. Моисеевтің т.б. монографияларында ғана ғылыми тұрғыда көрсетілді.
3. Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық қарым-қатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген және әр рудың басында ағамандар тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Сонымен бірге, ғұндар әскери тұтқындардан тұратын құлдар ұстаған.