Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Доспамбеттің толғауларының тақырыбы



бет8/56
Дата06.01.2022
өлшемі266,21 Kb.
#12658
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары

8.Доспамбеттің толғауларының тақырыбы

Қазақ хандығының құрылу кезеңінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған – Доспамбет жырау. Жырау толғаулардың басты идеясы – ерлікті, батырлықты дәріптеу. Елді – жерді қорғау міндетті, майданда шаһид кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере,сере қар»), Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы «Тоғай, тоғай, тоғай су» өлеңінен байқалады.

Доспамбет – тарихитұлға. НоғайлыныңатақтыбиіМамайдыңзаманында, яғниXVIғасырдың орта тұсында Азов теңізітүбіндеөзалдынажеке ел болған


Азаулыноғайлылардыңбасшысы, ел қорғаны, қолбастаған батыр немесе
АзаулыныңАймадет ер Доспамбетағасы. ЖырауөзесімінеАймадетдегенсөзді
қосыпайтады. БұлжөніндеқарақалпақғалымыК.МәмбетовАймадет пен
Доспамбеттіекі батыр депқарастырады, ноғайәдебиетіндеДоспамбетАзаулы
дегенсөзтіркесіменғанашектеледі. Аймадет пен Доспамбеттіңбірадам
екендігітуралыМ.Мағауин:

Бұлоныңруының не тайпасыныңатыболсакерек ... Ноғайтайпаларыкейде


өздерініңбилерініңнемесеөздерініңмекенеткенжерлердіңатымен де атала
бередіекен. Әрине , ондайтайпалардыңбіразуақытөткенсоңесімін
өзгертуге тура келеді. «Аймадет» те сондайатаулардыңбіріболуытиіс»
деп, дәлелдіпікірайтады. Қазақта да руатыменқосақтапайтылатынАлбан
Асан, ӘбубәкірКердері, т.б. ақындарбіршама. Сондықтан да Аймадет
Доспамбеттіңбіркісіекеніндеешкүмәнжоқ. Қазақәдебиетіндеөзіндікорны
бар ноғайлыныңбелгіліжырауы. Оныңбіртолғауыжәнебірнешеқысқажыры
бізгемәлім.

Ақын өлеңдерінде ерлікті дәріптеу – негізгі орын алатын басты идея. Сүйте


тұрса да, ол бейбіт өмірді, жайлы жазды жек көрмеген. Ол бірде :

Толғамалы ақ балта


Толғап ұстар күн қайда ? – десе де, енді бірде:
Кет – Бұға дат билерден
Кеңес сұрар күн қайда?
Еділдің бойын ел жайлап,
Шалғынына бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Боз баламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!-дейді.

Доспамбет – Қазтуған сияқты қолбасы атанған жырау. Ол жорықта жүріп, жау


оғынан жараланып қаза тапқан. Халық эпосы үлгісіндегі жырау толғаулары
бұған толық куә :

Арғымаққа ок тиді ,


Қыл мықынның түбінен
Аймадетке оқ тиді ,
Отыз екі омыртқаның буынынан.
Зырлап аққан қара қан
Тиылмайды жонның уақ тамырынан.
Сақ етер тиді саныма
Сақсырым толды қаныма.

Жыраудыңбүгінгежеткенмұрасы аз ғана – бар-жоғы 160 жолдыңкөлемінде.


Осы жырүзінділерініңөзінеқарапоныңшығармаларыныңтікелейжорықүстінде
туғанынакөзімізжетеді. Себебі, оныңқазірқолда бар шағынтолғауларында
жырауөміріменқоштасаралдындаадамкейпіндеөткендәуренініңмән-мағынасы
туралытереңтебіреніп ой қозғайды.

Жаралы жауынгер – жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен


өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштің ақтарылып шыққан зарлы
мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр – аманаты елес береді. Солай
болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық – ақынның туған жеріне, еліне
деген ыстық махаббаты, ынта – сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін
жаудан қорғау – жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол
жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады.

Жырау жырларында айшықты көркем теңеулер, сырлы суреттер, өрнекті ойлар,образды символдар көп кездеседі .

Мысалы :

Туған айдай нұрланып,


Дулыға кидім, өкінбен, -

деген жолдарда жай ғана салыстыру, құбылыс мәнін ашу мақсат етілмеген. Бұл


үзіндіде, керісінше нақтылы зат, құбылысқа айқын ой, бедерлі бояу, маңызды
мазмұн беру байқалады .

Жырау толғауларында батырдың жорық пен майдандағы басты серігі – ат пен


жылқы маңызына ерекше мән берілген. Халқымыздың сол замандағы басты
байлығының бірі, ер қанаты – жылқыны үстірт сөзбен суреттемей, керісінше,
жауынгер жырау мінер арғымақты мінсе – көлік, шапса – тұлпар, ішсе – сусын
ретінде қараған, ел тағдырымен етене құбылыс ретінде таныған.

Арыстандай екі бұлтын алшайтып,


Арғымақ мінген өкінбес..
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес

,-деген жыр жолдары осы ойды айқындай түседі.


Қасиетті өзен Жайық бойы ежелден тұнған тарих болса, жауынгер жырау
жырларында Жайық азаттық жолындағы күрес тарихының ұйтқысындай елес береді.

Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның


жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында
қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезінде қайсар
қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы қайнар бастаулары.

9.Жыраулар поэзиясындағы хандар бейнесі


Мұхтар Әуезов бір сөзінде: «Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы, көптің жайы туралы айтылады» деген екен. Әрі қысқа, әрі нұсқа сөздерінде мол мағына, терең ой салып, адам жанының жайма-шуақ кезеңін, тұнық судың мөлдірін, қыранның қияға самғағанын, еліктің еркелігін, батыр жүректің дүрсілін жеткізген жыраулардың жарқын жырларында әйтеуір біз түбіне жете алмай келе жатқан бір сыр бар. Пәлсәпа дейсіз бе, өсиет өрнегі дейсіз бе толғауларында тоқсан ой түйісіп, сексен сыр сырғып судай ағып жатады.

Хандар мен сұлтандарды кезінде жауларына қайрап салып, керек болса тоқтау салып, ақыл қосып, ашуларын басып алды-артын аңғартқан, елдің бірлігін, бүтіндігін ойлаған, тыныш өмірді тілеген, «найзасының ұшына жау мінгізбеген» хандардың назарын аударған жыраулар елін Шығысыңды былай қой, бүкіл Еуропа поэзиясынан таба алмайсыз. Бұл құбылыс тек қана қазақ халқының маңдайына біткен бақ деп біліңіз. Ғибратты да тағылымды жырларында бейбіт тірлікті, туыстықты, тереңдікті толғаған.



Жыраулар таңдайының астына бұлбұл қондырғандай сайратып, жайнатып, күмбірлетіп, дірілдетіп айтады. Шындыққа шымылдық салмай, бүркемей батыл айтады, суырыпсалып айтады. Хандар дәуірінен көп құжаттар қалмаған, дегенмен жыраулар хандар келбетін көркем сөзбен салып кеткен. Жиембет жырау сөзін қараңызшы:
Енсегей бойлы ер Есім,
Есім, сені есірткен –
Есіл менің кеңесім.
Ес білгеннен Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін, – деп Есім ханды тәубесіне келтіреді, екпінін басады. Сол ХV ғасырда айтылған толғаулы, түйінді сөздер бүгінгі заманның үндерімен, талаптарымен үйлесіп жатқан жоқ па. Өз уақытының асқан данышпаны болған Асан қайғы атамыз (ХV ғ.) болашаққа болжам жасап, қабырғасы сөгілгенше халқын ойлап Жәнібек ханға айтатыны мынау еді ғой: «Ойыл көздің жасы еді… Ойылдан елді көшірдің, Жемді кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің… Еділ деген қиянға, еңкейіп келдің тар жерге» деп күрсініп, күңіреніп тіл қатады. Сөйтіп, ханның бей-берекет мінезін қатты сынға алады.
Ашу-дұшпан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің?
Түбі терең қуысқа, – деп ханды игілікті істерге, қайырымды, мейірімді жаққа шақырады. «Арғымаққа міндім деп, Артқы топтан адаспа! Күнінде өзім болдым деп, Кеңпейілге таласпа! Артық үшін айтысып, Достарыңмен санаспа! Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама! Жеңетін деп біреуі; өтірік сөзбен қыстама!» дейтін Асан қайғының жыр толғауында тобықтай түйін бар. Жыраулар дені от тілді шешен, әрі батыр, әрі көсем, әрі әскер басы, ақылды ақын болған. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулар болат қылыш асынған, арғымақтың талдай мойнын талдыртқан, күңіреніп күн түбіне жортқан нағыз баһадүрлердің ғұмырын кешкендер санатына жатады. «Дулығамның төбесі туған айдай болмаса, Батыршылық сүрмен-ді» батыр жігіт қол бастар деп елінің, жерінің тұтастығын ойлаған. «Бір жақсымен дос болсаң, азбас-тозбас мүлкі етер. Бір жаманмен дос болсаң, Күндердің күні болғанда Бар ғаламға күлкі етер» деген жырау жолдарында өміршең ой, өрнекті жыр, өрісті тілек тоғысқан.
Жиембет жырау (ХVІІғ.) арғымақ үстінде жүріп талай ерлігін елге паш етіп, өр мінезімен хан бетін де қайтарып отырған.
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай мен қайыңдай… – дейді.
Бұл нағыз хас, батыл да өжет жырауларда біткен мінез еді. «Бөгенбай өліміне», «Бөгенбай өлімін Абылайға естірту» толғауларында Үмбетей жырау (1706-1778) қажымас, қайратты батырларды кейінгі ұрпаққа өнеге етіп жырлайды.
ХVІІІ ғасырдың көрнекті өкіл­дерінің бірі Қалқаман батырдың баласы – Бұқар жырау, Абылайдың тұстасы, кеңесшісі еді. Аласапыран заманда ғұмыр кешкен елінің тағдырын еміреніп ойлаған, айтқандары ел аузына тарап кеткен, ақылгөй, данышпан жырау болған. «Керей, қайда барасың?», «Ей, Абылай, Абылай» толғауларында халқының қамын ойлап, аз сөзге көп мағына алдырып, заманының ірі әлеуметтік мәселелерін қозғап, даудың түйінін тарқатып, шешімін өзі айтқан Бұқар жырлары парасат биігінен, ой тереңдігінен көрінген. Абылайды бала жасынан білетін жырау:
Қырық беске келгенде,
Жаман мен жақсы демедің.
Елу жасқа келгенде
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің,– деп Абылайды қолбасшы, көшбасшы ретінде орынды мадақтайды. Жырауға ел тағдыры, ел бірлігі қымбат еді. Сол үшін де Абылайдың кемшіл тұстарын жасырмай бетіне айтады. Халық пен хан арасы алшақтап бара жатса жырау дәнекер дана сөзін айтып, бірлікке, тұтастыққа шақырады. Ханды Бөгенбай, Қабанбаймен салыстыра кетіп, халық батырларын арқа тұтуға шақырады. Абылайдың беделді биік тұстарын да толғауына қосады.
…Үш жүздің басын құрадың,
Жетім менен жесірге.
Ешбір жаман қылмадың,
Әділетпен жүрдіңіз
Әдепті іске кірдіңіз.
Арманың бар ма хан ием?!
Мәртебелі төбеге
Жауыңды алып жайладың.
Жеті күн кірісіп ұрысқан,
Өлімге басың байладың.
Үш жүздің басын біріктіріп бірлікті нығайтқан Абылай ханның ірі қимыл, әрекеттері жырау жырында жарқырап қалып қойған.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай баспасөз беттерінде біршама материалдар жарияланды.
Елбасымыз Ұлытауда берген сұх­батында: «Қазақ хандығы біздің еліміздің түп-тамыры. Бұл тұңғыш мемлекетіміздің болашағын белгілеген үлкен тарихи оқиға. Біздің болашағымызға бағдар ететін ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!» деген еді. Жәнібек пен Керей бабаларымыз қалаған Қазақ хандығының 550 жылдығы – ондаған ғасырлардан бері тамыр тартып, енді мемлекеттік деңгейде өтетін мерекеге айналғалы отыр. Ғалымдар қауымы соншалықты мәртебелі мереке қарсаңында зерттеулерге бас қойған. Қазақ хандарының тағдырлары бір-бі­рі­не ұқсамайды.
Ораз Мұхаммед хан – тарихи тұлға. Орыс патшасының қарамағында қалып қойып, әрине өз еркімен емес, бір аймақта хандық құрған. 1590 жылы Ораз Мұхаммед мұсылман жасақтарына басшы боп, швед соғысына қатысып, ерлігімен көзге түскен. Содан кейін Ораз Мұхаммед және оның серіктері патшаның сеніміне өтеді. Ораз Мұхаммед әкесі Ондан сұлтаннан 13 жасында жетім қалған еді. Кеген ерлігімен Борис Годуновтың көзіне түсіп, патша оны Қасымов қаласына хан етіп тағайындайды. 1660 жылдың 23-мамырында өткен бұл оқиға Қадырғали Жалайырдың «Доуами ат-Таварих» («Жылнамалар жинағы») еңбегінде түгел баяндалыпты (16-22 сәуір 2015ж. «Қазақ әдебиеті» газетін қараңыз). Ақырында «Лжедмитрий атанған жалған патша аңға шыққанда Ораз Мұхаммедті серіктерімен бірге өлтіріп жібереді. Отыз сегізге жаңа шыққан қазақ сұлтаны Ораз Мұхаммед денесі Қасымов қаласында жатқан көрінеді».
Қазақ хандарының ­арасын­да би­лікке таласып, таққа ұм­тыл­ған­дардың тағдыр тәлкісіне ұшырағандары да болыпты. Солардың бірі – әйгілі Қасым ханның баласы Жәлім сұлтанның үшінші ұлы Тұрсын Мұхаммед хан екен. Бүкіл қазақты бір өзі билеуді ойласа керек. Тұрсын хан Есім ханмен соғысып, қазақтарды қырып салады. Соңында Тұрсын хан Есімнен қашып Ташкент түбіндегі Абай жеріне барғанда өзінің нөкерлерінің қолынан қаза табады. Дәл сол уақиға болар алдында түнделетіп жеткен Төлеген жыршы ханды ұйқысынан оятып былай депті:
Ей қатаған, хан Тұрсын,
Хан емессің қатынсың,
Қаза келсе қапылсың,
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалдың жеткен батырсың
Көнбесең де көнерсің.
Иманыңды айт, өлерсің
Еңсегей бойлы ер Есім,
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды,
Кешікпей содан татарсың, – деп ескерту жасап хабар берсе де, нөкерлері ханды о дүниеге бұрынырақ жөнелтсе керек. Осылайша жікшілдік әрекетке кіріскен Тұрсын ханның тағдыры аянышты күйде аяқталған.
Академик Манаш Қозыбаев ХХ ға­сыр­да өмір сүрген Әбдіғапар хан туралы: …Ауыр заманда ту көтерген ерлердің бірі Әбдіғапар даңқ үшін әмір болмады, ел есімін атады, ол көнді, Отан үшін жанын пида етіп, шүберекке байлады. Патша жендеттерінен аман қалған Әмір Әбдіғапар большевиктік экстремизмнің құрбаны болды…» деп жазған еді. Ахмет Байтұрсыновтың осы хан жайында жазғаны бар екен.
Жеті атадан қара аруақ,
Қалып еді артына.
Әділдікпен ел билеп,
Тартып еді салтына, – дейді.
Патша әскерімен талай рет шайқасқа түскен, ақсақалдар шешімімен Торғайға хан сайланған Әбдіғапар халықпен бірлесіп, ақылдасып, билеудің жолын қарастырған сауатты да, білімді хан еді. Файзолла ақын «Әбдіғапар хан» дейтін толғауында:
Хан болған он үш болыс үш Торғайға,
Жігіттің сұлтаны еді-ау Әбдіғапар.
Еске алсаң елжірейді жүрек-бауыр,
Дүниеге сирек келер ондай тәуір,
Сабырлы, ақыл иесі, білімге бай,
Ерекше бір белгісі – мінезі ауыр, – деп толғана, тебірене жырлайды.
Мінекей, қазақтың соңғы ханда­рының бірі саналатын Әбдіғапардың да тағдыры аянышты аяқталады. Десек те, қазақ хандарының тарихы ел аузында, халық аңыздарында, жырау­лар жырында қалып қойды. Әлі де талай әңгіме, дастандар, хикаялардың беті ашылар, кітаптар жазылар деген үміттеміз. Қазақ хандығының 550 жыл қарсаңында айтылатын, жазылатын сөз, орнайтын ескерткіштер алда деп білеміз.

Халықауызəдебиетініңқай жанр үлгілеріболмасын, қайсыбіртүрімолырақ, екіншілері аз мөлшердеболсынқалайболғанда да фольклористика тарапынанзерттелдідеугеболады.Бірақ, біздіңбайқауымызша,осысаланыңбасқа əдебиетсалаларындағыдайөтеаз, кейбіржанрларындағымүлдемзерттеушіназарынаілікпегенқыры – бұлхандарбейнесі. Оныңбасты

себебі– КеңестікОдақкезіндегіа) мемлекеттікдеңгейдежүргізілгентаптықкөзқарастың хан-

дар – халықтықанаушыдеген миф жəне ə) олқағидағақарамайтарихтану мен əдебиеттануғылымдарысаласындағыкейбірбатылыбарыпзерттеужүргізгендердіңкөресінікөргендері, ендібұлмəселегебаруғаойы бар зерттеушілержүрегіншайылтқанқуғын-сүргінжəнеоныңзардаптары.Қазақжеріндемемлекеттіліктің, ел билегенəміршілертуралымəліметтердіңізіөтеертеденболғанытуралымəліметтер, деректерқазақжерінесаяхатжасағанбатыс, шығыстарихшылары,зерттеушіғалымдары, саяхатшылары, миссионерлерітарапынанкөптегенматериалдаржинақталып, олардыңЕуропа мен Азияелдеріғылыми-мəдениорталықтарыныңкітапханаларында, мұражайларындасақталыпқалғаныбұрыннанбелгіліболатын. БірақКеңесОдағыбилігікезіндеондай мол, еліміздіңтарихынжазуғабағажетпесөтеқұндыматериалдардыжинақтауға, зерттеугемүмкіндікберілмеді. Жинақтапайтсақоныңсебебімынағансаяды. Біріншіден, қазақтарихынабайланыстымəліметтерді, тарихидеректердіжинақтапжазақалғанкүндеқазақтарихыныңРесейтарихынанəлдеқайда «көнелігі» байқалыпқалареді. АлбұлОдақнегізінқұраушыорысхалқыныңабыройынаедəуірнұқсанкелтіререді. Екіншіден, орыс-қазаққатынастарынабайланыстымұрағаттартолықашылса, қазақхалқыныңөзеркіменхандығынанайрылды, «Ресейимпериясынаөзеркіменқосылды, өзықтиярыменбоданболды, оныңорасанпрогрессивтікмаңызыболды» [18, 65] дегенмифтердіңбетіашылып, Ресейимпериясыныңотаршылдықсаясатыныңбетпердесітолықсыпырылареді. Ал олкеңесүкіметініңжержүзіндегі АҚШ, Ұлыбританиясияқтыагресшілимпериалистікмемлекеттердіңотаршылдығына, жалпыколониализмгеқарсыжүргізіпотырған«сүттенақ, судан таза» «кіршіксіз» ішкіжəнесыртқысаясатынакөлеңкетүсіререді. Үшіншіден, Қазақхандығысияқтыорысотарлауынанбұрынмемлекеттігі бар қазақжеріндеРесейимпериясының 1822 жəне 1861 жылғыжарлықтарынанкейінкүштепмемлекеттігініңжойылуын, қазақхалқыныңежелгіғасырларданкележатқанхандықбилікжүйесінжойып, ұлттыңұлтболыпқалуыныңтүбірінебалташабуынқазақхалқыныңмүддесін, жарқынболашағынойлауд ан депкөлгірсудіңотаршылардыңөзсөздерікелтірілгенкөпте ген құжаттардаолайеместігініңашылуы, əринеөзеріктеріменбіріккенреспубликалародағыдегенертегігеқайшыкелерісөзсізеді. Ақын-жыраупоэзиясындағы хан билігініңжырлануыныңосынд ай ерекшеліктерінескереотырып, олардыіштейтөрткезеңгебөліпталдаудұрыскөрінеді. Біріншікезектеқазақжеріндегі ХІV-ХV ғасырларжыраупоэзиясындағыхандарбейнесі. Бұлкездетоқырауғаұшыраған Алтын Орда мемлекетініңсоңғы ханы мен ендіғанашаңырақкөтергенҚазақхандығыныңалғашқыхандарыныңжыраупоэзиясындағыбейнесітуралы.Екіншісі – ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының өрлеудəуірінде ғұмыр кешкен жырау толғауларындағы сол дəуірге сайел билеуші əміршілер бейнесі. Үшіншісі – Абылай хан билегенҚазақ хандығының жоңғар басқыншылығын тойтарған, қазақмемлекетінің абыройы көтерілетін заманмен тұстасатын ХVІІІ

ғасырдағыжыраупоэзиясындағыхандарбейнесі. Солкездегібарлықжырауларшығармашылығындағыбастыжырланғантақырып – ел бірлігі, жертұтастығы, ел қорғаужəнеосылардыңбарлығыныңұйтқысыболған, үшжүздіңбасынбіріктіріп, бірорталыққабағынған, көршілерітанығанқазақхандығыныңсоңғы ханы Абылайханныңтұлғалықбейнесіболды. Төртіншісі Қазақ ел билеушілеріішіндегіұлттарихындағыорны мен маңызыжөніненерекше, оқшауланыптұратынтұлға – бұлАбылай хан. Оныңерекшелігі, біріншіден, «Ақтабаншұбырындыдан» кейінқазақхалқыныңеңсесінкөтеріп, ыдырауға, жекехандықтарғабөлініпкетугеайналғанқазақелініңмемлекеттілігінқайтаданқалпынакелтіріп, үшжүзге, бүкілқазақхалқына, хан болғандығы, екіншіден, қалмақшапқыншылығынтоқтатыпқанақоймай, жоңғарəскерінойсырататалқандаудыұйымдастырып, тіптіондайхандықтыжербетіненжойыпжіберугеөзүлесінқосқандығында, үшіншіден, жылдан-жылғабіреуісолтүстіктен, екіншісішығыстанқысымдыкүшейтіп, қазақелінбоданетугетырысқанекіалыпимпериянышебердипломатиялықəдісшараларарқылыдостыққарым-қатынасжасауғаикемдеп, ел тəуелсіздігінсақтапқалуы.

Тəтіқара, Үмбетей, Бұқар, КөтештуындыларындағыАбылайдыңтегі, балалықшағы, үйсінТөлебидіңтүйесінбаққан, Сабалақаталғанкездерітуралытарихиөлеңдерікейіннен хан өмірініңбасқатарихиоқиғаларыменұштасып, талайтарихижырларциклін, жырлартоптамасынтуғызғаныбелгілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет