Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Бұқар жыраудың дидактикалық мазмұндағы толғаулары



бет38/56
Дата06.01.2022
өлшемі266,21 Kb.
#12658
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
38. Бұқар жыраудың дидактикалық мазмұндағы толғаулары
«Қазақ әдебиетінің тарихы 3 том»
Бұқар жырларының дидактикалық мазмұнының сипатына келсек, бұлар да өзіне дейінгі нұсқалар секілді өмірді пәлсапалық тұрғы да тану, бағалау арқылы соны адам санасына сіңіріп, тәрбиелеу мақсатына құрылады. Жырау осыған орай кейде дайын үлгіні өзгертпей алуға да, не соңын сөз орамы мен ұйқас үшін аз-кем түрлентіп қолдануға да, тіпті тыңнан жол салып өзінше кестелеуге де бейім. Айталық,өзіне дейінгі жыраулық толғауларда қалыпты мақал-мәтел орнына жүретін жолдар. Бұқар жырауда кейде бір-бірімен іштей жалғасып дамытыла жырланса, енді бірде толыса жаңғырып, сапалық, көркемдік мазмұнмен түрленіп те отырады. Тағы бір нұсқаларда кейінгі жол алғашқы тармақтардың анықтамасы түрінде де келеді:
Ежелгі дос жау болмас,
Шірнеуіште хаты бар.
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Көңілінде кір-даты бар.
Ежелгі дос жау болмас,
Айтысқан оның серті бар.
Бұқар жырау сол тұстағы әр алуан өмір көріністері мен адамдар арасындағы қарым-қатынас жайларын да өз назарынан тыс қалдырмаған. Жырау мұнда жалпы өмірді үнемі жаңғырып жаңару, түрлене құлпырып, өзгеру барысында ашып бағалауға мән береді. Соған орай жыраудың «құрсағы құшақ байлар» мен «қу таяқты кедейдің» тағдыры туралы түйген ойлары да көңіл аударуға тұрарлықтай. Жыраудың толғауларындағы мысал ретінде айта кетсек, «Жал құйрығы қаба деп» деген толғауының өзі үлгі аларлық дидактикалық сарынға құралған деп айтсақ қателеспейміз.
« Жал құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз.
Қалың малы арзан деп,
Жаманнан қатын алмаңыз.», деп басталатын осы жолының өзі келер ұрпақты әр түрлі өмірдің қиын белестерінен қиындықсыз өтуіне үндейді.

Бұқар жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

“Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет