Қазақ халқы мәдениеті тарихи


тақия .  2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен  көмкерілген баскиім – төбетей



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата10.12.2023
өлшемі4,81 Mb.
#135572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Презентация Кудайбергенов С.

тақия

2.
Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен 
көмкерілген баскиім –
төбетей

3.
Киізден тігілген баскиім –
қалпақ

4.
Қалың матадан тігілген башлық (
күләпара
). 
5.
Тері қапталған жылы баскиім –
бөрік

6.
Аң терісінен жасалып, суықта киетін 
баскиім –
тымақ



Кимешек
— қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. 
Әдетте кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен 
молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі 
мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап 
әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-
жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық 
ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың 
ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен 
көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты 
сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір 
ерекшеліктеріне байланысты
Сәукеле
әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең 
әшекейлісі де күрделісі. Сәукелені 
ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп 
жүріп сыңсу айтатын нөкерлер киген. 
Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да 
сәукелесімен барған. Келіншек оны той 
өткенше киіп отырып, той өткен соң 
сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті
желек киетін. 



Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден 
тігетін аяқ киім. Қыста киетін байпақтың киізі қалың, ал 
жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ тігудің 
екі тәсілі бар. Оның бірі табанын бөлек салып ұлт арып 
тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтық тігісі 
аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді. Тігуге түйе немесе 
қой жүнінен иірілген шуда жіпті пайдаланады. Жүннен 
тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте 
кезде оны шұлғау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін 
де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің, қысқа қонышты 
етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпақ түйе жүнінен, қой 
жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар 
әрі жылы, әрі жеңіл әрі жұмсақ болады.
Аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан 
тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киіледі. 
Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Ал ұлт айы 
жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп 
немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтарылады.
БАЙПАҚ
МӘСІ


ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ 
АСПАПТАРЫ


Домбыра
— ертеден келе жатқан қазақ халқының 
ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге 
бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында 
қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін 
тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр 
кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы 
аспап. 
Домбыра
— жазу-сызу мен қазақтың қаламы 
мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. 
Домбыра-ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра 
қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет