Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша зерттеулер өте аз. Тікелей қазақ тілі мен әдебиеті сабағында балалардың сөйлеу әрекетін, тіл мәдениетін дамыту (рөлдік ойындар, шығырма, мазмұндама жаздыру, сурет бойынша әңгіме құрастырту, пікірталас, мәнерлеп оқыту, сипаттама, мінездемебергізу т.б. арқылы) бойынша Б.Құлмағанбетова, Б.Кәтенбаева, Х.Арғынов, А.Әбілқаев, А.Жапбаров, С.Ф.Иванова, О.М.Казарцева т.б. қарастырған. Ал оқушылардың тіл мәдениетін отбасы мен мектептің бірлескен іс-әрекеті арқылы қалыптастыру мәселесі бойынша зерттеулерді біз кездестірмедік.
Тіл мәдениетінің шыңына жету отбасынан, бала бақшасынан басталып, ал мектепте ана тілі жүйелі оқытылып, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық икемділік пен дағдылар игертіледі. Оқушылардың мектептен алатын тіл сабақтары отбасы мен айналасының “тіл сабақтарымен” ұштасып жатуы керек. Мектеп ұжымы жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |