Қазақ хандығындағы жыраулар мұрасы Жер қойнауының сырын ашқан атаулар


  «новь» – Омск, 21 февраля. 5 том; Омск,  23 февраля. 5 том. 28.  «око»



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата12.03.2017
өлшемі5,34 Mb.
#8857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

27.  «новь» – Омск, 21 февраля. 5 том; Омск, 

23 февраля. 5 том.



28.  «око» – Омск, 14-го сентября. 4 том; 

Омск, 5-го ноября. 4 том.



29.  «омич» – Омск, 9 февраля. 5 том.

30.  «Парус» – Омск, 21 февраля. 5 том.

31.  «Перелом» – Омск, 14-го сентября. 4 

том.


32.  «Печатное дело» – Омск, 5-го ноября. 4 

том.


33.  «Пополоромано» (Италия газеті) – Гер-

мания қуаты. 5 том.



34.  «Правда» – Халықты ағарту туралы (Оқу 

тұрмыс үшін!). 9 том.



35.  «Правительственный вестник»  – Омск, 14 

января. 4 том; Омск, 2-го сентября. 4 том.



36.  «рабочее слово» – Омск, 5-го ноября. 4 

том.


37.  «речь» – Алты ай соғыс. 5 том; Газета-

лардан. ІІ. 5 том; Запрос. 6 том; Николай Лукиш 

Ыскалазубов. 5 том; Омск, 1-го ноября. 4 том; 

Омск, 23 февраля. 5 том; Омск, 5-го ноября. 4 

том; Среди газет. 5 том.

38.  «россия» – Омск, 13-го августа. 4 том; 

Омск, 9-го августа. 4 том; Омск, 10-го сентября. 

4 том; Омск, 14-го октября. 4 том; Омск, 14-го 

сентября. 4 том; Омск, 20-го октября. 4 том; 

Омск, 3-го ноября. 4 том; Омск, 3-го октября. 4 

том; Омск, 3-го августа. 4 том.



39.  «русские ведомости» – Газеталардан. ІІ. 5 

том; Германия қуаты. 5 том; Жер комитеті. 6 том; 

Роман бәйгесі. 6 том;  Омск, 1-го ноября. 4 том; 

Омск, 27-го октября. 4 том; Омск, 5-го ноября. 4 

том; Среди газет. 5 том; Газеталардан. ІІ. 5 том.

40.  «русские записки» – Кекесін. 6 том; Омск, 

2 сентября. 2 том; Омск, 2-го сентября. 4 том.



41.  «русское знамя» – Омск, 5-го ноября. 4 

том.


42.  «русь» – Омск, 23 февраля. 5 том; Омск, 

3-го октября. 5 том; Переселенчиские наделы в 

Акмолинской области. 3 том.

43.  «сарыарқа» – Екінші Жалпықазақ сиезі. 

Телеграм сөзі. 6 том.



44.  «свободная жизнь» – Омск, 29 июля. 4 

том; Зигзаги жизни. 4 том.



45.  «семипалатинские областные ведомости» 

– В тюрьме до выборов. 6 том.



46.  «семипалатинский листок» – Письмо в 

редакцию. 4 том; Корреспонденция «Иртыша». 

4 том.

47.  «сибирская жизнь» – Омск, 17-го авгу-

ста. 4 том.



48.  «сибирский вестник» – Киргизские 

письма. І. 2 том.



49.  «слово» – Омск, 23 февраля. 5 том.

Сөз баСы. 

лирикалық шегініС

 «Қоңыр күз еді». Былтыр. Алматыда. «...Ақ 

жауын себелеп тұр. Жол лайсаң»... Кім-кімге бол-

сын бағзыдан таныс классикалық үлгідегі сурет-

тіркестер. Көзге жылы ұшырап қоя береді. Өткен-

кеткен жайлар еске түседі. – Айналайындар, біздер 

биік астаудан жем жеген адамдармыз, – деп жан-

жағын қаумалай қоршаған өзіміз сияқты КазГУ-

дің «сары үрпек» ақындарына ерекше еркелете, көз 

қиығымен қуақылана қарап, дөңгелектеп қойған 

әдемі шоқша сақалын сәндей сипап, шылымының 

түтінін баппен шиыра үрлейтін ғажайып хикаялар 

иесі, қазіргі заманғы көркем қазақ прозасының 

қайталанбас патриархы Қалихан Ысқақ көкеміздің 

тұнжыраған кейіптегі соңғы қоңыр күзінде (алдын-

да Алматыда болып қайтқам бірер күн), яғни 2014 

жылдың мизамында елге қайтар жолда Құлбек 

ағама арнайы сәлем бере барған едім. 

Сол сапарда лайсаңсыз болса да, сылбыр жау-

ыны кісіні жауратардай әлсін-әлсін бүркіп тұрған 

күзгі Алматыға қарағанда көк зеңгірі шайдай ашық 

күн шұғылалы киелі Түркістан жерінде қауышып, 

көптен сағынысып қалған ыстық құшақтарды 

айқастырып, аз-кем сырласып та үлгергендей 

болдық. Көрнекті сыншы әлі де өзгермеген 

қашанғы қарапайым қағілез қалпында шағын 

саябақтағы жатаған ұзын орындыққа жайлана 

жайғасып, оң тізесінің үстіне қағаздарын қаттап 

қоя отырып әріптері баданадай қолтаңбасымен 

шабыттана жазып берген қара мұқабалы жаңадан 

шыққан шығармалар жинағының 1 томдығын 

сыйға тартқан-ды...

Жалпы, өткен ғасырдың 80-ші жылдары қазіргі 

күні маған қазақ баспасөзінің «алтын ғасыры» 

іспетті көрінеді. Ол кезде әрбір жас талаптың ар-

манына айналған қара шаңырақ – «Социалистік 

Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде 

қалам ұштай бастағанбыз. Кілең «сен тұр, мен атай-

ын» дейтін марқасқа таланттардың шығармашыл 

шоғыры. Жазуымызды да, жүріс-тұрысымызды 

да соларға ұқсатқымыз келіп тұратынымызды 

қайтерсіз. Олардың ұзын-ырғасы бүгінде есімдері 

елге танымал қоғам һәм қалам қайраткерлері: 

салиқалы да сырбаз мінезді Сауытбек Абдрахманов, 

ақжарқын да жанашыр Ақайдар Ысымұлы, әйгілі 

86-ның бас кезінде-ақ әсіресақ кеңестік жүйенің 

сойыл соғушылары ұлтшылдық сарындағы кітап 

деген есіммен соңына қырық жалалы «қоңырау 

байлап», орталық «Правда» газетінің бетінде 

әшкерелегенсымақ болған атышулы «Қызыл 

қар» повесінің авторы бауырмал жан Жұмабай 

Шаштайұлы, түнгі телетайп жабылмай үйге 

қайтуды ойламайтын Ержұман Смайыл, биязы 

ғана жымиып өзімсіне арқадан қағып қоятын 

Жұмабек Кенжалин сияқты ағаларым, құлын-

тайдай тебіскен Қайнар Олжай, Самат Мұса, 

Құдияр Біләл сияқты құрдас-тұстастарым болып 

жалғасып кете береді... 

Солардың арасында ағалы-інілі болып әзіл-

қалжыңымыз жарасқан жастай ғылым докторы 

(бұл атақты ол кедергісі аяқтан көп шалған кеңестік 

кезеңде қорғаған), білімдар профессор, айтулы 

сыншы, әдебиетші-ғалым Құлбек Ергөбек те бар 

еді. Одан бері де қаншама жыл өтті, қаншама су 

ақты. Көңілге демеу болары, ара-тұра бір-бірімізге 

телефон қоңырауын шалып, әдебиет төңірегінде 

қызу әңгімелер қозғап, күншілік жерден хабар 

алысып тұратындығымыз. Сөйтіп жүргенде, 

Құлекеңнің республикалық «Егемен Қазақстан» 

газетінде 2011 жылғы 6 (№70-71 (26473), 10 (№72-

75 (26477), 11 (№76-80 (26482) наурызда қалың 

жұртшылықтың қуаныш көзайымына айналған 

«Қайран, қазақ қыздары!» атты триптихы бірінен 

соң бірі іле-шала жарқ ете қалды, қайта-қайта 

тамсана оқыдым да, қолыма еріксіз қалам алдым... 

«Сабақты ине сәтімен» деген, осы бір ойда жүрген 

жәдігерлік дүниені «Ана тілі» ұлт газетінің бетінде 

ұсынудың орайы енді ғана келгендей, менің аса 

мәртебелі оқырманым, биыл Пайғамбар жасына 

шығып отырған менің қадірменді Құлбек ағам!

* * *

 Әдеби ортадан жырақта жүрген, талай жыл ба-



уыр басқан сүйікті Алматысынан алыс кетіп, көне 

шаһар Түркістанға – ұлылар мекеніне табан тіреп 

шығармашылық азаптың бар салмағын қайтпас 

қажырмен бастан өткеріп жүрген белгілі тұлғаның 

осындай тегеурінді үштаған жасағанына, сөйтіп, 

қазақтың аяулы үш қызын бүгінгі ұрпақ жадын-

да қайта жаңғыртқанына іштей дән риза болып 

қалдым. Жақсы дүние ескерусіз қалмасын деген 

оймен арнайы мақала-толғаныс жаздым. Мақалам 

баспасөз бетінде жарияланбай қалған күннің 

өзінде триптих авторының мұрағатында жатсын, 

өзі оқысын, білсін, бір кәдесіне жарап қалар де-

ген кішілік ілтипатпен Құлекеңнің өзіне тікелей 

жолдаған болатынмын (кейінірек аздап жаңаладым 

да). Ол маған төмендегіше жауап хат жазыпты.

«Мақалаң талдаудан гөрі, әсерге берілу, 

алған әсеріңді толғана айту, қызықтау, содан туа­

тын мақтауы көп дүние екен. Қысылыңқырап 

оқыдым... десе де, мен сенің мақалаңды замандас, 

қанаттас үлкен ақынның шынайы толғанысы ретінде 

қабылдадым. рахмет, Бақытжан інім!»  депті. Шы-

нымды айтсам, осыдан соң өзім де дегбірсіз күй 

кештім. Шығармашылық күйі. Шабытты шақтағы 

сырласу дейміз де...

Кей-кейде дариядай арнасына сыймай кететін, 

қуанған сәттерінде жан жомарттығымен рия-

сыз бөлісетін ақ жайлау аға көңілі-ай! Жақында 

Құлбек ағам өзінің «Түрікстан жинағы» («Тұран» 

баспасы, 2014 ж.) және «Дарасөз» («Қазақстан» 

баспасы, 2015 ж.) аталатын жаңа кітаптарын 

сыйға арнайы жіберіпті. Қуанғаным соншалықты, 

қатты қызығушылықпен қолыма алып, шұғыл 

парақтай оқып қарасам, республикалық «Егемен 

Қазақстан» газетінде жарияланатын «Қайран 

қазақ қыздары...» еніпті кітапқа. Бірақ, бұл тек 

баяғы жалғыз үштаған ғана емес. Ел анасы атанған 

Мәриям Мұқанова (классик жазушымыз Сәбит 

Мұқановтың аяулы жары), ғалым Шәмшиябану 

Сәтбаева (ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 

қызы), жазушы Шәрбану Бейсенова (сыншы 

Сағат Әшімбаевтың зайыбы), башқұрт актри-

сасы, Кеңестер одағының халық артисі Зәйтуна 

Бикбулатова («Ақ Баян елін аңсап келдім...») 

жайлы шығармашылық келбетті кейіптейтін тұтас 

портреттер шоғыры сабақтастылықпен жүйелене 

отырып әдеби жинаққа көркем де келісті ен-

ген... Қаншама анадан алып шыққан тұлғаларды 

қосқан, қаншама қыз-ғұмыр туралы сыр шерткен 

десеңізші! Ынтыға түсіп, қайталай оқып шығу 

барысында байқадым. Сирек дарын иесі, қазақ 

эстетикалық ойына өзінің сүбелі сөзін қосып, 

өзіндік бояу-мәнерін өзгеше өрнекпен кестелеп 

келе жатқан Құлбек Ергөбек бейне бір бекзат жа-

зушымыз, саңлақ суреткер Ғабит Мүсірепов сынды 

аналар образының бай галереясын жасаған.

Эссе шоғырының аты – «Қайран қазақ 

қыздары...» аталады. Жанры гибрид – очерк 

пен сын мақаланың қоспасы, яғни синтезі деуге 

боларлықтай. Ұлт сыншысының үздік топтама-

сына кезінде КСРО бойынша даңқы шартарапты 

шарлап кеткен бауырлас халықтың актрисасы 

қалай еніп жүр? Заңды сауал. Бақсақ, КСРО халық 

артисі, Башқұрт елі мемлекеттік сыйлығының лау-

реаты Зәйтуна Бикбулатова ұлы жазушымыз Ғабит 

Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы 

бойынша башқұрт сахнасында қойылған спек-

такльде Баян рөлін шебер ойнаған екен. Оны ба-

уырлас халықтың үлкен-кіші көрермені таңғалып 

тамашалайтын сахналық образға айналдыра 

тұлғалаған екен. Сол сияқты талантты өнер иесі 

қазіргі заманғы әлемдік деңгейдегі әдебиеттің шоң 

тұлғасы Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» драма-

сы бойынша қойылған спектакльде Толғанайдың 

(Сәбира Майқанова апамыз секілді) бейнесін шы-

найы шығарған. 

«Неге Зәйтуна Бикбулатова?» деген сұраққа 

және бір жауап: сыншы Құлбек Ергөбек соңғы 

жылдары мейлі әдебиет, мейлі өнер, түріктік тұтас 

танымал тұлғаларға, солардың шығармашылық 

келбетін жасауға ойысып жүр емес пе?! Бұл жолы 

да солай. Бауырлас башқұрттың сахна өнеріндегі 

бір құдіретті, тағдырлы тұлғасына сөз арнап отыр. 

Сүйсінесіз. Сүйсінесіз де, оның тосын да тың 

тақырыптағы келесі бір сұлу сазды шығармаларын 

ескі танысыңыздай ерекше ынтызарлықпен 

күтесіз... 

 

Орайы келіп тұрғанда айтпай кетуге еш мүмкін 



болмағандықтан, осы арада өзім де өткен күндерге сәл 

шегініс жасауды жөн көрсем деп едім. 1988 жылдың 

тұнжыраңқы көктеміне иек артқан көңіл қабаржытар 

мезгіл. Желтоқсан көтерілісінің іште шемен боп 

беріштенген, қанталап қатып өзегі алынбаған жан 

жарасының ауыр сызы барша қазақтың кеудесін 

сыздатып тұрған шақ. «Социалистік Қазақстан» 

аталатын қазақ баспасөзі қара шаңырағының үлкен 

шығармашылық ұжымының қара қазанында қайнап 

пісіп, күн-түн демей жастық жалынмен еңбек етіп 

жүрген кезіміз. Бір күні жұмыстағы әріптестердің 

бірі: – Сені редактордың орынбасары Сарбас Ақтаев 

ағай шақырып жатыр, – деді. Сәкең – ақсары 

дөңгелек жүзді, дембелшелеу келген, амандық-

саулықтың өзін әзіл-қалжыңмен өрбітіп, үлкен-

кішімен бірдей етене жақын сөйлесіп кете беруге 

қайыл ақжарқын аға, парасат-пайымды басшы бо-

латын. Қазіргі қазақ баспасөзі корифейлерінің бірі. 

Содан кабинетіне имене басып кіргенім сол еді:

– Ай, Бақытжан бауырым! – деді ол әдеттегідей 

маңғаз мақамды дауыс ырғағын баяу соза, ақсия 

күліп амандасып. – Алдымызда Аналар мерекесі 8 

наурыз – Халықаралық әйелдер күні келе жатыр. 

Сен бізде өлең жазып жүрген жігіт емессің бе, мен 

білсем? Уақытың болса, осы бүгін-ақ қазақтың үлкен 

ақыны Мәриям Хакімжанова апаңның («апаң» деген 

сөзге ерекше екпін салып айтты, әлдебір ішкі руха-

ни жақындығымды сездірді ме екен, маған ол жағы 

беймәлім) осы мейрамға арнаған бір өлеңін газетке 

ала келсең. Мерекелік нөмірге жоспарлап қойған 

едік. Адресін Қойшығара ағаңнан (бүгіндері елге та-

нымал тарихшы-жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты Қойшығара Салғарин ол кезде газеттің 

әдебиет және өнер бөлімі меңгерушісі қызметін 

атқаратын) аларсың, – деп шегелей тапсырды. 

Қойшыекеңнен алған адресім бойынша Алматының 

бұрынғы Калинин көшесіндегі апайдың үйіне ба-

рып, ұяңдау сәлем беріп танысып, редакцияның 

арнайы тапсырмасын жеткіздім. Ол кісі әңгімесін 

ақырын ғана баяу мәнермен бастап, өзінің өмір 

жолынан аз-кем сыр шертіп, Рабфакта (қазіргі Абай 

атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде) 

оқыған кезеңіне тебірене тоқталып, өзіне тағдырдың 

жазуымен Ахмет Байтұрсыновтың ұстаздық еткенін, 

ұлы адаммен танысқанда оған туып-өскен елі 

лы апаға, өмірдегі әзілі жарасқан үлкен жүректі 

жеңгеге өзінің жүрекжарды бағасын береді, аялай-

ды, ықыласын төгеді, әспеттеуге ұмтылады. Себебі, 

ұлттық би мектебінің негізін салушы ардақты тұлға 

– хикая иесінің ғана сыйлас кісісі емес – күллі 

қазақ әспеттеуге лайықты халқының аяулы Шарасы 

еді ғой. Әрқашан адал мінезінен айнымас ақжүрек 

авторды бұл жолы да емен-жарқын мінезімен қаз-

қалпында нақты деректер арқылы кейіптесек дейміз 

кезеңі келген осы тұста.

...«Шара апаға барып, Галина Уланова ту-

ралы «Би падишасы» мақаласын (1978 жылы 

«Лениншіл жас» газетінде жарық көрген мақала, 



Б.А.) ұйымдастырдым. Шара билеп, Г. Улано-

ва жаттықтырып жүрген сәттен бір фотосуретін 

редакцияға ала келдім.

...«Неге мемуар жазбайсыз?» деп ой салдым. Ол 

кісі «әдеби жазбасын» жасауымды өтінді. Ойланып 

мен кеттім. Газет жұмысынан қол тие ме, тәйірі? 

Кейін осы істі жазушы апйымыз Шәрбану Құмарова 

қалған терең иірімді сарыны сыншы-әдебиетші 

қаламының зерттеу объектісінде сараланып 

жіктелуге тиіс объективтілікке үйреніп қалған 

әдеттегі қасаң қалыбынан қайта-қайта алдыңызды 

орап, «сіз» деп сыпайыгерлікпен ызылып-сызыла-

тын ақынжанды албырт лирикалық сезім жетегіне 

осылайша еріксіз ілесіп, алдыңғы лектегі әңгімелер 

шоғырына шартты түрдегі біртұтастық сипатымен 

жарасымды жалғасады. Өзі айнымас меже-мақсат 

етіп алған әдеби бағдарлау тәсілін көзі қырағы 

шолғыншыдай үнемі алға оздырып жіберіп, 

ойдағысын жіті бағамдайтын үлкенді-кішілі қай 

шығармасының болсын құрылымдық архитекто-

никасын кей-кейде эпистолярлық жанр немесе 

эссе және мемуар үлгісінде де байқалып қалатын 

анықтауыш-көркемдеуіш тілдік құрал, әсемдік 

пен әдептің эстетикалық элементтерімен қиыннан 

қиыстырып, қисынын тауып, қара сөзбен-ақ 

сахнасыз пьесаға тапқыр қисын құра білетін пай, 

шіркін, Құлбек Ергөбек үрдісі-ай! – дейсің осын-

дайда бек риза болып, әрі таңырқап-тамсанып. 

Әпкесі, кейінірек – әріптесі болған аяулы жан 

жайлы таусылмас толғанысын, санада қалған сұлу 

сырларын Ел сөзі – «Егемен Қазақстанның» қалың 

оқырманына сыздықтата ұсынар еді әңгіме айту-

шы, мәселенки, былай деп:

«...Халықтың осы бір әдемі ұғымын қазақтың бір 

аяулы қызы рухына жасар рухани дұғама тақырып 

һәм мазмұн еткім келіп отырғаны. Ол – қазақтың бір 

ғажайып оқымысты қызы – Алма Қыраубайқызы... 

1970 жылы мақтаулы курс оқуын тәмамдады... 

Алманы қазақ әдебиеті кафедрасына қызметке 

қалдырғысы келді Бейсекеңнің...

– Талантты бала еді. Енді қайттік?

– Мектепке барсын. Ештеңесі кетпейді. Пісіп, 

жетіліп оралады...

Қарт профессор қатты шамырқанды.

Отыра қалып университет ректоры Өмірбек 

Жолдасбековтің атына өтініш хат жазды. Алдына 

кірді.

 «Университет ректоры



профессор Ө.А. Жолдасбековке

«Құрметті Өмірбек!

...Мен жасым келген кісімін. Мүмкіндігінше, мені 

не жарты ставкаға ауыстырыңыздар, тіпті пенсияға 

шығарсаңыздар да қарсылығым жоқ. Қалай дегенде де, 

сөйтіп, менің сағатыммен Қыраубаева Алманы «Қазақ 

әдебиеті» кафедрасына алып қалыңыздар. 

Қыраубаева Алманың сенімдеріңізді ақтайтынына 

еш шүбәм жоқ.

Сізге деген құрметпен профессор Б.К.Кенжебаев» 

делінген еді тілдей хатта (Қ.Е).

«...Бәрі де орындалады. Қызметіңізді атқара 

беріңіз...». 

Өмірбек Арсланұлының кесімді сөзі еді бұл. Рек-

тор айтқанында тұрды. Қайран, үлкеннің алдынан 

кесе өтпеген қазақтың қара баласы, қазақ техника 

ғылымының қайыспас тұлға қатепті қара нары Алма 

қарындасының ғылымдағы ақ жолын осылайша 

ашқан екен-ау! Бұл әңгімеден соң көз жетіп отырған 

бүгінгі күнгі пайым – Алма апайдың алдына кезінде 

студент ағамыз Құлекеңдей масаттанып барып (апай 

нағашы апам Раушанмен сыныптас бола тұра, неге 

«бес» қоймады деп іштей өкпелеген өзім сияқты, 



Б.А.) «төрт» деп аталатын тәуірлеу бағаны алып 

шыққан кейінгі абитуриент інілері – біздердің қызба 

көңіл жастық пайымымыздан бастау алғандай ма, 

қалай өзі? Бәрін де іштей білген, іштей сезген екен-

ау, сонда ол кісі. Біздерді дандайсытпай, даңғыл 

жолға салғаны да болар, бәлкім? Автор енді ұстаз, 

түрколог әпкесінің «Алтын Орда» дәуірі әдебиетін 

қажымай-талмай зерттеп, сол ұлан-асу жолда ұзақ 

ізденіп, көздеген мақсатына қол жеткізгенін барын 

сала баян етеді. Соған өзі де әрдайым тілекші бо-

лып отырады. Осылай етеді де, әпкенің жанкешті 

тірлігіне сүйсініп, ізбасар сіңлілеріне үлгі болар 

ұстаздық ұлағаты жайлы қара сөзбен жазылған 

көркем поэмадай шабыттана төгілтеді:

«...Сөйтіп жүріп, ҚазМУ-да сабақ береді. Сөйтіп 

жүріп, үш қарғасына қарайды. Сөйтіп жүріп, ғылым 

жасайды. Сөйтіп жүріп, қазақ қыздарын ұлттық 

дәстүрде тәрбиелейтін тұрпаты – ұлттық, болмысы 

бөлек мектеп пе, лицей ме, әйтеуір бір кіші оқу ор-

нын ашты. 

Сөйтіп жүріп, көгілдір экраннан ән салады 

тамылжытып. Жамбылдың жыраулық әуенін «Жам-

был сазы» атап кітап жазып, теориялық тұрғыдан 

дәйектеп, өзі домбырада орындап тірілтетінін 

қайтерсің?! Абысын-ажындарының атын атап, түсін 

түстеп «Жамбылдың келіндері» атап толқыған ой, 

төгілген тілді очерк кітабын жазып аяқтады. Абы-

сын дары туралы келін толғамы. Қандай тәлімді!...

Арманы асқақ еді Алма апайдың...»

Алма апай шынында асқақ арманның адамы 

болуға тиісті де еді. Өйткені бізге, осылай болу 

тиістілігі табиғи заңдылықтай көрінеді. Талант 

қашанда топырағына тартып туған. Ол да күллі 

түркі дүниесінің зор мақтанышы – Мұстафа Шоқай 

дүниеге келген қазіргі Шиелі ауданының «Бірінші 

Май» ауылының перзенті еді. «Жақсының аты, 

ғалымның хаты өлмейді» деген нақыл ескірмес сөз. 

Ғалым қыздың туған жерінде соңғы жылдары оған 

лайықты құрмет көрсетілді, аяулы аты ардақталып, 

есімі есте қалдырылды. 

«...Шәкірттерінің бақытын аялаумен өткен 

Алма ұстаз олардың өмірінен алынған түрлі 

штрих детальдерді пайдалана отырып жазған 

публицистикалық кітабын «Жаным садаға!» атап еді-

ау!», дейді триптихшы. Аялай жүріп, шәкірттерінен 

айналып кеткен...

Жан садағасы.

Міне, осымен үштаған хикаясы да аяқталып 

келеді, қадірлі оқырман! Туған халқына тарту етіп 

отырған бұл топтама қажырлы қалам иесі Құлбек 

Ергөбектің бұрын-соңды жазылған сүбелі ұлт 

дүниелерінің алтын қорына қосылар қымбат қазына 

екендігі даусыз ақиқат. Қай кезде де бағалы баста-

ма көтеріп, академиялық ұжымға жүк боларлық 

қарызды һәм парызды қайыспай арқалап келе 

жатқан, қайран, қажымас Құлбек ағам! 

...«Қайран, қазақ қыздары!»...

Бақытжан аБызов, 

ақын, мәдениеттанушы, 

Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі

ҚЫЗЫЛОРДА

парыздың өтелуі

ТрипТих Төңірегіндегі 

оқшау ойлар

«Көктем тынысы сезілер, көкжиектен әлдеқашан 

ауып кеткен Үркер үстімен Күннің жалқын қызыл 

сәулелері күреңітіп барып көрінбей кетер, Нәурізек 

құсы жерімізге әз Наурыздан да ертелеу қанат қағып 

келер шақта мемлекетшіл қазақ сөзінің ежелден 

бетке ұстары – «Егемен Қазақстан» үнжариясының 

2011 жылғы наурыз айының 6-шы, 10-шы, 11-ші 

жұлдыздарындағы сандарында араға күн аралата 

жоғарыда аталған әдеби деректі хикаялар үштағаны 

(триптихы) бірінен соң бірі жарыса жарық көрді. 

Бұлар – ғұмырнамалық жанрға негізделіп, әдеби 

еркін стильде жазылған, көркем де қарапайым 

тілмен жинақы суреттелген өткен дәуірдің шынайы 

хикаялары ғана емес, сонымен қатар бүгінгі жұрт 

үлгі ұстанар шығармашыл зия лы қауымның да, 

қалың бұқараның да кейінгі жылдарғы жан-жақтағы 

cан қилы оқиғаларға жіті назар салып жүрердегі 

шабандау тарта бастаған тәрізді аңғарылар ой 

жадысын ұзақ ұйқыдан сілкіп оятып алғандай етіп 

селт еткізер, ұлтымыздың ұмытылмастай көмбе 

қазынасы, беу, шіркін, осындай болса керек-ті 

деп тамсанарлық аяулы дүниелер болып шыққан. 

Оның басты кейіпкерлері – «мың өліп, мың 

тірілген» көне Қазақтың (автор сөзімен айтқанда: 

Қассақтың, Б.А.) қайраткер қыздары: ақын, биші, 

түркітанушы ғана болып қоймаған, бұған қоса 

халқымыздың жартысынан астамын кеңестік 

орталық Қазақстанда қасақана «кіші Қазан» орнату 

науқанымен, ұжымдастыру сылтауымен қолдан 

жасалған алапат аштық жусатып кеткен «қызыл 

сойқанды» ХХ ғасырда жарық дүниеге келіп, 

сатырлаған қара дауылдың өтінде өксіп өскен, 

зұлмат жылдардың кісенін жырмен шешкен, өнерін 

өрге сүйреп жалаңаяқ мұз бен жалын кешкен, тым 

ерте солса да соғыстан кейінгі жауқазындай өртеңге 

өскен жанкешті қыздары жайлы өзгеше өрнекпен 

өріліпті. Үштағанның алғашқы тарауының аты 

– «Апа». Біле білгенге, түпкі контексінің өзінен-

ақ ашық та риясыз рәуіште маңдайыңнан ыстық 

алақанымен аялай сипап, ғазиз анаңдай еркелетіп 

айтатын «Айналайын!» дейтін әлемдегі ең қымбат, 

ең қайталанбас асыл сөздің ерек жылуы самалдай 

есіп тұр.

Басты кейіпкері – ұлан-байтағымызға Ұлы Қазан 

төңкерісімен сүреңдетіп, зымиян да әккі саясатты 

шеңгелдей келген мылқау қатыгездігі де, қорқау 

қасіреті де аға ұрпақ санасынан әлі өше қоймаған 

ғадауатты ғасырдағы қазақтың көшбасшы ақын 

қыздарының бірегейі Мәриям Хакімжанова. Ол кім 

болған еді? Ол – қайсар Ақын, аяулы Жар, қамқор 

Ана, күрескер Әйел затынан жаралып еді, мәртебелі 

біздің жас ұрпақ! Текті жерден шыққан, «арғы атасы 

Кенесарының қоқан-лоққысына көнбеген Балғожа 

би, қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтын-

сарин...(Қ.Е.)» сияқты біртуар ұлылар топырағынан 

өніп-өскен ішкі жан дүниесі таза бекзат ана, жаны 

сіріден де берік Мәриям апа болатын... 

жайлы айтқанын, ақын қызға атақты Алаш парти-

ясы көсемінің: – Шырағым, Балғожа биден тараған 

тұқымнан екенсің, текті жердің қызы болдың ғой, 

– деп бек риза пейіл танытқанын әжім торлаған 

келбеттілеу ақсары мұңды жүзі алабұртып, қызғылт 

шырайлана түсіп баян еткен еді. Сонда жарықтық 

апамыз: – Мен алғаш жөн білісіп, аз ғана тілдесіп 

қалғанда Ахаң егде тартқан кісі еді, елден ерекшелігі 

сол – көзіне пенсне әйнек киетін, қызыл ағаштан 

жасатып әдемі өрнектелген таяғына сүйене басып, 

не кисе де кіршіксіз, бипаз жүретін. Ұмытпасам, 

ол уақыт 1930-шы жылдардың бас кезі шамасы 

болуы керек? – деп зұлмат заманның түнек түндей 

шыңырауынан суыртпақтап сыр ағытқан-ды...

Енді бір сәт бұдан әрі ілгері-кейінді сөз жүйесімен 

жүлгелене бермекші негізгі оқиға желісіне қайта 

оралсақ. Хикая авторы әр сөздің тігісін жатқызып, 

тағылым сазы әуендей құйылып тұратын мәйекті 

тілмен жалғастыра түседі: – «Біз қоңсы тұрдық. 

Қазақша айтқанда «құдайы көрші». Таң шапағы 

атқаннан ол кісі балконға шығады. Кітап оқиды. 

Ойланып отырады. Біз көрші үйден Бейсекеңді (ұлы 

ғалым Бейсембай Кенжебаев, Б.А.) арқалағандай етіп 

сүйемелдеп алып шығамыз. Алдын ала дайындалған 

орындыққа бабымен отырғызамыз. Мәриям апай 

төбесінен төніп, «Бейсеке, қалайсыз?» дейді»... 

Міне, осылайша алғанда, негізгі әңгіменің түп-

төркіні, қысқаша фабуласы қазақтың қайраткер 

қыздарының өсу-қалыптасу жолдарын, бүгінгі жаңа 

кезең, жас ұрпақ үшін проза жанрының көркем 

тілдік құралымен көрнекі түрде жете ұғындыра, 

жеткізе білуді мақсат етіп қойғаны айдан анық. 

Үштағанның үш бөлімінде де Бейсембай Кенжебаев 

ақсақал қатар-құрбысы Мәриям Хакімжановамен, 

өз тұрғыласы биші Шара Жиенқұловамен, шәкірті 

Алма Қыраубаевамен тағдырлас өріліп отыратын 

оқиғалардың динамикалық дамуы барысында да-

раланып отырар ортақ кейіпкер болып жарасымды 

сабақтасқан.

Құлбек сыншы құр әдебиет айналасын ғана 

төңіректеп қоймай, ұлттық би өнері мектебін зер-

делеп тану жолында да ішкен асын жерге қоя жүріп, 

Құрманбек Жандарбековтей үлкен кәсіби өнерпазды 

аға санап, онымен отбасын құрған атақты би пади-

шасы Шара Жиенқұлованың (Жандарбекованың) 

өзін жеңге тұтқан екен. Кісіге үйірсек көпшіл ер 

жігітке ғана жарасар қандай бірбеткей өжеттік, 

сахнадағы сазды ырғақ пен сұлу сипатты әсемдікке 

ұмтылған қандай қағілез әбжілдік деп еріксіз тәнті 

боласыз оған! Сөйтеді де ол (автор): «...Тарих 

толқыны 20-жылдардың басында сахнаға алып 

шыққан тұлғаның бірегейі – Шара Жиенқұлова. 

Ол тарих сахнасына өзі ғана шығып қойған жоқ, 

ұлттық биін балетке ұластыра мәдениетіміздің 

бір саласын аяқтандырды, көне дәстүрді аяла-

ды, жаңа өнерді негіздеді. Бұл – ұлы тұлға ғана 

жасай алатын ұлан-асыр құбылыс!» деп ерекше 

пафоспен асқақтай шарықтап, лирикалық көңіл 

күй ауанынан грациялық сұлу өнерге бірте-бірте 

ойыса бере, осы жолда бағыт-бағдар сілтер аяу-

қолға алды деп естіп, қуандым. «Өмірім менің – 

өнерім» (Жазушы, 1983) – соның жемісі. Ол үшін 

Шәрбану апайға зор ризашылығымды айтамын...».

Осы бір үзік фрагменттен ұлы өнер иесінің 

бұрыннан өзгешелеу жаңа, дара қырын танығандай 

боламыз. Ерекше құрметтейтін ардақты адамға 

қашанғы кәсіби дағдысынан жаңылмай мемуар 

жайлы ой тастап алып, артынша айтқан қарсы 

өтінішін жерде қалдыра алмай, қарыздарлау болып 

кеткен де тағы сол сұхбатшы «қайны» – оқу-сызуы 

бастан асып, қай кезде де ойға алған нәрсесіне бірде 

үлгеріп, бірде үлгермей қалатын, өмір-өмірде уақыты 

тапшы болып жататын сол баяғы хикая иесі. Жалпы, 

бұл тарауда көңіл толқытарлық жайлар молынан 

ұшырасады. Соның бір парасы төмендегідей:

«...Бейсекең ауруханадан шықты. Сүйеп алып 

келе жаттым. Қолында таяқ. Жүрісі нашар. Сәл 

жүріп демалады. Сәл жүріп демалады. Сол сәт.

– Әй, мына жортып бара жатқан жігіт кім десем, 

Бейсембай екен ғой, – деген жарқын дауыс шықты. 

Жалт қарасам – Шара апай. 

Екеуі хал сұрасты. Бейсекең көзіне жас алды. 

Шара да босады...».

Бұрыннан қалыптасқан таным-түсінікте: 

ұлыларды тек ұлылар ғана іштей түсініп-ұға алмақ, 

бір-бірінің қадіріне жетіп биік бағалай алмақ. Ак-

сиомадай санаймыз. Мына қауышу, омырау өңіріне 

мөлт-мөлт тамып түскен, көпті көрген көнекөздердің 

ыстық жасы сол сыйластықтың шын белгісі болуы 

керек-дүр. Лайымда солай болғай! Бірі – қазақ 

әдебиетінің кезінде басын бәйгеге тіккен көзсіз 

ері болса, екіншісі – көл бетінде көгілдір аққудай 

сұңқылдаған, сахна төрінде аяғының ұшымен жеңіл 

қауырсындай қалықтап ұшқан, өнерін де, халқын да 

әлемге таныта білген ақық жанды нәзік асылзаты.

Біздіңше, қай заманда да қағидасыз қаламгердің 

болмайтыны сияқты, кредосыз өнер де болмақ емес. 

Ал Құлбектей шын жанашыр ғана шыбын жаны 

шырқырап алғы мазмұндағы алмас жүзді ақиқатты 

азаматтық арымен, жүрегінің қанымен жаза алыпты. 

Жан айқайы. 

«...Асылдарды ардақтау, өнер қайраткерлерін 

қастерлеуді күн тәртібіне көтеретін уақыт жетті. 

Нақты іс-қимыл керек. Қарап отыру – қауіпті! Қазақ 

елі барда – Сіз де барсыз, Биқұдірет!

Қайран, қазақ қыздары!».

«Оңтүстікте әпке деген ұғым бар»... (Қ.Е.)

(Сыр бойында ол ұғымға жергілікті жұрт 

ертеден-ақ «апа» деген атау-енші беріп қойған, 

кейбірі ара-тұра әпкені «қыз апа» дейтін 

диалектісімен де атайды, Б.А.). Триптих-хикаяның 

үшінші бөлімі «Әпке» ныс пысымен сарала-

ныпты. Бірге туған бауырындай болып кеткен 

әріптес апасы, қамқор да қайратты ерекше жанға 

көрсеткен інілік ілтипаты, талай жылдар жүрек 

түбінде сабырмен сақтаулы сарғайып жатқан 

сартап сағынышы. Сол сағыныш сазының оны 

жазу үстеліне ерікті-еріксіз жетелеп, қашаннан 

қазақы мінезді қоңыр күйдей көңіл пернесінен 

лықсып төгіліп, қос ішектен оқыс күмбір ете 



Әлихан Бөкейхан еңбектерінің тарихи-деректемелік сипаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет