Қазақ халқы мәдениеті тарихи



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата10.12.2023
өлшемі4,81 Mb.
#135572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
КИІМНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Іштік киімдер: 
бешпент, биялай, 
қамзол, жейде 
(көйлек) шалбар
Ерлердің бас 
киімдері: бөрік, 
жекей тымақ, 
құлақшын,тақия
Әйелдердің 
бас киімдері:
бөрік, кимешек, 
орамал, тақия
Сыртқы
киімдер:
шапан, тон,
ішік
Аяқ киімдер:
кебіс, мәсі,
байпақ, етік



Ішік
– аң терісінен немесе мал 
терісінен матамен қапталып 
тігілетін қыстық сырт киім. 
Ішік тон сияқты ұзын тігіліп, 
сәнді мол жаға салынады. 
Тігілген терісіне байланысты
ішіктің әртүрлі атауы 
болады: бұлғын ішік, 
құндыз ішік, қасқыр 
ішік, түлкі ішік.


Шапан
– қазақ үшін өте сыйлы 
киім. Оны қалың матадан қазақтың 
ою-өрнегін салып, астарлап сырып 
тігеді. Қазақтар оны «жағалы киім» 
ретінде бағалайды. Адамға «шапан 
кигізу», «иығына шапан жабу» –
үлкен құрмет. Бұрындары хандар 
батыр, би, жақсы – жайсаңдарына 
дәреже бергенде соның белгісі 
ретінде арнайы тіктірткен шапанды 
олардың иығына жапқан, түрлі 
мемлекеттік қатынастарды бекіту 
белгісі ретінде де шапан жіберетін 
болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан 
жабу дәстүрі қазірде бар.


Шапан
Сырмалы 
шапан
Қаптал 
шапан
Қималы 
шапан


Гиннесске кірген қазақ 
батырының тоны 
Тарихи деректерге қарағанда, Қуандық батыр 
Алтай өңірінде 1727-1816 жылдар аралығында 
өмір сүрген. 1745-1746 жылдары моңғол батырын 
жекпе-жекте өлтіріп, басын кесіп алған. Аумалы-
төкпелі нәубет заманда батырдың елін-жерін қорғау 
жолында көрсеткен ерлігіне дән риза болған 12 Абақ 
керей елі оның иығына осы оқалы тонды жауыпты. 
Қасиетті мұраны қазақтың қолынан өнер тамған 13 шебер 
әйел 90 күн ішінде тігіп шыққан екен. Оқалы тон бұғы 
маралының иленіп, өңделген 68 парша бөлек терісінен 
ойыстырысып тігіліпті. Оны қарағайдың қанық бояулы 
кері қызыл қабығымен бояп, екі өңірінің алдына құндыздан 
жорын ұсталыпты. Бұл 300 жылдық тарихы бар қазақтың асыл 
тоны Қытайдың мемлекеттік 1-дәрежелі мәдени мұрасы ретінде 
Шынжаңның Буыршын аудандық мұражайында сақталулы тұрған, 
қазір Гиннесс рекордтар кітабына енген.


Ішкі киімдер:
Камзол - жеңсіз жеңіл киім
Кеудеше - жас түйенің жүнінен иіріп, не болмаса 
түбіттен тоқылған жағасыз киім.
Биялай
– қолға киетін киім. Иленген қой терісінен 
жасалады
Белдемше - той-думандарда көйлек үстінен киетін сәнді 
киім. Көбінесе жаңа түскен 
келіндерге
арнап тігіледі.


XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі 
қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу 
жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер 
адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. 
БАС КИІМДЕР 
1.
Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп 
матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан 
киетін кішігірім баскиім –


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет