Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы


Тәуке хан заманындағы қоғамдық-саяси жағдай



бет3/6
Дата13.02.2023
өлшемі2,09 Mb.
#67346
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
аСЫЛЗАТ ЖЕНШЕ

Тәуке хан заманындағы қоғамдық-саяси жағдай.

  • Тәуке хан елдегі тәртіпті әскери күш есебімен ғана емес, неғұрлым ақылмен, тіл табысумен, дипломатиялық шеберлігі және ел басқарудағы біліктілігімен қамтамасыз етті. Елдің бірлігін және оның мемлекеттік шегараларының қауіпсіздігін қорғау мақсатымен Тәуке хан көрші жатқан елдермен тиімді көпвекторлы сыртқы саясат жүргізді. Хан Алатау қырғыздарымен және Арал қарақалпақтарымен әскери одақ құруға қол жеткізді. Қазақ хандығының жеріне жоңғарлардың шабуыл жасауынан төнген қатер тоқтатылды. Қазақ-қырғыз-қарақалпақ бірлескен әскері жау шабуылына тойтарыс беріп отырды.

Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен достық қарым-қатынас орнатуға және ел аумағын сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құру еді. Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген уақыты саналды. Жеке бас бостандығы, құлдықтың жоқтығы, кең-байтақ дала мен жайылымдар, жауынгер рухты адамдарды құрметтеу дәстүрі Ұлы далада ерекше маңызға ие болды. Тәуке хан билік кезеңі қазақ халқының «алтын ғасыры» аталады. Қазақ қоғамының тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында Тәуке хан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіріп, жаңа заң жүйесін жасады. Үш жүздің атақты билерін жинап, Күлтөбенің басында Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталған заңдар жинағын қабылдады. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының барлық өмірлік мәселелерін кеңінен қамтыды.

  • Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен достық қарым-қатынас орнатуға және ел аумағын сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құру еді. Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген уақыты саналды. Жеке бас бостандығы, құлдықтың жоқтығы, кең-байтақ дала мен жайылымдар, жауынгер рухты адамдарды құрметтеу дәстүрі Ұлы далада ерекше маңызға ие болды. Тәуке хан билік кезеңі қазақ халқының «алтын ғасыры» аталады. Қазақ қоғамының тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында Тәуке хан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіріп, жаңа заң жүйесін жасады. Үш жүздің атақты билерін жинап, Күлтөбенің басында Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталған заңдар жинағын қабылдады. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының барлық өмірлік мәселелерін кеңінен қамтыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет