«Қазақ интернет тілі мен орфографиясы» Дайындағандар: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандағының



бет6/7
Дата11.02.2022
өлшемі55,54 Kb.
#25298
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Зерттеу жұмысы (копия)

Ақпараттандыру


(жұмыстың мақсаты, мазмұны, бағыттары туралы)




6

Диагностика



(жетістіктердің)



2

Диагностика



(Іс-әрекетке деген қатысушылардың қатынасын)

5

Іс-жүзіне асыру



(жұмыс жүйесін немесе бағдарламаны)

4

Ата-аналар арасында ағарту, ақпараттандыру жұмысын жүргізу



(жеке, топтық түрде болуы мүмкін)

3

Бірлесе талқылау, өңдеу



(оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудың жұмыс жүйесін, бағдарламасын)

- конференция;

- педагогикалық талқылау;

- ашық сабақтар;

педагогикалық консультация.

Енді әрбіреуіне тоқталып, біздің жұмысымыздағы бұл формалардың тиімділігі мен нәтижелілігін сипаттайық:

1.Ата-аналар жиналысы. Жиналыс мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Оны дұрыс ұйымдастырып өткізуде ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Мұнда сынып жетекшісі оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесі, маңыздылығы, мақсатын түсіндіреді, бірлесе талқыланып, жоспар, бағдарлама құруы мүмкін, шешім қабылданады. Яғни бұл форма біздің құрған жұмыс жүйесі бағытының бірінші, үшінші кезеңдерінде қолданылады.

2.Ата-аналармен жеке кездесу. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Сынып жетекшісі ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың тіл мәдениеті, сөйлеу әрекетінің ерекшелігі, оны дамыту бойынша нұсқаулар беруі мүмкін немесе керісінше жолдастарымен қарым-қатынасы, үйдегі сөз саптауы туралы түсінік, мәлімет алады. Бұл біздің жұмысымыздың екінші, үшінші, төртінші кезеңдерінде пайдаланылған.

3.Ата-аналар комитеті. Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын негізгі жұмыстар: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу, түрлі іс-шараларға ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау, экскурсияларды, жорықтарды ұйымдастыруға қатысу, “қиын” балаларды шефке алу тағы да басқа түрлі жұмыстар . Біздің зерттеуімізге байланысты ата-аналар комитеті оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілетін іс-шараларды өткізуде көмектесу қызметін атқарды, яғни жұмысымыздың үшінші, бесінші кезеңдерінде үлкен белсенділік танытты.

4.Ата-аналар белсенділерімен жұмыс. Белсенділер мектептің барлық жұмысына араласады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, көмек көрсетеді, ата-аналар конференцияларын, жиналыстарын өткізуде өз үлестерін қосады. Сондай-ақ жеке отбасыларымен жұмыс істейді. Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан мектеп басшылары, сынып жетекшілері ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, колоквиумдер ұйымдастырып, әдістер мен тәсілдер, баланың жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен қаруландырады. Біздің жұмысымызда ата-аналар белсенділері оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыруға байланысты жүргізілген жұмыстардың барлығына дерлік араласып, бағдарламаны жүзеге асыруда үлкен көмек көрсетті.

5.Ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер. Түрлі тақырыптарда ата-аналарға әңгімелер мен дәрістер өткізіледі. Оны мектеп басшысы, сынып жетекісі, психолог тағы да басқалар өткізуіне болады. Әңгімелер мен дәрістердің мазмұны балаларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай баяндалуы керек. Біз бұл форманы ата-аналарға тіл мәдениеті, қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениетінің деңгейі, балаларының тіл мәдениетін қалыптастырып, дамыту әдістемесі мәселелері бойынша дәріс өткізуде, яғни жұмыс бағытымыздың үшінші, төртінші кезеңдерін жүзеге асыруда қолдандық.

6.Конференция. Тәрбиенің басты мәселелері бойынша оқушыларды қатыстыру барысында ата-аналармен өткізіледі. Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының уәкілдері қатыса алады. Конференцияда талқыланатын тақырып күні бұрын ұсынылады. Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, тақырып бойынша түрлі экспонаттарды көрсетуге болады. Олар ата-аналардың үлгілі істері, отбасылық тәрбие бойынша әдебиеттер, олардың тізімі, баяндамалар мәтіні тағы да басқалар болуы мүмкін. Өз жұмысымызда біз бұл жұмыс формасын да қолдандық.

7.Педагогикалық пікірталас (дискуссия). Пікірталас – педагогикалық мәдениетті көтерудің қызықты жүйелерінің бірі. Қатысушылардың бәрін бірдей қойылған келелі мәселені шешуге бір мезгілде тарту және жинақталған тәжірибелер мен дағдыларға сүйене отырып, жаңа мәселелерді жан-жақты талқылап, өңдеуге мүмкіндік туғызу пікірталастың өзіндік ерекшелігі. Қатысушылар алдын-ала пікірталас тақырыбымен, негізгі талданатын сұрақтармен, әдебиетпен таныстырылуы қажет.

8.Ашық сабақтар. Жоқ дегенде ата-аналардың жылына 3-4 ашық сабаққа қатысуына мүмкіндік туғызу керек. Біздің зерттеуімізге байланысты ата-аналардың мектептегі оқытуда оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру үрдісіне қатыстыру арқылы олардың өз балаларының сөзі, тіліндегі кемшіліктері туралы мәлімет алуына мүмкіндік туғызу мақсатында пайдалануға болады.

9.Педагогикалық консультация. Консультацияның негізі – ата-аналардың сұрақтарына жауап беру. Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алғанда консультация ата-ананың бастамасына мұғалімнің қалауы, отбасына көмек көрсетуге дайын болу, ата-аналарды мазалаған сұрақтарды нақты ақыл-кеңес беру сипатында болуы тиіс /56, 82 б./.

Біздің оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыруға байланысты құрған жұмыс жүйесі осы сараланған сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекет формаларының көпшілігінің негізінде жүргізілді. Бұл жұмыс жүйесін жүзеге асыру үшін біз “Тіл мәдениеті” бағдарламасын құрдық. (қосымша ) Бағдарламаның негізгі міндеттері төмендегідей:

- ата-аналармен бірлесе түрлі сайыс, ойын, конференция, пікірталас тағы да басқа жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру.;

- ата-аналармен тығыз жұмыс жасай отырып, (дәріс, сұрақ-жауап кеші, ашық сабақ тағы да басқалар арқылы) олардың балаларының тіл мәдениетіне көңіл бөлулеріне әсер ету және осы мақсаттағы бірлескен іс-әрекетке ынталандыру;

- ата-аналар мен сынып жетекшілерінің байланысқан іс-әрекетін ұйымдастыру;

Бағдарламаның мазмұны жеке тұлғаның мәнді сапасы ретіндегі тіл мәдениетінің құрылымдық-мазмұндық моделіне, отбасы мен мектептің бірлескен іс-әрекетінің құрылымдық моделіне негізделген. (Қосымша В, қосымша Ғ) Оған бағдарламаның тақырыптық жоспары дәлел бола алады. Бағдарлама тоқсандарға бөлінген тақырыптардан, 18 сағаттан тұрады.

Ата-аналар мен сынып жетекшісінің бірлескен іс-әрекеті арқылы оқушылардың тіл мәдениетін мақсатты қалыптастыруға бағытталған тәжірибе жұмысы А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектеп базасында, 7-8-сынып оқушылары арасында жүргізілді. Диагностикалық және қалыптастырушы эксперименттердің қорытындыларының ғылымилылығы мен салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін біз 7-сыныптар арасынан эксперименталды және бақылау сыныптарын белгіледік. Эксперименталды сыныпта оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру ата-аналар мен сынып жетекшілерінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни бағдарлама жүзеге асырылды. (Қосымша А)

Бағдарламада жоспарланып, өткізілген кейбір жұмыстардың мазмұны мен құрылымы қосымшада берілген. Сондықтан біз кең тұрғыда, жалпылай бағдарламаның өткізу әдістемесін сипаттауды дұрыс деп таптық.

Қалыптастырушы эксперименттің алғашқы кезеңінде ата –аналарды оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыруда бірлескен іс-әрекетке тарту, ынталандыру мақсатында ата-аналар жиналысы өткізіліп, дәріс оқылды. Мұнда ата-аналарға оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі, қазіргі оқушы жастардың және нақты сол сынып оқушыларының тіл мәдениеті деңгейі жайында мәлімет беріліп, осы бағытта бірігіп жұмыс жасауға ұсыныс жасалды, бағдарлама мазмұны, міндеттерімен таныстырылып, ата-аналардың бұл мәселе жөніндегі ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салулары ұйымдастырылды. Сондай-ақ әр оқушының тілі, сөз саптауының ерекшеліктерін анықтап-білу, отбасы жағдайында баланың тіл мәдениетін дамыту, жалпы тіл мәдениетін қалыптастырып, арттыру әдіс-тәсілдері мен жолдары бойынша ата-аналарға ақыл-кеңес, бағыт беру мақсатында сұрақ-жауап кеші өткізілді.

Келесі кезеңде оқушы жастардың тіл мәдениетін қалыптастырып, дамытуға байланысты ата-аналар көмегімен ұйымдастырылған, міндетті түрде ата-аналардың қатысуымен өткен түрлі сайыстар, ойындар, конференция, пікірталас тағы да басқа іс-шаралар жүргізілді. ( Қосымша А1, А2, А3) Мысалы, жасөспірім тілінің дамуына үлкен әсер ететін көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылығын туғызу мақсатында алдымен ата-аналар арасында дәріс оқылып, 7-сынып оқушыларына сабақтан тыс оқуға ұсынылатын көркем әдебиеттер тізімі берілді. Кейін ата-аналар белсенділері мен сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен оқырмандар конференциясы өткізіліп, нәтижесінде сыныпта көркем әдебиет бұрышы құрылды. Мұнда ат-аналар жиналып сатып алған әдеби кітаптары қойылды, оларды оқушылар кезектесіп оқып, уақыт-уақытымен өзара талқылап отырды. (сынып жетекшісінің басшылығымен)

Сондай-ақ баланың тілін, сөйлеу әрекетін дамытуда зор рөл атқаратын нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді білуге, қолдана алуға дағдыландыру, ұлтымыздың салт-дәстүріне байланысты сөздермен сөздік қорларын толықтыру, жалпы халық әдет-ғұрыптарын біліп, қадірлеп, соның негізде ұлтжандылыққа, тілді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында “Анаға қарап қыз өсер”, “Әке көрген оқ жонар”, “Алты тосқауыл”, “Өнер алды – қызыл тіл” тағы сол сияқты сайыстар өткізілді.

Оқушы жастардың тіл мәдениетін қалыптастыруда дебат, сайыс, конференция (оқырмандар, тақырыптық), ойындар ұйымдастыру 1-ден, оқушылардың қызығушылығын оятып, ынталандырса, 2-ден бұл формалар ата-аналардың мүмкіндіктеріне сай және сынып жетекшісімен бірлесе әрекет етуде ыңғайлы болады, 3-ден құрылымы, мазмұны бойынша олардың жалпы тіл мәдениетін дамытуда маңызы аса зор. Себебі:

1.Дебат кезінде оқушылардың көзқарастары кеңейіп, оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойларын салмақтылықпен пайымдауға үйренеді. Тәжірибелі сынып жетекшілері бүгінгі күннің өзекті мәселелерін оқушылар алдында көтере отырып, қаралып отырған сұрақ төңірегіндегі жағдайды олардың анық аңғара, талдай білуіне, оның себебін анықтап, қорытындылай білуге ықпал етеді. Дебат барысында талқыланып отырған мәселе төңірегінде оқушылардың ойлары дамып, көзқарастары қалыптасады. Осылардың негізінде оқушылар пікірінде түрлі қарама-қайшылықтар пайда болады. Дебатты басқарушының рөлі олардың пікірсайысындағы қайшылықтарды дұрыс арнаға бағыттап отыру, дайын шешім бермей дұрыс шешімді өздігінен табуға көмектесу.

Сонымен, дебаттың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге , ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету. Ал жүйелі ойсыз мағыналы сөз айту мүмкін емес екендігі белгілі. Дебатты өткізуде ескерілетін негізгі мәселе, ол – дәлелді ой-пікірдің айтылуы, нақтылы деректермен тұжырымдалуы. Яғни дебатта оқушылар дәлелді, жүйелі, дәл, айқын, мәнерлі, таза сөйлей білуге үйренеді /61, 41 б./.

2.Оқырмандар конференциясы мектеп оқушыларының оқудан тыс кездерінде қызықты әдеби-көркем шығармаларды оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды тәрбие формасы. Әдетте ол белгілі бір жазушылардың еңбектерін оқып, танысуға бағытталады, соның негізінде жастардың рухани дүниесін, тілін байытып, оларда ізгілікті қасиеттерді тәрбиелеудің тамаша бір құралы болып есептеледі. Конференцияның негізгі мақсаты кітапқа деген оқушылардың қызығушылығын танып-білу, әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру. Конференцияның негізгі міндеті: оқылған кітаптарды ұжым болып талқылау, оның мазмұнын, автордың ойын дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу, жеткіншектерді сөйлей және ойлай білуге үйрету, тілін дамыту. Дұрыс ұйымдастырылған конференция оқушыларды саналы оқуға, теориялық мәселелерді талдай білуге, кітаппен жұмыс жасай білуге, оқыған кітаптарының кемшілігі мен жетістіктерін өзбетінше бағалай білуге үйретеді.

3.Тақырыптық конференция белгілі бір нақты тақырыпқа негізделе отыра, көкейтесті мәселелерді шешуге арналады. Оның ауқымы кең. Конференция тақырыбы оқушылардың тілегімен сәйкес, оларды қызықтыратындай болуы керек. Конференцияға алдын-ала баяндамалар әзірленеді. Ол жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.

4.Мектепте өткізілетін сайыстар оқушылардың ой-өрісін, соның негізінде ойын жеткізе алу білігін, сөйлеу шеберлігін, тапқырлығын шыңдайды. Сондай-ақ оқушылардың сайысқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Сайысты шығармашылық сипатта ұйымдастырып, өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн. Сайыстың түрлері әр алуан: сайыс-викторина, сайыс-инсцинеровка, мәнерлеп оқу, фото-сурет тағы да басқа.

Тәжірибе барысында бағдарламаға сай, оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы ата-аналар мен сынып жетекшісінің бірлескен іс-әрекетінде пайдаланылған “Анаға қарап қыз өсер” тақырыбында өткен сайысқа тоқталайық:

Сайыс мақсаты: оқушыларды шешендікке тәрбиелеу, ойын мазмұнды, әсерлі жеткізе алуға баулу, мақал-мәтелдердің мәнін біле отырып, қолдануға дағдыландыру, халқымыздың салт-дәстүрлеріне байланысты сөздерін үйретіп, сөздік қорларын молайту.

Жоспар:


1-бөлім.Таныстыру

2-бөлім. Қатысушылар лездік сұрақа жауап береді.

3-бөлім. Аналар салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді. Қыз балалар өз өнерлерін көрсетеді.

4-бөлім. Аналар халық әнін орындайды, қыз балалар мақалдың жалғасын табады.

5-бөлім. Аналар бата-тілектердің мән-мағынасын ашады, қыз балалар тыйым сөздерден жарысады.

Осы жоспар бойынша сайысқа қатысушыларға бірнеше күн бұрын алдын-ала тапсырмалар беріліп, олар дайындалды. Ол төмендегідей тапсырмалар: Өздерін өлеңмен немесе әнмен таныстыру, халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша мәліметтер жинақтау, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, бата-тілектер жинақтау т.б. Сайысқа балалар ата-аналарымен бірге дайындалады. Сондықтан бұл сайысқа дайындалу барысында оқушылар ата-аналарының көмегімен көптеген мәліметтер алады, халқымыздың дәстүрлері бойынша түрлі деректермен танысады, мұның негізінде, әрине тілдері де дамиды. Мақал-мәтелдердің мәнін аша білуге, оны орнымен қолдануға үйренеді. Салт-дәстүрге байланысты түрлі сөздердің мағынасын түсініп, қажетті жағдайда пайдалана алатын, тыйым сөздерді білетін болады. Көпшілік алдында қысылмай сөйлеу, ойын еркін жеткізе білу дағдылары қалыптасады. Ата-аналар балаларына көмектесе отырып, өз тараптарынан олардың тіл мәдениетінің дамуына әсер етеді, сайысқа толық дайындайды. Бұл сайыстың өткізілу барысы қосымша берілген.

Сонымен қорыта келе, сынып жетекшісі мен ата-аналардың оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы бірлескен іс-әрекетінде төмендегідей ерекшеліктерді атап өту қажет:

- Сынып жетекшісі ата-аналарды мәселе бойынша үнемі ақпараттандырып отыруы керек;

- Екі жақ бірлескен іс-әрекетінде жеткіншек тіл мәдениетін қалыптастыру үшін пікірталас, сайыс, конференция, ойын, диспут, балалармен бірге театр, мұражайға баруды ұйымдастыру, яғни саяхат сияқты формаларды қолданғандары тиімді әрі дұрыс;

- Сынып жетекшісі жүргізілген жұмыстың нәтижесін талдап, үнемі ата-аналарға нұсқаулар беріп отыруы керек;

- Қажетті жағдайда ата-аналарға жеке консультация беріліп, отбасымен жұмыстың даралық формалары пайдаланылғаны дұрыс.
Көріп отырғанымыздай бақылау сыныптарындағы оқушылардың тіл мәдениеті (ауызша) деңгейінің қалыптасуы минималды пайыз құрайды, ал эксперименталды сыныптарда ол біртіндеп өскен (11,8 %-дан 26,5 –ға), әсіресе, бағдарлама бойынша іс-шаралар жүргізілгеннен кейін, яғни тіл мәдениетін дамытуға бағытталған жұмыстардан кейін орташа көрсеткіш тұрақты өсіп отырған: 26,5%; 35,3%; 47,1%., ал төменгі мен өте төменгі кеміген: төмен:44,1%; 35,3%; 20,6%; өте төменгі: 17,6%; 11,8%; 5,8%. Жазбаша тіл мәдениеті де осы сияқты нәтиже көрсетті. Яғни, эксперименталды сыныптардағы тіл мәдениетінің жоғары мен орташа деңгейі 11,8 %-ға көтерілсе, төменгі – 8,8 %-ға, өте төменгі 14,7 %-ға кеміген. Бақылау сыныбын алатын болсақ, мұнда өзгеріс өте шамалы: жоғары – 9,1 %-дан 12,1 %-ға көтерілсе, төмен – 36,2 %-дан 30,3 %-ға кеміген.

Тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың нәтижесінен алынған мәліметтер бойынша біз мынадай қорытындыға келдік. Зерттеу процесінде қолданылған кешенді әдістеме: сабақ уақытында оқушылардың сөз саптауларын бақылау, шығармашылық тапсырмалар беру, оқушылармен, ата-аналармен, педагогика ұжымымен әңгімелесу, сауалнама, тест алу әдістері оқушылардың тіл мәдениетінің қандай деңгейде екендігін, мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен отбасының бұл бағытта қандай жұмыс атқаратындықтары анықталды. Сондай-ақ, ата-аналар мен сынып жетекшілерінің оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыруда қаншалықты байланыста екендігі, олардың мүмкіндіктері байқалды. Алғашқы кезеңдегі зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша оқушылардың тіл мәдениеті жеткілікті қалыптасып, дамымағандығы, бастапқы кезеңде ата-аналар мен сынып жетекшілерінің бұл мәселе бойнша өзара байланыспағандығы, бірлесе іс-әрекет етпейтіндігі айқын болды. Бұның себебі: нақты мақсаттың болмауы, мұғалімдердің бұл мәселеге жете мән бермеуі, ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне тереңінен көңіл бөлмеуі деп ойлаймыз.

Ал екінші кезеңде, яғни эксперименталды сыныптарда бағдарлама енгізу, ата-аналар мен сынып жетекшісінің байланысқан іс-әрекетін ұйымдастыру, бағдарлама бойынша жүргізілген мақсатты жұмыс, арнайы ұйымдастырылған сыныптан тыс іс-шаралар, ата-аналарға мәселе бойынша берілген нұсқаулар оқушылардың тіл мәдениетінің біршама жоғарылауына әкелді деген пікірдеміз. Алынған “кесінділер” нәтижесінде оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыруда ата-аналар мен педагогика ұжымының байланысқан іс-әрекетін ұйымдастыру өте қажет және тиімді деген қорытындыға келдік. Ата-аналар мен педагогика ұжымының байланысқан іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы тіл мәдениеті қалыптасқан, қандай жағдайда болмасын өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білетін жеке тұлғаны тәрбиелейміз.

ҚОРЫТЫНДЫ


Ғылыми-педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу барысында “тіл мәдениеті” ұғымына анықтама алуға мүмкіндік болды. Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру көптеген ғалымдар қарастырып, өз көзқарастары мен анықтамаларын және мәселе жөнінде құнды ой-пікірлерін айтқан.

Біз өз жұмысымызда тіл мәдениетін оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігі деп анықтадық.

Сонымен қатар, оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы ата-аналар мен сынып жетекшісінің бірлескен іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен жұмыс жүйесін айқындап, құрдық. Біздің ойымызша ол төмендегідей:

1. Отбасымен өзара іс-әрекет принциптерін, стратегиялық мақсатын құру;

2. Бұл мақсатта пайдалануға болатын мектептің профессионалды, материалды, ақпараттық, психологиялық тағы да басқа ресурстарын диагностикалау;

3. Нәтижелі, байланысқан іс-әрекетке жеткізетін жолдарды анықтау;

4. Қажетті жағдайда процеске қатысатын субъекттерге ағарту жұмыстарын жүргізу;

5. Істелген жұмыс нәтижелерін анықтайтын өлшемдерді, бағалау тәсілдерін анықтау;

6. Болжанып отырған іс-әрекеттерді қатысушылармен талқылау;

7. Жұмыс жүйесін іске асыру;

8. Жасалған жұмысты анализдеу.

Дегенмен, өз жұмысымызда оқушылардың тіл мәдениетін толығымен қалыптастырдық деп айта алмаймыз, себебі, оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы ата-аналар мен педагогика ұжымының байланысқан іс-әрекеті өз зерттеуін қажет етеді деген ойдамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет