Әдебиеттер 1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
Тақырыбы:17. Бөлек және бiрге жазылатын сөздер, оларды ажыратудың критерийлерi. Сағат саны: Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Сөздердiң бiрге не бөлек жазылуы туралы мәселе.2. Қ. Жұбанов көрсеткен сөздердi бiрiктiрiп жазудың 4 факторы /семантикалық, морфологиялық, синтетикалық, фонетикалық/. 3. 2. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiнде /1983/ бөлек жазылатын сөздердiң 6 түрлi тобы .
Әдістемелік нұсқау: Сөздердiң бiрге не бөлек жазылуы туралы мәселе, күрделi сөздердiң бiрiккен сөз және тiркескен құрама сөз түрлерiн бiр- бiрiнен ажырату мәселесiнен туындайды. Себебi: бiрiккен сөз деп қабылданса – бiрге, тiркескен құрама сөз деп есептелiнсе бөлек жазылады.
Сондықтан да болар күрделi /қүрама/ сөздердiң жазылу емлесiнiң /бiрге, бөлек, дефис арқылы/ қалыптасу тарихы, алдымен, күрделi сөз түрлерiн ажырату критерийлерiн анықтауға ұмтылудан бастау алғаны мәлiм. А.Байтұрсынұлы күрделi сөздердiң үндесу заңына сәйкес келгенiн- бiрге, келмейтiндерiн бөлек таңбалайды. Қ.Жұбанов бiрiккен сөздi «кiрiккен сөз» терминiмен алып, кiрiккен сөз болудың негiзгi белгiлерiне талдау жасайды. Кiрiккен сөз болудың бiрiншi шарты мағыналық тұтастығы: бiр-ақ нәрсенi атап, бiр сөздiң орнына жүредi. Бiрақ бұл шарт барлық сөздерге бiрдей өлшеуiш бола алмайды. Олай болатын себебi: «қарақұс деген бiр сөз бе, екi сөз бе? Бiр сөз дейiн десең, қара дегеннiң де өз мағынасы бар. Бiрақ екеуi қосылып келiп, бұл арада бiр нәрсенiң аты болып тұр. Ал, бұларды бiр дейiн десең, дәл осылар сияқты болып жасалған өгiз арба, темiр қасық т.т.-да бiр сөз болуы керек сияқты. Олай болғанда анықтауыш сөз бен анықталушы сөздiң екеуi қосылып бiр сөз болып санала беру керек сияқты. Мiне, жалғыз мағынаға сүйенгенде айырып алу қиын болатыны осыдан ... – дей келiп, кiрiккен сөз болудың екiншi шартына синтаксистiк тұтастықты көрсетедi, яғни жеке сөздердiң әрқайсысы сөйлемде өз алдына бiр-бiр мүше болмай, бәрi жиналып, сөйлемнiң бiр-ақ мүшесi болу керек» үшiншi шарт морфологиялық тұтастық, яғни сөз тұлғасының әдемi қалпынан өзгерiп, бiрыңғай қалыпқа түсуi, мысалы, қолғап, ашудас, белбеусөздерi тәрiздiлер. Төртiншi шарт фонетикалық тұтастық, яғни кiрiгушiсөздердiң алдыңғысы екпiннен айрылып, қалған жалғыз екпiн соңғысындағана болады. Қ. Жұбанов төртiншi шартты ең негiзгi деп көрсетедi: «Кiрiккен сөзбен кiрiкпеген сөз тiркесiнiң қайсысы екенiн айыруға ең қолайлы, әрiсенiмдi жол – ол екпiнiне қарау». Мысалы: қарға қара құс десек, мұндағы қара құскiрiкпеген тiркес екенi анық. Өйткенi қара сөзiнде екпiн бар, әрi ол екпiн соңындағы құс сөзiнiң екпiнiнен анағұрлым басым. Ал, бүркiт – «қарақұс тұқымынан» десек, мұндағы қарақұс кiрiккен сөз екенi анық. Өйткенi, мұнда қара деген бөлшекте түк екпiн жоқ, қара мен құстың екеуiне ортақ жалғыз-ақ екпiн бар, о да қара сөзiнде емес, құс сөзiнде. Бiрнеше сөздер қосылып, бiр ғана екпiнге- ең соңғысының екпiнiне бағынып, кейде бәрiнiң не бiреуiнiң бұрынғы мағынасы өзгерiп, сондықтан, бәрi жиналып, бiр-ақ нәрсенiң аты болып, бiр-ақ мағына беретiн, сөйлемде бiр- ақ мүше болып болып, бiр-ақ сөздiң орнына жүретiн болса, осыны кiрiккен сөз деймiз.
Қ. Жұбанов көрсеткен сөздердi бiрiктiрiп жазудың 4 факторы /семантикалық, морфологиялық, синтетикалық, фонетикалық/ күрделi сөздердiң iргесiн ажыратуға арналған кейiнгi еңбектерде түрлiше қырынан сипатталады. М. Балақаев «бiрiккен сөздердiң пайда болу заңдылығы» сөздердiң семантикалық единица болу тұтастығына қарап танылады, - деп көрсетiп, бiрiгуге бейiм сөздердi мүмкiндiгiнше бiрiктiрiп жазуды қолдайды: 1. Бiрiктiрiп жазу жинақылықтың нышаны. 2. Бiрiккен сөздердi бiрiктiрiп жазу – тiлдiң сөз байлығын дамытудың да қамы. 3. Бiрiккен сөздердi жүртқа бiрiктiрiп жазып оқыту арқылы солардың тұтастығын танытамыз, бiр сөз ретiнде дұрыс жазып жылдам оқуға тиiстi жағдай жасаймыз» - дейдi. Бiрiккен сөздердi жазуда ала-құлалықтардың болуы, алдымен оларды семантикалық- фонетикалық орайда тұтас бiр сөз деп танудың орнына, кейбiр ғалымдарымыз басқаларға елiктеп, сөздердi бiрiктiрмей бөлiп жазудың жаршысы болды. Екiншiден, ресми орфографиялық ережелерiмiзде бiрiгiп жазылуа тиiстi сөздердiң саны мен сапасы әбден тежелiп, азайтып жазу уағыздалса, iс жүзiнде бiрiккендердi бiрiктiрiп жазу бағыты күштi болды...Үшiншiден, бiрiктiрiп не бөлек жазылуға тиiстi сөздердi айырудың қиындығы ресми орфографиялық ережелердiң кейде бiрiздi, дәл болмауынан орфографиялық сөздiктерде ала-құла, қарама-қарсылық күштi болды: бiр сөздiкте бiрге жазылған сөздер екiншi сөздiкте бөлiп жазылған... Сөз бен сөздi қосып жаңа сөз жасау процесi үздiксiз дамып жатуынан пайда болған өзгерiстер орфографиялық ережелерге iлеспей, олардан ауытқып, асып-түсiп жатады. Ғалым жоғарыдағы қиындықтарды атай келiп, «бiрiккен сөздердiң жазылуындағы басшылыққа алатын бiр шешiм жүйелi бiр кемшiлiк принципi болу керек», сондықтан бiрдей жүйемен жасалған күрделi сөздердi жаппай бiрiктiрiп жазу принципiн ұсынады.
Бiрге жазылатын күрделi сөздерге қандай критерийлер қою керектiгi жөнiнде оқулықтарды, баспасөз бетiнде түрлiше пiкiрлер айтылып та, жазылып та жүр.
2. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiнде /1983/ бөлек жазылатын сөздердiң 6 түрлi тобы көрсетiлген:
1. Мемлекет, республика, облыс, мекеме, үйымның күрделi атаулары.
2. Анықтауыш пен анықталушы сөздер. 3. Күрделi сан есiм, күрделi сын есiмдер. 4. Күрделi етiстiктер. 5. Есiм, елiктеуiш сөздер мен етiстiктерден қүралған күрделi сөздер. 6. Идиомалық, фразалық тiркестер. 3. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiндегi /1988/ ережеде бiрге жазылатын сөздер:
1. Тұлғасы өзгерiп барып бiрiккен сөздер /бүгiн, биыл, алаңғасар т.б./
2. еш, әр, кей, бiр, әлде сөздерiмен бiрiккен есiмдiк, үстеу сөздер /ешқандай, ештеңе, бiржолата т.б./
3. Термин сөздер /баспасөз, еңбеккүн, көкжиек/. 4. Құрал- жабдық атаулары / шаңсорғыш, бесатар т.б/, мамандық, кәсiп, қызмет иелерiнiң аттары /өнертапқыш, темiржолшы, атқамiнер т.б/,ойын, салт –дәстүр атаулар / ақсүйек, тоқымқағар, ақсарбас/.
5. Аң-құс, жан-жануар, құрт- құмырсқа, өсiмдiк атаулары /қарақұйрық, ақбөкен, тасбақа, шегiртке, аққу/.
6. –тану, сымақ, аралық, фото, электр, радио, авто, авиа т.б сөздерiмен келген тiркестер / халықаралық, радиоқабылдағыш, автоқалам т.б/.
7. Екi не үш сөзден құралған жалқы есiмдер /Әбдiманат, Мергенбай, Сарыөзен, Омарханұлы, Момышұлы т.б./
4. Р.Сыздықованың «Емле және тыныс белгiлерi» кiтабында бөлек жазылатын сөздер бүдан гөрi кеңiрек берiледi:
1. Бiрiккен сөздердiң бiрқатары түбiрiн сақтап, ендi бiр шамасы өзгерген қалпында жазылады: алабұға, алақоржын,кәсiподақ, өнертану, бүрсiгүнi, қарағаш, апару т.б. Ал бiрiккен сөз болатын сөздерге төмендегідей атаулар жатады: 1. Жалқы есiмдер / топономикалық атаулар, кiсi аттары/ 2. Ғылым мен техниканың әртүрлi саласындағы терминдiк мәнге ие болған күрделi атаулар.
Құрама сөздердiң бiрге және бөлек таңбаланудың ғылыми негiздемесiне арнап ғылыми еңбек жазған ф.ғ.к. Қ.Күдеринова құрама сөздердiң бiрге не бөлек жазылуының екi түрлi уәждемесiн көрсетедi: бiрiншiсi-тұлғалық, екiншiсi – мағыналық.