н.ҚҰМар
Қаламгерлер еңбегі
бағаланды
бауыздағандай қылып әзілмен де өткір
жеткізе білді. Қазіргідей жаһандану кезінде
«Кітап оқып не керек?» деген әңгімелер
айтылып қалып жатады. Алайда кітап
оқу – қажеттілік. Адамның ішкі жан-
дүниесін байыта отырып, азғындыққа төтеп
беретін үлкен күш бұл – адамның рухани
дүниесі. Бүгін ашылған Қадыр ағамыздың
атындағы мәдениет және өнер орталығы
жастарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу,
рухы биік болуына ықпал ететін бола-
ды. Жыр жаттап өсіп келе жатқан жас
ақындарымыздың қатары көбейіп, еліміздің
ой-санасы азат ұл-қыздары өсіп келеді. Бұл
бізді қуантады. Кешелі-бүгін өтіп жатқан
игі шаралар жас дарындарымыздың өз-
өзіне деген сенімділігін арттырып, күш-
қуат сыйлайтынына сенімдімін, - дей келе
Нұрлан Асқарұлы ҚР Мемлекеттік хатшы-
сы Гүлшара Әбдіхалықованың құттықтау
хатын оқып берді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен ақын ме-
рейтойына арнайы келген ақын-жазушылар
сахнаға шығып, Қадыр ақынның ең-
бекқорлығы, ізденімпаздығы, елін шексіз
сүйе білгендігі, халқына қалтқысыз қызмет
етіп, рухани мол мұра қалдырып кеткендігі
жөнінде әсерлі естеліктер айтты. Солардың
ішінде Қадыр ақынның немересі кішкентай
Мүсілім Мырзалиевтің атасының туған ел
туралы өлеңін оқығаны көрерменге ерекше
әсер етті. Кішкентай Мүсілімінің өнеріне
жұртшылық ұзақ қол соқты.
Кеш шымылдығын ашқан айтыскер
ақын Мэлс Қосымбавтың арнауы да
жұртшылықтың көңілінен шықты. Әдемі
естеліктер айтылып, әнмен әрленген кеш
барысында «Өлмес өлең» республикалық
жыр мүшәйрасының жеңімпаздары мара-
патталды. Қадыр ақынның шығармашылық
асыл қазынасын ұлықтау мақсатында
ұйымдастырылған мүшәйраға еліміздің
барлық өңірінен 40-қа жуық жас ақындар
өз шығармаларын ұсынған. Олардың ара-
сында оқ бойы озық шыққан оралдық
жас талант Мадияр Төлеуов бас жүлдені
иеленсе, бірінші орын семейлік Біржан
Ахмерге, екінші орын астаналық Олжас
Қасым және қарағандылық Абай Оразға,
үшінші орын алматылық Алпамыс Файзол-
ла, жаңақалалық Алтынбек Ермекқалиев,
оралдық Талғат Мықиға бұйырды.
Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын
м а р а п а т т а ғ а н қ а з ы л а р а л қ а с ы н ы ң
төрайымы, ақын, халықаралық «Алаш»
сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева
тебірене сөз сөйледі: «Адамзатпен бірге
жасасып келе жатқан құдіретті сөз өнерінің
қасиетті биігі бар. Ол поэзия деп аталады.
Мен өзім солай ойлаймын. Міне, сол по-
эзия биігіне, поэзия шыңына тағдырының
сыйын алып, халқының құрметіне бөленген
ұл-қыздарының есімі жазылады.
«Ақ Жайық, сенің орның ала бөтен,
Таппадым, ешбір жайды жағаңа тең.
Өзіңе деген ыстық махаббатты,
Өлгенде көрге бірге ала кетем» деп
әншінің аузына өз жүрегіндегі сөзді салған
Қадыр Мырза Әлі туған жерді қалай сүю
керектігін үйретті. Әдебиеттің тойы,
өлеңнің тойы құтты болсын!» деді ол.
Мемлекет және қоғам қайраткері
Өмірбек Байгелді жұртты ұйыта сөз сөйлеп,
«Ақынын ардақтаған ел азбайды, асы-
лын ардақтаған ел тозбайды» дей келе,
«Жаңадан ашылған Қадыр ақын атын дағы
мәдениет және өнер орталығы бір адамға
жасалған құрмет емес, халыққа жасал ған
қамқорлық» деп баға берді. Белгілі ком-
позитор Илья Жақанов «Салтанат» әнінің
дүниеге келу тарихы туралы әсерлі есте лік
айтып, көрерменді бір серпілтті. Мерей-
тойлық рухани кеш Қадыр Мырза Әлі
орталығының амфитеатрында Құрманғазы
атындағы академиялық қазақ ұлт-аспаптары
оркестрінің концертіне ұласты.
ТоЙ дүБірі
сырыМда ЖаЛғасТы
Қадыр ақынның 80 жылдық мерейтойы
маусымның 28-і күні ақынның туған жері
Сырым ауданында ауқымды іс-шаралармен
жалғасты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев
бастаған, құрамына ақынның жары Сал-
танат, немерелері, сондай-ақ қабырғалы
қаламгерлер мен өнер тарландары енген
делегация алдымен Жымпитыға барар
жолдағы Сырым батыр шыққан төбеге
тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Ж ы м п и т ы ж ұ р т ы а қ ы н т о й ы н а
тыңғылықты даярланған. Қоладан құ йылып
жасалған Қадыр ескерткіші елінің перзентіне
деген ыстық ықыласының жарқын
көрінісіндей еңселеніп тұрды. Ескерткішті
ашу құрметі жазушы, ҚР Еңбек сіңірген
қайраткері Қажығали Мұқамбетқалиевке,
ғалым, «Арыс» баспасының директо-
ры Ғарифолла Әнеске, Атырау облысы
әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанға,
БҚО мәслихатының хатшысы Мәлік
Құлшарға, «Нұр Отан» партиясы БҚО фили-
алы төрағасының бірінші орынбасары Серік
Сүлейменге, өлкетанушы Жайсаң Ақбайға
және Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Отарбай Сарғозыұлына ұсынылды.
Салтанатты шарада өңір басшысы
Нұрлан Ноғаев сөз сөйледі. Қазақ әдебие ті-
нің абыз ақсақалы, Қазақстанның халық жа-
зушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев
ескерткіштің маңыздылығын атап өтті.
Бұдан әрі қонақтар аудандық мәдениет
үйінде орналасқан Қадыр ақынға арналған
көрмені тамашалады. Ақын ұстаған зат-
тарды, тұтынған бұйымдарды, бір сөзбен
айтқанда, баға жетпес құнды жәдігерлерді
көзбен көрді.
Сырым еліндегі салтанатты мереке
соңы дала қызықтарына ұласты. Құнан
бәйгеде және аламан бәйгеде маңғыс тау лық
сәйгүліктер оқ бойы озық келіп, иесіне бас
бәйгеге тігілген «Лада Гранта» және «Нива»
автокөліктерін сыйлады. Қазақша күрестен
түйе балуандар бәсекесінде сырымдық
Сұңғат Махамбетов топ жарды.
Гүлжамал ЖоЛдығаЛИ
Батыс Қазақстан облысы
км жерде орналасқан. Ең ірісі Шақпақтас
кен орны болып табылады (Ә.Марғұлан).
Қола дәуірінің қазбаларына Баянауыл
ауданының Әулиелі Қызылтау тауларында
бір-бірінен ұзақ емес қашықтықта орналас-
қан Жосалы және Үрпек кен орындары
жатады.
Жосалы – Әулиелі Қызылтау тауының
солтүстік шығыс жағындағы жазықтықта
орналасқан ұзындығы 9 км созылған
атақты мыс пен алтынның кен орны.
Мұнда қола дәуірінің әр кезеңінде
өндірілген шұңқырлар тізбегі орналасқан.
Осылайша, Орталық Қазақстан архео-
логиялық экспедициясының көпжылдық
зерттеулері нәтижесінде Сарыарқада ежелгі
металлургиялық өндірістің дамуының
негізгі аудандары зерттелген. Олардың
қатарында қазіргі Баянауыл маңындағы
ежелгі металлургия ескерткіштері де
жатады. Байтақ дала төсін мекен еткен
ұрпақ көшпелі мал шаруашылығының
ы р ғ а қ т ы ж ү й е с і н е т ү с к е н г е д е й і н
отырықшы болып келгені Андрон, Бегазы-
Дандыбай мәдениетінің айғақтарынан аян.
Бір ғана Орталық Қазақстан өңіріндегі
Жезқазған, Саяқ, Ақшатау, Кеңгір
(Кен үңгір), Мыңшұңқыр, Қырыққұдық,
Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл, Бестөбе,
Жосалы сияқты жер аттары сол алыс
заманның қам-қаракетінен қалған
жаңғырық, белгі іспеттес (А.Сейдімбек).
Археологиялық және тарихи зерттеулер
Ұлытау төңірегінде қайнаған өмірдің,
гүл денген мәдениеттің, талғампаз өнер-
дің көне заманнан бері қарай үзілмей
жал ғасып жатқанын айғақтап берді.
Біздің заманымыздан көп бұрын Ұлытау
өңірін де кен-қазба жұмыстарының ай-
рық ша дамығанына нақтылы айғақ-дә-
лелдер бар. Арабтың белгілі географы
әл-Идрисидің жазуы бойынша Ұлытау
төңірегінен өндірілетін алтын, күміс, жез
сияқты тауарларды Шаштың (Ташкент)
саудагерлері арзан бағаға алып, әйгілі Ұлы
тілінде күні бүгінге дейін сақталған
сөздердің де аңғартары мол. Кен, кеніш
(жер асты қазынасы), кенші (руда қазушы),
кен ошағы, кенқазған (рудник), кен шоқы
қалайы, қалайышы, қалайылау, қола,
қолаба (металл құймасы), мырыш, мыршым
(мырыштан жасалатын ойын құмалағы),
қорғасын, жез (сары жез), мыс (қызыл
жез), бақыр (қара қоңыр жез), міне, осы
сияқ ты атаулар кәсіптің тіліміздегі айғағы,
жаңғырығы іспеттес.
Металл өндірісіне бірден-бір қажет
отын қызуы мол көмір екені мәлім. Қазақ
көмірдің не екенін, оның қадір-қасиетін
есте жоқ ескі кезден білген. Бұған ең
алдымен «көмір» деген сөздің өзі айғақ.
Өйткені «көмір» сөзінің түп-төркінінде
халықтың геологиялық түсінігі жатыр.
Қазақта «көм», «көму», «көмілген» деген
сөздердің бәрі де не нәрсенің болсын жер
қойнында болатындығымен байланысты
айтылады. Ал көмірдің тек қана жер
астында болатындығы белгілі.
Барлық ғұмырын Жезқазған өңірінде
Қазақ тілі, оның бүгіні мен ертеңі
жайлы айтылудай-ақ айты лып келеді.
Қазақ тілінің қолданыс аясы да
жылдан-жылға кеңеюде. Бұл орай-
да шешімін таппаған мәсе лелер де
жетерлік, оған шешім іздеп, жаңа жол-
дарын ұсынып жат қан ұйымдар да жоқ
емес. Солар дың бірі Қазақ стан дағы
Орта лық Азияның Еуразия Қо ры ның
қарамағындағы Сараптама орталығы.
Үкіметтік емес ұйымдардың да
бүгінгі ахуалын, тыныс-тіршілігін
бірі білсе, бірі білмеуі мүмкін.
Ауылдық үкіметтік емес ұйымдар
көптеген істерін қазақша жүргізеді,
сондай-ақ олардың қазақ тіліндегі
материалдарды сатып алуға қар жы лай
мүмкіндіктері жоқ. Бұған қоса, мем-
лекеттік тілде Қазақстанның үкіметтік
емес ұйымдарына арналған ресурстар
да өте аз.
Б ұ р ы н - с о ң д ы о л а р қ а т ы с ы п
келген тренингтердің көбісі орыс
тілінде өтетін. Осы тренингтерді
егжей-тегжейлі түсіне алмай жүрген
қатысушылардың қазақтілді ақпаратқа
деген сұраныстарын орындауды
Қазақстандағы Орталық Азияның
Еуразия Қоры өз қолына алған бо-
латын. Бүгінде Қор Үкіметтік емес
ұйымдардың Сараптама орталығымен
б і р л е с е о т ы р ы п , « Қ а з а қ с т а н д а
Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ)
саласындағы сарапшылар әлеуетін
дамыту бастамасы» аясында қазақтілді
жаттықтырушыларға арналған «Жоба-
Бақытгүл еЛШіБаева, «еңбекшіқазақ ауданы
жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық
қорының атқарушы директоры:
«Орталық Азияның Еуразия Қоры және ҮЕҰ
Сараптама орталығы аймақтардағы қазақтілді
жаттықтырушыларға арналған тренингтер
өткізу байқауларын жариялаған кезде маған:
«Бұл жобаның ауылдық аймақтарда жұмыс
істейтін ҮЕҰ жетекшілері үшін қажеті не? Олар
қаншалықты мұндай тренингтерге мұқтаж?»
деген ой келді. Өйткені ауылдық жерлерде
негізінен қазақтілді азаматтар тұрады. Әсіресе
көп ұлтты, оралман ағайындар қоныстанған
аймақтар үшін семинарларды, жиын-кездесулерді
қазақ тілінде жүргізу, қарапайым халыққа жоба
мазмұнын, өз идеяларыңды түсінікті, айқын және
ашық жеткізу – үлкен еңбекті талап етеді.
Барлық құжаттарды, тренинг мазмұндарын,
қолданылатын әдіс-тәсілдер жинақтарын
аударуға тура келеді, өйткені ҮЕҰ-ға арналған
барлық материал интернет жүйесінде де,
кітап жинақтарда да көбінесе орыс тілінде.
Бұрын тәжірибесі болмаған ҮЕҰ жетекшісі
үшін бұл күрделі де қызықты шаруа. Барлық
материалдарды, сөздіктерді, әдіс-тәсілдерге
қатысты материалдарды аударып отырудың
өзіне біршама уақыт кетеді. Не болмаса қазақ
тілінде шала сөйлеп, өз ойыңды толық жеткізе
алмай, халық сенімінен бастамай жатып-ақ
айырылып қалу қаупі төнеді.
Сол уақыттан бері тренингке қатысқан
түлектермен араласып, қатынасып тұрамыз. Өз
ойыңды өз тіліңде бөлісе алу, оны жан-жағыңдағы
адамдарға қысылмай, қымтырылмай жеткізе алу
– қандай бақыт! Ал жаттықтырушы үшін сенің
түлектерің игерген білімдері мен дағдыларды
пайдалана отырып, өз тренингтерінің үлгілерін
жасап, басқа байқауларға қатысып, жеңіске
жетіп жататыны үлкен мақтаныш.
Жалпы, осы мәселені қолға алып, мұндай
бастамаға қаржы бөліп, барлық қазақтілді ҮЕҰ-
дың бастарын қосып, олардың дамуына мүмкіндік
жасап отырған Қазақстандағы «Шеврон»
компаниясына, Орталық Азияның Еуразия
Қорына және ҮЕҰ Сараптама орталығына
ризашылығымды білдіре отырып, алғыс айтамын.
Бұл өте жақсы бастама.
арафат МаМырБеков, PhD, директор,
«Эрудит» оқу орталығы, семей қаласы:
Орталық Азияның Еуразиялық Қоры мен
Үкі мет тік емес ұйымдардың Сараптама
орталығы Қа зақстанның түкпір-түкпірінен
қазақтілді оқытушыларды жинады. Тренинг
Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының
қолдауымен «ҮЕҰ сек торындағы сарапшы-
лар әлеуетінің даму баста масы» жобасының
шеңберінде 2013 жылдың сәуір айында Алматы
қаласында, Халықаралық бизнес акаде миясында
ұйымдастырылған болатын. Ұйымдас ты-
рушылар алғашқы кезеңге тек тәжірибелі
қазақтілді тренерлерді таңдады. Өткізілген
шара мен үшін өте маңызды болды. Мен Шығыс
Қазақстан өңірінде жастар арасында қазақ
тілінде тренингтер өткіземін, соңғы тоғыз
жыл ішінде қазақ тілінде ұйымдастырылған
сапалы тренинг осы деп толықтай айта ала-
мын. Қатысушылар қазақ тілінде еркін пікір
алмасып, ой бөлісті. Осы орайда тренингтен
алған дағды мен білімдерімізді қолдана отырып,
Семей қаласында бірнеше семинар өткіздім.
Осы жоба қазақтілді тренерлердің білімін
шыңдауға, шетелдік жаңа тәжірибелерді
игеруге, орыстілді ақпараттардың аясынан
шығуға үлкен септігін тигізді.
Сонымен қатар, «Жаңадан қатарымызға
қо сы лып жүрген жаттықтырушыларға
арналған тре нинг тер барысында замана-
уи оқыту әдісте ме лерін қолдану» атты
қазақ тіліндегі семинарға да қа тыстым.
Ол өте жоғары деңгейде ұйымдас тыры лып,
қа зақтілді тренерлер өз шеберліктерімен
таңғалдырды.
«Ақ Жайық, сенің орның
ала бөтен...»
Ескерткішті ашу рәсіміне Қазақ-
станның Еңбек Ері, Қазақстан ның халық
жазушысы Әбіш Кекілбаев, мемлекет және
қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді, Қадыр
Мырза Әлінің жұбайы Салтанат Мырзали-
ева, ақын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,
халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері
Серік Тұрғынбекұлы мен облыс әкімі
Нұрлан Ноғаев қатысты.
– Алқалаған әлеумет! Біткен істің міні
жоқ, бітірген ердің кемі жоқ деген осы.
Арамыздан ғайып болып, бәрімізді қат-
ты сағындырған қайран ақынның асыл
бейнесі, міне, көз алдымызда. Бұған бәрі-
міз дің көңіліміз толып, мерейленіп, көза-
йым болып отырмыз, – деп бастады өз
сө зін Әбіш Кекілбаев ақынның ескеркішін
ашқан соң.
– Орал төріне аттап тұрғаным бір
бұл емес. Соның үшеуінде аяулы досым
Қадырмен бірге келіппін. Біреуінде қала
тұрғындары даңқты жерлестері келген-
кеткенінде түсіп тұрсын, деп үй салып-
ты. Соның ауласында кеудемізді самалға
тосып, бір кеш әңгіме-дүкен құрғанбыз.
Қалған екеуінде Сырым батырдың тойына
қауым Қадыр Мырза Әлі атындағы
мәдениет және өнер орталығын тамашала-
ды. Онда ақынның музейі, Қазақстанның
Жазушылар, Композиторлар, Суретшілер
одақтарының облыстық бөлімшелері
орналасқан. Айтыскер ақындар бас қосатын
орын, балалардың шығармашылығына
арналған үйірме бөлмелері, кітапхана,
мәдени шаралар өткізілетін залдар бар.
150 орындық концерт залында мәртебелі
меймандар орталыққа тарту-таралғыларын
ұсынды. Шара аясында белгілі кәсіпкер,
ақын қорын құрушылардың бірі Құндыз
Нұпов пен Атырау облысы әкімінің орын-
басары Шыңғыс Мұқан автокөлік кілттерін
табыс етті.
Түстен кейін облыстық қазақ драма
театрында «Қадыр тағылымы» атты әдеби-
сазды кеш өтті. Ақын рухына арналған
кешке қатысқан қонақтар алдымен театр
фойесінде Жұбан Молдағалиев атындағы
облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы
ұйымдастырған Қадыр Мырза Әлінің
шығармашылығы мен жазушы Дидар
Амантайдың шығармашылығы туралы
дайындалған көрмені тамашалады.
суреттерді түсірген медет досымов, темірболат тоқмамбетов
лау және басқару» атты тренингтерді
қазақ тілінде өткізді.
Қазақстандағы «Шеврон» ком-
пания сы ның қолдауымен жүзеге
асқан «Жобалау және басқару»
тренингі жобаның мақ саттары мен
міндеттерін анықтау, күнтіз белік жо-
спарлар мен бюджетті құру, мо ни-
торинг және бағалау, өтінімдерді жазу
үдерісі және басқа да тақырыптарды
қам тыған болатын. Аталмыш тре-
нинг Қазақстанның шалғай орна-
лас қан ауыл аймақтарының бар-
лық орталықтарында өткізілді. Тре-
нингтің бірегейлігі оның тек қазақ
тілінде жүргізілуі мен үлес тірме мате-
риалдардың барлы ғының қазақ тіліне
аударылуында болды. Осы жоба
аясында тренинг тен тыс көптеген
үкіметтік емес ұйымдарға арналған
басылымдар жарық көрді.
Бұл біздің алғашқы қадамымыз.
Бола шақта біз ҮЕҰ белсенділерінің
әлеуетін әрі қарай дамытуды, оны
жүзеге асыруда қазақ тілін кеңінен
қолдануды көздеп отырмыз.
Төменде аталған жобаға қатыс қан
үкіметтік емес ұйымдар белсен ді-
лерінің ой-пікірлері ұсынылып отыр.
Б.оТарБаева,
саясаттану ғылымының
докторы, профессор
алматы менеджмент университеті,
«сараптама орталығы»
үеҰның директоры
6
7
№26 (1284)
2 – 9 шілде
2015 жыл
№26 (1284)
2 – 9 шілде
2015 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
ай заманда да қай халықтың
болсын елдік тарихына қатысты
деректер ең алдымен сол ұлттың
өз тумасының шығармаларынан
ізделетіні белгілі жай. Бұл тұрғыдан
келгенде біздің ғылыми қауым
қазақтың жыраулар мен ақындар
туындыгерлігін тек көркем
шығарма деп қана бағалап
қоймай, олардың баға жетпес
мұраларын белгілі бір дәуірдің
елеулі оқиғаларына куәлік ететін
куәгерлерінің жәдігерлігі ретінде
қабылдауға мүдделі. Осы рет-
тен келгенде XIV-XV ғасырларда
өмір кешкен Қыдан тайшы мен
Асан қайғы жырларын бұдан 550
жыл бұрын өмірге келген деп
есептелетін Қазақ хандығының
тірлігінен хабардар ететін көркем
сөзбен өрілген баға жетпес дерек-
тер көзі деп қабылдаған жөн.
Халық аңызы бойынша, ХV
ғасырдың екінші жартысын-
да Әбілқайыр ханның иелігінен
Жәнібек пен Керей (Шаһгерей)
хандардың қазақ жұртын Шу
бойына бастап шығуында
төмендегідей гәп бар: Әбілқайырға
жақын жүретін, әділ билігіне
бола елі сүйсініп Ақжол би атаған
Арғынның Дайырқожа есімді аза-
маты мен атақты Қарақыпшақ
Қобыланды өзара іштей бір-біріне
өшігіп жүреді. Қобыланды да
Әбілқайырдың сыйлайтын ада-
мы. Ақыры олар бір күні далада
кездесіп қалған сәтте Қобыланды
Дайырқожаны өлтіріп кетеді.
дәуір дАуысы
өнер өлкесінде
Олар – Қазекеш Мұқтаров,
Ис ламғали Нәсіпқалиев, Сәбила
Е р ғ а л и е в а , Б и ғ а л и А қ қ а л и е в ,
Хайролла Қарабалин, Төребек
Шәріпов, Нүрия Қадырқұлова,
Алма Мұханбетқалиева, Рамазан
Б е р м а ғ а н б е т о в , А м а н ж о л
Б е р м а ғ а н б е т о в , Ж а н д а р б е к
Құрманғалиев, Шолпан Мағазова,
Е р к і н Д о с қ а л и е в , А р м а н г ү л
Бердиева, Шұға Қайырлиева, Ұлжан
Қабулова және т.б. Иә, Тұщықұдық
(бұрынғы Чапаев) ауылы өнерлі
ауыл. Тоқсаныншы жылдардың
басында есімі республикаға белгілі
болған талантты сазгер, күйші, әнші
Төребек Шәріповтің сыныбында
оқыған Ұлжан Қабулова Гурьев
музыка училищесін бітіріп келіп,
Чапаевтағы саз мектебінде бір
жылдай сырнайдан сабақ берді.
Бірақ сол тоқсаныншы жылдардың
бас кезіндегі өтпелі кезеңде саз
мектебі жабылып қалып, кейін
2001 жылы қайта ашылып, 2005
жылдан бастап онда сырнай сыныбы
оқытыла бастады. Аудан орталығы
Аққыстаудағы Шәмшиден Шәріпов
атындағы саз мектебінен бұл аспапты
үйрететін оқытушы болып Айман
Молдағалиева келді.
Айман Маратқызы Тұщықұдыққа
көрші бұрынғы Новобогат, яғни
қазіргі Хамит Ерғалиев атындағы
ауылдың қызы, сондағы Амангелді
атындағы мектептің түлегі еді. 1987
жылы Гурьев музыка училищесінің
халық аспаптар бөлімінің баян
сыныбында оқуға түседі. Өнер
жолындағы алғашқы ұстазы осы оқу
орнын құрушылардың бірі, халық
аспаптар бөлімінің меңгерушісі
болған Иван Васильевич Хован-
ский болды. Кейін Сәлім Ажеке-
новтен дәріс алған. Училищені
бітірген жас маман алдымен Абай
атындағы мектепте ән пәнінен
сабақ берді, кейін 1993 жылы өзінің
туған ауылы Новобогат балалар
саз мектебінде жаңадан ашылған
сырнай сыныбында ұстаздық етті.
Алғашқы шәкірттерінің бірі Дель-
вара Күзенбаева мектепті үздік
бітіріп, Дина Нұрпейісова атындағы
Халықтық музыка академиясы Аты-
рау музыка колледжінің студенті
атанып, ұстазының мерейін өсірді.
Ғарифолла Жақсыбеков пен Ербо-
лат Камалиденовтен тәлім алып,
колледжді үздік бітірген Дельвара
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясында белгілі ұстаздар
Зәуре Смақова, Охан Абдоллаевтың
сыныбында шыңдалды. Қазіргі
уақытта ол өзі оқыған Атырау музы-
ка колледжінде ұстаздық етеді.
Ж о ғ а р ы д а а й т қ а н ы м ы з д а й ,
Айман Молдағалиева 2005 жылы
Т ұ щ ы қ ұ д ы қ а у ы л ы н д а ғ ы с а з
мектебі филиалынан сырнай сы-
н ы б ы а ш ы л ғ а н н а н б е р і о н д а
ұстаздық етеді. Міне, арада со-
дан бері он жылдай уақыт өтті,
өнерге құштар біршама шәкіртер
тәрбиелініп, түлеп ұшты. Айманның
шәкірттері бірнеше рет облыстық
«Боздақ Рзаханов» сайысының,
республикалық деңгейдегі «Жас му-
зыкант» байқауының, «Ақ көгершін»
фестивальдерінің жеңімпаздары
болды. Айнұр Тұқпатова, Жасұлан
Жұмақанов, Құралай Ғилымова,
Нұрайым Құзайырова қазір ұстаз
жолын қуып, Дина Нұрпейісова
атындағы Халықтық музыка акаде-
миясы Атырау музыка колледжінің
студенттері атанды.
Италия елінің Ланчано қала-
сында өткен халықаралық кон-
курста жүлделі орыннан көрінген
Ерік Көшеров Исатай ауданындағы
Шәмшиден Шәріпов мектебінің
түлегі, Айман Молдағалиеваның
Т ұ щ ы қ ұ д ы қ с а з м е к т е б і н д е г і
а л ғ а ш қ ы ш ә к і р т т е р і н і ң б і р і .
Облыстық филармония артисі, му-
зыка колледжінің студенті саналатын
он сегіз жастағы жас орындаушының
халықаралық конкурста топ жаруы
Қазақ елін бүкіл әлемге танытты!
2015 жылдың сәуірінде Алматыда
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясы ұйымдастырған
«Республикалық кіші олимпиада»
сайысында Ерік Сағынайұлы бірінші
орынды иеленді. Ең бастысы, жас
таланттың колледж ұжымымен
«Нарын» оркестрі сүйемелдеуінде
облыс орталығында классикалық
шығармалардан берген концерті
біздің өңірде бұрын-соңды болмаған
дүние еді. Әрине, бұл кешке Айман
Маратқызы оқушыларымен арнайы
қонақ ретінде шақырылды. Ұстаз
үшін шәкіртінің жетістігін көру
үлкен қуаныш екеніне тағы бір көз
жеткіздік.
Әр жылды зор табыстармен
қарсы алып жүрген ұстазға өткен
жыл да жетістіктерге толы болды.
«Боздақ Рзаханов» сайысында кіші
топта ауданнан оның оқушылары
Диана Жансейітқызы І орын, Наргиз
Күнғали ІІІ орын иеленсе, облыста
Диана Жансейітқызы І орын алды.
Сөз орайында айта кетелік, «Боздақ
Рзаханов» сайысы, «Жадыра, жас
дарын!» фестиваль-конкурсының
орны ерекше, мұнда тек атыраулық
ғана емес, басқа облыстардан му-
зыка мамандары келіп конкурсқа
баға беріп, бақылайды, жас та-
ланттарды іздейді. Сондықтан әр
ұстаз өз шәкіртінің саз аспабында
орындаушылық шеберлігін шыңдай
түсуге күш салады.
Ұстаз Айманды шәкірттері қой
жылы да қуантты. Республикалық
деңгейдегі «Жас музыкант» байқауы-
на ауданға үш бірдей оқушысын
бәйгеге қосып, орта топтан Махаббат
Ержанова І орын, кіші топтан Диана
Жансейітқызы І орын, Наргиз
Күнғали кіші топтан ІІ орын иеленді.
Облыста екі бірдей тәрбиеленушісі
ІІ орын алып, жоғары деңгейден
көрінді. Сонымен қатар «Жадыра,
жас дарын!» облыстық фестиваль-
конкурсында орта топтан Махаббат
Ержанова І орын, кіші топтан Диана
Жансейітқызы І орын алды. Облыс
орталығында Мәдениет қайраткері
Шәмшиден Шәріпов атындағы саз
мектебінің аты қайта-қайта аталып,
Исатай ауданының мерейі үстем
болды. Айман осындай лауреаттар
даярлағаны үшін бірнеше мәрте
дипломмен марапатталды.
Оқушылардың жазғы демалысын
орайластырып Атырау облысының
білім басқармасына қарасты «Жа-
дыра, жас дарын»! қоғамдық қоры
алғаш ұйымдастырған І Халықара-
лық «Жадыра, жас дарын!» фести-
валь-конкурсында Махаббат Ер-
жанова І орын, кіші топтан Диана
Жанпейісқызы ІІ орын иеле ніп,
ҚР Мәдениет қайраткері, Құр-
манғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясының құрметті про-
фессоры Қожамбаевтың қолынан
жүлделерін алып оралды.
Ауылымыздағы осындай қара-
п а й ы м м а м а н д ы қ и е с і А й м а н
Маратқызы Молдағалиева сияқты
ұстаздардың жас толқынды өнерге,
білімге баулудағы еңбегі қандай
да болсын марапат пен мадақтауға
лайық екені сөзсіз ақиқат.
Достарыңызбен бөлісу: |