Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы


Абылай ханның қоғамдық-саяси көзқарасы



бет5/6
Дата13.02.2023
өлшемі2,09 Mb.
#67346
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
аСЫЛЗАТ ЖЕНШЕ

Абылай ханның қоғамдық-саяси көзқарасы.

  • ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы билеушілерінің бірі Абылай хан өзін аса көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттерімен көрсете білді. Абылай ханның бүкіл ішкі және сыртқы саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын әрі тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексіз билікке ие болды, оны халық қолдады. Бұл туралы әйгілі ғалым, ағартушы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ».

1771 жылы Абылай қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Ол Ресей империясының мүддесіне мүлдем сәйкес келмейтін Тәуке хан дәуіріндегі біртұтас Қазақ хандығының қалпына келуін мақсат етті. Абылай ұлы Тоғым сұлтан арқылы Ресей патшасына арнайы хат жолдайды: «Менің аталас туыстарым Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандар өмірден өтті. Олардың ізін басқан маған хандық құру құрметі бұйырды», – деп әрі қарай ол Түркістан қаласында хан сайлауының рәсімін өткізіп, қазақтың бас ханы лауазымына заңды түрде бекітілгендігін хабарлайды: «Мені қазақтың үш Алашының ханы етіп, ақ киізге көтерді». Абылай саясатта ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойды. Абылайдың салиқалы және көреген сыртқы саясаты Қазақ хандығының аумағына бөтен елдің қол сұғылмауын қамтамасыз етуге бағытталды. Ол ең алдымен Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Абылай өз иеліктерінде екі алып мемлекеттің ықпалының күшеюіне жол бермей, олармен барынша ымырашылдықта болуға тырысты. Қазақ мемлекетін шығыстағы және солтүстіктегі көршілердің ықпалынан оқшау ұстау қажет еді.

  • 1771 жылы Абылай қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Ол Ресей империясының мүддесіне мүлдем сәйкес келмейтін Тәуке хан дәуіріндегі біртұтас Қазақ хандығының қалпына келуін мақсат етті. Абылай ұлы Тоғым сұлтан арқылы Ресей патшасына арнайы хат жолдайды: «Менің аталас туыстарым Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандар өмірден өтті. Олардың ізін басқан маған хандық құру құрметі бұйырды», – деп әрі қарай ол Түркістан қаласында хан сайлауының рәсімін өткізіп, қазақтың бас ханы лауазымына заңды түрде бекітілгендігін хабарлайды: «Мені қазақтың үш Алашының ханы етіп, ақ киізге көтерді». Абылай саясатта ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойды. Абылайдың салиқалы және көреген сыртқы саясаты Қазақ хандығының аумағына бөтен елдің қол сұғылмауын қамтамасыз етуге бағытталды. Ол ең алдымен Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Абылай өз иеліктерінде екі алып мемлекеттің ықпалының күшеюіне жол бермей, олармен барынша ымырашылдықта болуға тырысты. Қазақ мемлекетін шығыстағы және солтүстіктегі көршілердің ықпалынан оқшау ұстау қажет еді.
  • Абылай хан екі алып империяның арасында билік құрғандықтан Ресеймен байланысқа көп көңіл бөлуді дұрыс көрді. Алайда патшалы Ресейдің отарлау саясатының тереңдей түсуі оны шығыс көршісімен жақындасуға да мәжбүр етті. Қытай Қазақ хандығына қатысты хан билігін жою немесе әлсірету үшін белсенді әрекеттер жасаған жоқ. Тіпті 1767 жылы Қытай өкімет билігі қазақтарға бұрынғы Жоңғар аумағының бір бөлігіне көшіп-қонып жүруіне рұқсат берді. Қазақтар ол жайылымдарды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиісті болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет