Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет44/55
Дата20.12.2022
өлшемі287,7 Kb.
#58416
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-
5. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
6. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
7. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
8. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б.
Тақырыбы: 18. Сөздердiң жарыспалы нұсқалары /вариант сөздер/, олардың жазылу емлесi туралы.
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Сөздiң жарыспалы тұлғалары. 2. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiнде вариант сөздер туралы. 3. С.Бизақовтың вариант сөздер сөздiгi.
Әдістемелік нұсқау:
Сөздiң жарыспалы тұлғалары дегенiмiз – мағыналық жағынан абсолют теңдiкте тұрған, сөйлемде ешбiр реңктiк, стильдiк бояуы мен ерекшеленбейтiн, әр алуан себептерден дыбыстық немесе тұлғалық ауытқуға ұшырап, әрқалай жазылып, әрқалай айтылып жүрген дыбысталуы бөлек, бiрақ қолданылуында мағыналық дербестiгi жоқ, бiрнеше вариантта айтылатын сөздер. Мысалы, риза-разы, ырза, дәнеңе- дәнеме, ештеңе-ештеңе, үлгiру-үлгеру, суару-суғару, түгендеу- түгелдеу, тырнақтау-тiрнектеу, айқай-айғай, мүлде-мүлдем, бiрдеме-бiрдеңе т.б. Сөздiң жарыспалы тұлғалары /вариант сөздер/, фонетикалық, iшiнара морфологиялық құбылыстар негiзiнде пайда болады. Сөз варианттарының тiлде қалыптасуына мынадай фактор себеп болатын тәрiздi:
1. Кiрме сөздердiң, соның iшiнде, араб-парсы сөздерiнiң қазақ тiлiнiң дыбыстық заңдылығымен ауызекi тiлде түрлiше айтылып, қалыптасуы арқылы. Мысалы, әл-хал, қисап-есеп, қаракет- әрекет, ғылым-iлiм, ғазиз-әзiз, қаржы-қаражат, мағлұмат-мәлiмет, үкiм-өкiм, кiнә-күнә, ауа-әуе, пұл-бұл, хайуан-айуан.
2. Кейбiр сөздердiң айтылымында дыбыс өзгерiстерiне ұшырауына байланысты /ауызекi сөйлеу/ мысалы, шай-шәй, жай-жәй, ыразы-разы- риза, сәрсенбi – сәрсембi, дәнеңе – дәнеме, ештеңе-ештеме т.б.
3. Бiр түбiрге морфологиялық тұлғалардың ұқсас варианттарының қосылуы арқылы. Сойыс-сойым, бермек- берешек, арызой- арызшы-арызшыл, пiшiн- пiшiм,пiспек- пiскен, шаруақор- шаруашыл- шаруагер, келешек- кележақ.
4. Кейбiр тұлғалардың тарихи даму қалыптасу жолында ескi және жаңа тұлғалары қабат қолданылып, тiлде екеуi де қалып қойған мүшелер. Мәселен, суар-суғар, бермек- берешек, келешек- кележақ, не қылып- неғып- нағып, мән-мағына, алатын-алатұғын т.б.
5. Бiр сөздiң түрлiше жазылуынан да орфографиялық вариант сөздер түзiледi: рахмет-рақмет, марқұм-марқым, көк ала- көгала, байыиды-байиды т.б.
Вариант сөздердiң қолданылу, тiлде қалыптасып, орнығу бағыты былайша болуы мүмкiн: Бiрiншiден, кейбiр вариант сөздер қолданыс барысында мағыналық реңк алып, әрқайсымен бөлек-бөлек лексикалық тұлға ретiнде сақталуы мүмкiн: мәселен >өкiмет – үкiмет, рәсiм – ресми, нысан – нышан, жирену – жиiркену, әжет/ әжетхана, хош – қош т.б.
Екiншiден, вариант сөздердiң өзге түрлерi ауызекi сөйлеу тiлiнде, диалектизмдер қатарында қалып, бiр ғана түрi әдеби нормаға енуi мүмкiн. Мысалы, дөңгелек - доңғалақ, алатын - алатұғын, абырой – абиыр т.б. Көрсетiлген варианттардың бiрiншi сыңарлары әдеби нормаға жатады.
Үшiншiден, вариант сөздердiң бiрқатары бiрнеше нұсқаларымен әдеби тiлде жарыса қолданылуы мүмкiн. Мысалы, ажуа – әжуә, ән – әуен, мiне – мiнi, бақыраю - бақшию – бағжию – бажбию, балақай –балақан, барлық – барша, бастық – басшы т.б. Немесе варианттық қатардағы әрбiр сөз белгiлi бiр стиль түрiнде қолданылуы, яғни стильдiк сипат алуы мүмкiн. Мәселен бастық дегеннен гөрi басшы ресмилеу, ғажап-поэтикалық, ғажайып- кiтаби, ғылыми стильге бейiм деуге болады. Барлықтан гөрi барша нұсқасы публисцистикалық стильге жақын. Немесе кейбiр варианттар бiр-бiрiнен экспрессивтiк бояуымен де ажыратылуы мүмкiн. Бақыраю – бақшыраю – бақшию – бағжию-бажбию, ақыраңдау – әкiреңдеу, бiлгiр – бiлгiш, т.б. сөздерiн салыстырып қарасақ бұған көз жеткiзуге болатын тәрiздi.
2. 1978 жылғы Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiнiң кiрiспесiнде вариант сөздердiң сөздiкте берiлуi туралы: «Тiлiмiздiң сөздiк құрамында әр түрлi фонетикалық вариантта айтылатын бiраз сөздер бар. Олардың бiрқатарының жазылуы бүл күнде едәуiр қалыптасқанымен, бiрсыпырасының жазылуы әзiр бiр iзге түсiп үлгiрген жоқ. Сөздiкте мұндай сөздердiң iшiнде жазылуы қазiр бiршама орнықты дегендерiн шама келгенiнше сол орныққан қалпында беру көзделдi. Бұл топқа мынадай сөздер жатады: әжiм – ажым, ажуа – әжуа, барым әзiр – бармазыр, бәйшешек – байшешек, әрдайым – әрдәйiм, әмбе – әмме, беймаза – бимаза, жайт – жәйт, бүлдiргi – бүлдiрге, өмiр – ғұмыр, қу жүгермек – жүгiрмек, көнбiс-көнпiс, қарақат- қаракет, балуан- палуан, пенде- бенде, пiтiр- бiтiр, бiрадыр- пiрадыр т.б. Сөздiкте бұлардың алдыңғы сыңарлары ұсынылды» деп көрсетiлген. Дегенмен аталған сөздiкте барым әзiр сөзi реестрде жоқ, ал палуан /балуан сөзiнiң екi варианты да реестрде ж/және/ арқылы берiлген. 1988 жылғы сөздiкте көрсетiлген вариант сөздерден әжiм, ажуа, өмiр, ғұмыр, бүлдiргi, бүлдiрге, палуан / балуан, пiрәдар нұсқалары берiлген. Өмiр және ғұмыр, бүлдiргi және бүлдiрге сөздерi дербес сөз тұлғалары ретiнде жеке ресстрде берiлген. Әрi қарай сөздiктiң /1978/ кiрiспесiнде былай көрсетiледi: «Ал, ендi жазылуы әзiр бiр iзге түсiп орныға қоймаған айқай – айғай, тәж – тәжi, жалпақ – жайпақ, зәбiр – жәбiр, уағда – уәде, азар – әзер, айуан – хайуан, хәкiм – әкiм, қолбырау – күлбiреу, риза – ырза – разы, кулейдi – гулейдi, ғарып – кәрiп, қапыда- қапияда, кәртамыш – қартамыш – қартамыс тәрiздi көптеген сөздердiң бiрiн қалдырып, екiншiсiн қолдануға тыйым салу дұрыстыққа жатпайтын болғандықтан, мұндай сөздердiң екi түрiн де сөздiкке енгiзудi мақұл көрдiк делінген. Демек, жазуда бұл сөздердiң екi вариантын да бiрдей қолдана беруге болады». Бұл сөздердің стильдік мағыналарында айырмашылықтар да жоқ емес.
1988 жылғы Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiнде вариант сөздер туралы: «Морфологиялық, фонетикалық варианттардың бұл күнде дербес лексикалық мағынада қолданылатындар /үкiмет – өкiмет, уәде – уағда, оқиға – уақиға/ немесе стильдiк мақсатта екi түрi де жұмсалатындары /шайтан – сайтан, дәрi – дәру, заман – замана/, я болмаса семантикалық үстеме мағынаға ие болғандары /үстел-стол, резеңке- резина/ сөздiкте жеке-жеке реестрде берiледi. Ал мұндай сипатқа ие болмаған, бiрақ екi варианты да қолданыста бар жарыспалы сөздер ж /және/ деген белгiмен қатар ұсынылады: айғай ж айқай, балуан ж палуан /олардан туындаған сөздердiң әрқайсысының жарыспалылығы көрсетiлмейдi/.
С.Бизақовтың вариант сөздер сөздiгi кiтабында фонетикалық вариант қатарына жатқызуға болатын тек 300-дей сөз болса, 1988 жылғы сөздiкте жеке реестрге ие болған 16 түрлi ғана жарыспалы тұлғаларды кездестiрдiк. Бұлардың өзi а/ә, д/т, б/п, / т.б. дыбыстар сәйкестiгi немесе метатеза, апакопа, афереза, элизия тәрiздi фонетикалық құбылыстар негiзiнде пайда болған тұлғалар. Олай болса вариант сөздердiң жазылу емлесi бiршама нормаланып немесе бiрнеше жарыспалы тұлғаның бiр вариантын жазу орнығып, не жарыспалы тұлғалардың әрқайсысы дербес мәнге ие болып не болмаса стильдiк реңк алып жеке реестрге берiлiп, ретке келген деп есептеуге болатын тәрiздi .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет