3.Арыстан-баб кесенесі Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. –Арыстан баб 7-8 ғ. өмір сүрген. Кесене құлап қалған соң, Әмір Темір 14ғ. қайта салғызды.Екі бөлмеден тұрады, төбесі күмбезбен көтерілген. 19 ғасырда бірнеше рет жөндеуден өтті
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі Әмір Темір 1397 ж. бұйрық берген. Түркістан қаласының дәл ортасында салынған
Кесене аумағы 46,5x65,5м. биіктігі 37,5м. қасбеті шығысқа қарап, екі биік күмбезді. Орталық бөлме арқылы кесененің ішіндегі үлкенді-кішілі 35 бөлмеден тұрады. Ең негізгісі – кітапхана. 1399ж. залдың ортасында үлкен тайқазан орнатылған. Оңтүстік жағында үлкен ақсарай, кіші ақсарай бар. Олардың ішінде атақты адамдар жерленген. Басты бөлме – көрхана Ахмет Йасаудің мүрдесі қойылған.
Көккесене Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында, Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 км жерде орналасқанБір күмбезді кесене. Қасбетінде кіре беріс аркасы сүйірленіп, өте сәнді жасалған. Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілдіқыштан, кілем өрнегң үлгісіне ұқсатып қаланған. Қазіргі кезде жұрнағы ғана қалған
Достарыңызбен бөлісу: |