«Қазақ интернет тілі мен орфографиясы» Дайындағандар: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандағының


ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ТІЛІ ОРФОГРАФИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ОЛҚЫЛЫҚТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ



бет4/7
Дата11.02.2022
өлшемі55,54 Kb.
#25298
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Зерттеу жұмысы (копия)

2. ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ТІЛІ ОРФОГРАФИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ОЛҚЫЛЫҚТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ.
2.1 Оқушылардың тіл орфографиясының қалыптасуы

2.2 Орфографиялық олқылықтарға талдау жүргізу



ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

2.

1.1 Тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесінің ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде қарастырылуы
Біз зерттеуімізді тіл мәдениеті мәселесінің тарихта қалай қарастырылғандығын анықтаудан бастауды жөн көрдік. Еліміздің әр кезеңдегі әлеуметтік, мәдени өмірін саралай келе, тақырыбымызға байланысты тіл мәдениеті мәселесінің қарастырылуын XIX ғасырдың екінші жартысынан бастауды дұрыс деп таптық.

Тіл мәдениетіне, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы айрықша мән берген. Халқымыз “Өнер алды – қызыл тіл” деп сөз өнерін жоғары бағалап, ерекше қастерледі. Еліміздің өткен ойшылдары, ағартушы-ғалымдары, ақын-жыраулары ішінде тіл мәдениетін сөз етпей, тіл шұбарлаушыларға кейістік білдірмей кеткендері кемде-кем.

XIX ғ. екінші жартысында дүниеге келген “Дала уалаяты”, “Түркістан уалаяты” сияқты тұңғыш газеттер мен “Айқап” журналы өздерінің қысқа мерзімді өмірлерінің ішінде тіл мәдениеті, тіл тазалығы тақырыбына байланысты әрқайсысы 15-20 – дай мақала жариялаған. Кеңес дәуірінің 20-30 жылдар ішінде ең негізгі мәселелердің бірі болып тіл мәдениеті қала берді.

Ұлтымыздың рухани ұйтқысы, халқымыздың біртуар ардақты перзенті А.Байтұрсынов сонау 20-шы жылдардың өзінде алғаш рет сөз мәдениетінің ең өзекті теориялық түйіндемелерін дәлме-дәл таратып, ғылыми тұрғыдан негіздеп берген екен.Тіл мәдениетінің негізгі қарастыратын мәселесі – сөзді дұрыс қолдану, яғни сөз дұрыстығы болса, бұл жөнінде А.Байтұрсынов былай деп пікір түйеді: “Сөздің дұрыс айтылуы деп, әр сөздің әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы, айтылуы. Олай болу үшін:

1.Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жұрнақ, жалғау, жалғаулықтарды жақсы біліп, әрқайсысын өз орнына пайдалану қажет.

2.Сөйлемдерді бір-біріне орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру қажет.

3.Сөйлем ішіндегі сөздерді дұрыс септеп, дұрыс ымыраластыру қажет.

4.Сөздердің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстіне талғау сөздердің көрнекі болуы қажет. Яғни сөз көркемдігі, әуезінің әдемілігімен, кестесінің келісті болуымен анықталады” /23, 233 б. /.

Тіл тазалығы туралы ұлы ағартушы, педагог, жазушы Ы.Алтынсарин өзінің қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген оқулық “Қазақ хрестоматиясын” орыс әрпімен бастыра отырып, алдына қойған негізгі мақсаты – орынсыз қолданған араб-парсы тілінен енген түсініксіз сөздерден құтылу, сол тұстағы “кітаби тіл” атанған қазақ тілінің тазалығын бұзатын қойыртпақ тілден аулақ болу, сөйтіп қазақ сөздерінің дыбыстық жағынан дұрыс жазу, қазақ тілінің тазалығын сақтау болатын.

Ал еліміздің дүлдүл ақыны М.Жұмабаев өзінің шын мәніндегі ұлттық педагогика ғылымының іргетасы болып табылатын “Педагогика” еңбегінде: “Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға тілді бұзып сөйлетпеу керек, екінші, баланы өзі теңді балалармен ойнату керек” – дей келіп, “Ал енді, баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, баптайтын – мектеп деп мұғалімдерге маңызды іс жүктейді /24, 72 б./.

Қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында терең ой қозғап, ғылыми еңбектер жазған адамның бірі – Ж.Аймаутов. 1924 ж Ж.Аймаутов тіл мәдениеті мәселесі жөнінде былай деп тұжырымдайды: “Ана тілін меңгеру – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой фәлсафасын да меңгереді. Әр сабақ, әр пән бір жағынан өзіне хас мақсұтын көздесе, екінші жағынан тіл түзетуге, тіл сабағының міндетін атқаруға тырысуы керек. Бала сөйлегенде, жазғанда тілді дұрыс қолдануы - әр оқытушының, әр мектептің міндеті. Баланы тілге жаттықтырудың мағынасы: баланы сөйлеуге, басқалардың сөзін ұғуға, өз бетімен жазуға, оқуға төселдіру” /25, 105 б./.

“ 1950 жылы тіл мәдениеті проблемасын зерттеу мәселесі қолға алынып, сол сала бойынша біраз жұмыстар істелді” – деп жазды бұл мәселені тереңінен зерттеген ғалым М.Балақаев /26, 15 б./. ҚазССР Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының құрамында “Тіл мәдениеті” бөлімі ұйымдастырылды. 1968 жылы тіл мәдениеті тақырыбына тікелей қатысы бар республикалық конференция өткізілді. Жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде қазақ тілінің мәдениеті арнаулы курс ретінде оқытылатын болды. Бірнеше кітаптар, жинақтар, көптеген мақалалар жарияланды. Тіл тазалығы үшін бүкілхалықтық күреске үн қоса, 1984 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Жазушылар Одағы “Соңғы жылдардағы қазақ көркем шығармасының тілі” деген тақырыпта шығармашылық конференция өткізілді. Ондағы қозғалған мәселелер, ортаға салынған ой-пікірлер негізінде “Өнер алды – қызыл тіл” деген мақалалар жинағы құрастырылды. /27/ Жинақта С.Қирабаев, Ғ.Мүсірепов, Ә.Хайдаров, М.Базарбаев, М.Қаратаев, Р.Сыздықова, Ә.Болғанбаев, Қ.Мырзалиев, Қ.Жұмаділов сияқты зерттеуші ғалымдар мен жазушылардың құнды пікірлері берілген. Мұнда көркем шығарманың тілі, тіл тазалығы, диалектизмдерді дұрыс қолдану, баспасөз тілі, тіл мәдениеті, әдеби тіл нормасын сақтау, сөздіктер жайы т.б. мәселелер қарастырылады.

1970 жылдары тіл мәдениеті мәселесін егжей-тегжейлі қарастырған зерттеушілердің бірі – жоғарыда атап көрсеткендей – ғалым М.Балақаев. Біз өз зерттеуімізге ғалымның “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері”(1965), “Қазақ әдеби тілі және оның нормалары”(1984), “Қазақ тілінің стилистикасы”(1974) еңбектерін негіз етіп алған едік. Бұл зерттеулерінде М.Балақаев тіл мәдениеті, оның түрлері, оған нұсқан келтіретін кемшіліктерді, тіл мәдениетінің негізгі арқауы – тілдік норма, әдеби тіл, тіл тазалығы, жұрт алдында сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті, яғни сөз қолданудың негізгі принциптері, сөз қолданудағы негізгі стильдік қателер, тұрақты сөз тіркестерін қолдану, грамматикалық тәсілдерді дұрыс пайдалану т.б. қарастырады. Зерттеуші: “Баспасөзде, жеке кісілер сөзінде, жазуда тіл мәдениеті ақауы байқалып жүр. Тіл орашолақтығы бара-бара “тіл ауруына” айналуы мүмкін. Сондықтан сөйлеуде, жазуда кездесетін кемшіліктерді дер кезінде тезіне салып отыру керек” – дей отырып, тіл мәдениетіне нұсқан келтіретін кемшіліктерді төмендегідей көрсетеді:

- Орфоэпиялық қателер.

- Орфографиялық қателер.

- Стильдік қателер /4, 5 б./.

Сондай-ақ, ғалым еңбектерінде қосымша ретінде мәндес фразеологиялық тіркестердің қысқаша тізімін, түрліше айтылатын сөздердің жазылу тізімін, тіл өнері туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді береді.

Тіл мәдениеті мәселесін Т.Р.Қордабаев өзінің “Қазақ тілі білімінің мәселелері” атты еңбегінде қарастырады. “Халықтың мәдени дәрежесін көтерудегі әрбір қадам, сол халықтың тілдік мәдениетін – жазу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жақсарту талабынан басталып отырсын” – дей келе, оқушылардың тіл мәдениетіне ерекше мән береді. “Мектеп беретін жас ұрпақ болашағына қажетті нәр – оқушы жастардың сөйлеу, жазу мәдениеттілігі” – деп, бұл саладағы бүкіл жауапкершілікті ең алдымен тіл мен әдебиет пәнінің оқытушыларына жүктейді /28, 122 б./. Сондай-ақ оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін арттыру үшін күрес тек сабақ үстінде ғана емес, мектеп өмірінің барлық саласында жүргізілу керектігі, тіл мәдениетін дамыту тіл мен әдебиет пәндері мұғалімдерінің міндеті ғана болмай бүкіл ұжым міндет санарлықтай дәрежеге көтеру керектігі сөз болады. Зерттеуші тіл тазалығы, қазақ әдеби тілі, ұлт тілі жөніндегі саясат т.б. мәселелерді қарастырады.

Қазақ тіл білімінде тіл мәдениетіне байланысты пікір айтушылардың бірі – Р.Сыздықова. Ол “ Сөз қолданыс және әдеби норма” деген еңбегінде көркем әдебиет тәжірибесінде кейбір жаңа қолданылатын сөздер мен тіркестердің дұрыс және бұрыстығын талдайды. Автор тіл мәдениетін жетілдіру тұрғысындағы пікірін:” Бүгінгі таңдағы тіл тазалығы дегеніміз – басы артық варианттарды азайту, мотивсіз қолданыстарды жібермеу, жазушы ойын дәл жеткізбейтін “жылтыр” сөздерді қуаламау, олардан бойды аулақ ұстау үшін күрес деген сөз” – деп тұжырымдайды /29, 99 б./.

Ғалым тіл нормасы, орфоэпиясы жөнінде бірнеше еңбек жазып, радио, теледидар қызметкерлеріне, студенттерге арнап “Сөз сазы” (сөздерді дұрыс айту нормасы), “Сөздер сөйлейді”, “Тілдік норма және оның қалыптасуы” деген атпен бірнеше кітап шығарды. Өзі басқарып келген тіл мәдениеті бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен “Өрелі өнер”, “Сөз өнері”, “Жазушы және сөз мәдениеті”, атты жинақтарға басшылық етті. Сондай-ақ “ XVII-XIX ғасырлардағы әдеби тіл тарихы” (1984) деген монографиясында әдеби тіл тарихы, оның күрделі қырлары жөнінде ғылыми топшылау мен салмақты, ойлы тұжырымдар айтты. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясын жетілдіре түсуге арналған еңбектері: “Пунктуацияның кейбір мәселелері”, “Қазақ емлесінің дамуы”, “Қазақ пунктуациясының емлелері”, “Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш”. Бұлар жазу мәдениетін, оның дәрежесін көтеруге көп септігін тигізетін құралдар /30, 7 б./. Ал “Сөз құдіреті” еңбегінде Р.Сыздықова көркем тіл мәдениеті, яғни көркем шығарма тіліндегі сөз қолданыс, сөз таңдау, көркем әдеби стилі мәселесіне арнаған.

Біздің зертеуімізге негіз етіп алған тағы бір еңбек А.Жапбаровтың “Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері” (1991). А.Жапбаров: “Жастарды жан-жақты білімді, мәдениетті азамат ретінде тәрбиелеудегі негізгі міндеттердің бірі – оқушының жалпы тілін дамыту және жоғары дәрежедегі тіл мәдениетін жетілдіру болып қала береді” – дей келе /20, 5 б./, мектеп оқушыларының тілін дамыту мен тіл мәдениеттерін қалыптастыру әдістері мен жолдарын көтсетеді, тіл мәдениетін қалыптастырудың лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық негізін саралайды, әдеби тілдегі стильдер және олардың тілдік ерекшеліктерін, оны оқыту, тілдің көркемдеуіш құралдары, тіл мәдениетін дамыту принциптері, сөз мағынасы, оны жете түсіне білу, оқушы тіліндегі стильдік қателер, оны болдырмау мен түзету жұмыстары т.б. көптеген мәселелер талқыланады.

Қазіргі таңда тіл мәдениеті мәселесіне байланысты жазылған арнайы еңбектер болмағанмен, бұл проблема мерзімді баспасөз беттерінен үлкен орын алған. Мұнда әсересе, оқушы жастардың тіл мәдениеті, оны қалыптастырып дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінеді.

Сонымен, ғалым-зерттеушілердің талдауларын, зерттеулерін саралай келе біз төмендегідей ой түйдік: қазақ тіл білімі саласында тіл мәдениеті мәселесі біршама зерттелген. Ғалымдар көбінесе жазушы тіл мәдениеті, көркем шығарма тілі, мерзімді баспасөз тілінің мәдениеті, жалпы тіл мәдениетінің принциптері, көрсеткіштері, тіл мәдениетін қалыптастыру әдіс-тәсілдерін қарастырып, зерттеген. Қазірде қазақ тілінің қоғамдық қызметі арта түсті. Тіліміздің өмірлік мәселелерін жан-жақты зерттеуге, оның үздіксіз даму үрдісін ұғынып білуге мән беріліп отыр. Бұл жерде тіл мәдениетінің өзектілігі ерекше. Туған еліміздің барлық іс-әрекеті мәдениеттің, әсіресе тіл мәдениетінің дәрежесін көтеру мәселесіне бағытталып, бұл халыққа қызмет ету мүддесімен ұштасып жатса, ондай іске көпшілік болып жәрдемдесу керек.

Енді нақты оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру әдістемесі мәселесінің ғалым-зерттеушілердің еңбектерінде қалай қарастырылғандығына тоқталайық.

“ Мектеп оқушыларының тілін дамыту мен тіл мәдениетін жетілдіру, олардың ана тілінің байлығын меңгерудегі ролі, тіл дамыту мен тіл мәдениетін қалыптастырудың методикалық жолдары туралы қазан революциясынан көп бұрын-ақ орыстың ана тілінің методикасын жасаушы ғалым-педагогтар Ф.И.Буслаев, И.И.Срезневский және К.Д.Ушинский т.б. баға жетпес пікірлер айтқан” – деп тұжырымдайды А.Жапбаров /20, 6 б./.

Ф.И.Буслаев ана тілін оқыту процесінде оқушыларды сөйлеу тіліне дағдыландыруға айрықша мән береді. Ол ана тілін оқыту ісін таза теориялық тұрғыда жүргізуге болмайтынын ескертеді. Оқушыларды жазба жұмыстарымен де көбірек айналыстыру қажет дей келіп, ол жазбаша орындалатын жаттығуларды үш түрге бөледі: біріншіден, оқушыға жоспар жасату, екіншіден, мазмұндау, ойын баяндай білуге үйрету, үшіншіден, өз бетінше әңгімені, оқиғаны баяндауға, шығарма жаздыру қажет деген талаптар қояды.

Тіл мәдениеті жөніндегі теориялық және практикалық пікірлерді дамытушылардың бірі – И.И.Срезневский. Ол тілді оқушының ойлау дағдысымен тікелей байланыстыра отырып, баланы қысқа әңгімелер түріндегі жаттығу жұмыстарына бейімдеу пайдалы дей келіп, “ Важен для приучения отличать более важное от менее важного и неважного... вникать в те основы слов и выражений, которыми изображаются основные мысли... как безотносительно к форме , в которой та или другая мысль выражается так, и с обьяснением самой формы выражения, чтобы заставить детский ум оценить форму”, - деп балалардың жазба жұмыстарында, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде синонимдерді барынша кеңінен қолдану қажеттілігін айтты /20, 6 б./.

Грамматикалық және стилистикалық жаттығуларға зор мән бере келіп, С.И.Абакумов: “Грамматико-стилистическими я назвал упражнения, имеющие цель помочь учащимся овладеть основными нормами грамматически правильной и, в то же время, хотя бы в известной мере стилистически упорядоченной литературной речи”, - деп жазды /20, 7 б./.

Кейінгі кезде оқушылардың тілін дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, орыс тілінің мәдениетін оқытуда П.О.Афанасьевтің, Д.Е.Гвоздевтің, В.В.Виноградовтың, А.В.Текучевтің, Н.А.Пленкиннің, С.Н.Иконниковтың, сондай-ақ қазақ тілінің мәдениетін зерттеуде М.Балақаев, Р.Сыздықованың, Ә.Хасеновтың т.б. ғалымдар мен бірсыпыра ізденушілердің еңбектерінде, мақалаларында Буслаев, Ушинскийдің тілді дамытуға байланысты пікірлері одан әрі творчестволық жалғасын тапты.

Тілдің заңдылықтарына арналған көптеген зерттеулерде сөзді әдеби нормада айта білудің тіл дамыту мен тіл мәдениетін жетілдірудегі жас өспірімдерді дұрыс сөйлеп, жазуға дағдыландырудағы ролі өте зор екендігі көрінеді.

“Мектеп оқушыларының тіл мәдениетін арттыру, оларды өз ана тілін жетік білуге баулу ана тілі сабақтарының, сондай-ақ ана тілінде жүретін барлық пәндердің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Жасыратыны жоқ, қазақ мектептерінде, бұл мәселеге әлі де жөнді көңіл бөлінбей келеді.”,- деп Қ.Жарықпаев өте дұрыс айтқан /31, 8 б./.

“Қазақ тілі лексикасы аса бай, стильдік көркемдегіш құралдары жетілген тілдердің қатарына жатады. Солай бола тұрса да, қазақ тілінің ойды жеткізу, сөйлем құру ерекшеліктері грамматикалық тұрғыдан толық зерттелінгенімен, стилистикалық жағынан әлі жүйелі тексеріліп біткен жоқ. Соңғы он жыл ішінде қолға алына бастаған стилистика және тіл мәдениеті туралы ғылыми еңбектер оқулық көлемінде және жекеленген ақын-жазушылардың тіліне байланысты жазылды. Көп ретте стилистика, тіл мәдениеті мәселелері әдебиет теориясымен байланыстырылып, белгілі бір шығарманың, жазушының тіліне, көркемдік мәні мен стилдік ерекшелігіне арналған зерттеулерде қарастырылды”, - деп орынды тұжырым айтты А.Жапбаров /20, 9 б./.

Сол сияқты, оқушылардың тіл мәдениетін көтеру мақсатында пайдаланылатын әдіс-тәсілдер мен формалар, көбінесе тікелей қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған еңбектерде ғана қарастырылған деп айтуға болады. Мысалы әдіскер-ғалым Б.Құлмағамбетова қазақ тілін оқыту мәселесін қарастыратын әдістемелік еңбегінде тіл мәдениетін қалыптастырып, дамытуды “тіл ұстарту” деп алып, жетінші сыныптағы тіл ұстарту жұмыстарының төмендегідей бағытын саралап-көрсетеді:

1.Өндіріс орындарын суреттеуге дағды беру.

2.Оқылған шығармаға байланысты пікір айтуға үйрету.

3.Әдеби материал негізінде салыстырмалы түрде мінездеме беруге үйрету.

4.Творчестволық мазмұндама жаздыру.

5.Тақырып бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

6.Фильм немесе спектакль туралы пікір айтуға үйрету /18, 55 б./.

Бұл экскурсия, әңгімелесу, жоспар құру т.б. әдістер арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, тек әдебиет, қазақ тілі сабағында оқушылардың тіл мәдениеттерін қалыптастырып, жетілдірудегі пайдаланылатын әдіс-тәсілдер, формалар жайында Б.Ш.Кәтенбаева, С.Тілешева, Х.Арғынов, А.Әбілқаев т.б. зерттеушілер сөз қозғайды. Мысалы, әдіскер-ғалым Б.Ш.Кәтенбаева тіл ұстартуды ауызша және жазбаша деп бөліп, әрқайсысының оқытылуында жүргізілетін жұмыс түрлерін көрсетеді: “Сабақ барысында оқушының ауызша сөйлеуі белгілі бір бағытта, бағдарлама көлемінде өтілген теориялық материалдарды дәлелдеу, анықтама, ережелерді дұрыс түсініп айту мақсатында болады... Сондықтан тіл ұстарту жұмыстары мынадай жүйеде жүргізіледі:

1. Қазақ тілі сабағында оқушының жауабы мұғалімнің қатысынсыз өз тарапынан айтылуы тиіс.

2. Жаттығу, тапсырма жұмысының мақсатын, шартын түсініп, материалды ауызша талдап, дәлелдеп, жүйелі айтып беруге дағдыландыру.

3. Оқығанын, естігенін, көргендерін мазмұндап, суреттеп, баяндап айтып беруге баулу.

4. Оқушылардың ізденіс жасаған шығармашылық жұмыстарының қорытындысын жинақтап айтқызу.

5. Ауызша суреттеп сөйлеу.

6. Ойдан әңгіме, өлең шығарту.

7. Көпшілік алдында сөйлеуге баулу.

8. Текст оқу.

9. Мәнерлеп оқу.

10. Үйде оқу.

11. Хабарлау, баяндама жасау, сын айту, таласу (дебат), құттықтау” /15, 11 б./.

Жазбаша тіл ұстарту мақсатында жүргізілетін жұмыс түрлері ретінде зерттеуші, мазмұндама жаздыру, мәтінге жоспар құру, шығарма жазу, сұраққа жауап жазу деген сияқты тәсілдерді ұсынады.

Білікті маман, тәжірибелі ұстаз Қ.О.Бітібаева: “Тіл мәдениетіне дағдыландыру, көркем әдеби тілін жетілдіруде қазақ тілі сабағының орны ерекше. Шебер мұғалім тіл дамытуда әдебиет пен қазақ тілі сабақтарын үндестіріп, бір мақсатқа, бір бағытқа жұмсайды.” – деп әдебиет сабағында өтіліп жатқан тақырып пен қазақ тілі сабағында өтілетін тақырыпты байланыстыра жүргізуді ұсынады. Сондай-ақ “оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталасы, айтыс сабақтар, конференция, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше” деп, жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар-сабақтарының орны зор екендігін атап көрсетеді /32, 217 б./.

Әдіскер А.Әбілқаев оқушылардың тіл мәдениетін көтеруде төмендегідей әдістерді топтастырады:

- сөздік жұмысын жүргізу;

- түсініксіз сөздерді түсіндіру;

- сөздік диктант;

- сөздік таблицалар;

- мазмұндама жаздыру;

- шығарма жаздыру;

- мәнерлеп оқу /16,101 б./.

С.Тілешева өз еңбегінде тіл дамыту жұмыстарының ішінде сөзбен жұмыс істеуді басты орынға қояды. “Себебі тіл дамыту жұмысының түпкі мақсаты – оқушының ауызша, жазбаша тіл байлығын арттыру болса, ол ең алдымен, баланың сөздік қорын молайту арқылы жүзеге асырылады” – дей келе, шығармадағы сөздерге талдау жасаудың төмендегідей жолын ұсынады:


  • мұғалім сабақта талданатын шығарманың сөздігін жасайды. Ол сөздер алфавит ретімен тізіледі;

  • шығарма мазмұнын түсіндіруге қажетті сөздер текстен теріліп алынады. Сол сөздердің қатарында фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, көркемдеуіш сөздер және балаға түсініксіз сөздер мен жаңа ұғымды білдіретін сөздер болуы тиіс.

  • талданып отырған шығарманың өзіне тән ерешеліктерін көрсетіп, оның тақырыптық негізі болып саналатын сөздер мен ұғымдар ерекше бөлініп көрсетіледі.

  • көркемдеуіш сөздердің қолдану тәсілдері қаралады.

  • жеке сөздерге түсінік бергенде оларды даралап ұғындырмай, шығарманың тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін таныту мақсатымен өзектестіріледі.

Зерттеуші сөздің мән-мағынасын ұға, сезе білу үшін оқушыға табиғатты суреттеген шығармаларды оқыту, талдату, сондай бір көріністі әңгімелеу; орны ашық қалдырынған эпитет, теңеу сөздерді сөйлемнің мағынасына қарай орнын тауып, қойғызу; тақырып, сюжет беріп, соған байланысты шағын әңгіме құратып айтқызуды тәрізді тілдік жаттығулардың пайдасы мол деп көрсетеді. Ғалым пікірін жинақтай келе төмендегідей қорытынды жасайды: “Көркем тексті ауызша мазмұндату – оқушының ауызекі сөйлеу тілін мазмұны, құрылысы, тілі жағынан ұштай түсетін пәрменді әдістердің бірі. Олар, негізінен, сұрақ-жауап, көркем мәтінді мәнерлеп оқу, мәтін жаттату, шығарманы ауызша мазмұндау деп бөлінеді” /33, 95 б./.

А.Жапбаров сөздердің мағынасы бойынша жаттығулар жүргізу; әр бір сынып оқушылары үшін кездесетін қиын сөздер бойынша сөздіктер картотекасын жасау; түрлі сөздіктермен жұмыс жүргізе білуге үйрету; оқулық пен сыныптан тыс оқыған әдеби кітаптармен және газет-журналдардағы шағын мәтінмен, ондағы кейбір сөздердің қолданылуы, беретін мәні, мағынасы бойынша жұмыс жүргізу; тірек сөздер арқылы сөйлем құрау және оған стильдік талдау жүргізуге үйрету; жеке сөйлем бойынша жұмыс жүргізу, ондағы кейбір сөздердің синонимдерімен ауыстырып қолдану; оқушылардың өздерінің шығармаларына, мектептегі қабырға газеттерінің тіліне, сөздерді қолдану ерекшклігіне байланысты ауызша және жазбаша пікір айту; кейбір шағын әңгіме, ертегінің тіл ерекшеліктеріне байланысты рецензия жаздыру, пікір айтқызу оқушылардың тіл мәдениетін көтеруде өте маңызды деп көрсетеді /20, 87 б./.

Сонымен, түрлі ғалымдардың еңбектерін, зерттеулерін талдау бізді төмендегідей қорытындыға әкелді. Зерттеушілер тіл мәдениетін арттыру, сауатты жазу, ауызекі сөйлеу шеберлігіне баулуда көбінде жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдерді ұсынады, яғни сурет бойынша әңгімелеу, дебат, шығарма, мазмұндама, пікір, көзқарас жаздыру, көркем мәтінді мәнерлеп оқыту, ауызша мазмұндату, сөздік жұмысын жүргізу, мінездеме, сипаттама беруге үйрету сияқты жолдарды тиімді деп табады.

Ал оқушылардың тіл мәдениетіне отбасының әсері, ата-аналар мен мектептің бірлесе іс-әрекет етуі арқылы олардың тіл мәдениеттерін жетілдіру, қалыптастыру жайында, осы тұрғыдан алғандағы әдіс-тәсілдер туралы ешбір әдіскер сөз етпейді. Біз өз кезегімізде зерттеуімізді осы бағытта жүргізуді жөн көрдік және мүмкін болғанша бұл мәселені ғылыми тұрғыда негіздеп, жүйелейміз деген пікірдеміз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет