Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе



бет32/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
«– Ештеңе етпес, – деп Инеш жұрттан бұрын машина руліне отырды» (С. Шаймерденов).

«– Жо-жоқ, әуре болмаңыздар, мен бір асығыс шаруамен келген едім, – деді өзінің асығыс екенін білдіріп» (Н. Лияқын).

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына байланысты С. Кенжеахметұлы: «Бала туған, келін түсірген, т.б. сол сияқты қуанышқа «қайырлы болсын, оң болсын» айту – ата салтымыз. Ол адамдарға деген ыстық ықыластың, қуанышқа ортақ екендігінің белгісі. «Қайырлы болсын, оң болсын» айтуға келмегендерге өкпелеуге де болады», – деп жазады [6]

Көптен кездеспеген адамдар арасында көргеніне, кездестіргеніне деген ішкі сезімін білдіру үшін, сонымен қатар сыпайылық таныту үшін де айтылатын этикет тілдік бірліктер бар. Мысалы,

«– Көріскеніме қуаныштымын, – деді» (Қ. Жұмаділов).

Сөз этикетінің аталған қызметтері бір-бірінен бөлек, жеке-дара емес, бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, амандасу, қоштасу формаларының тек байланыс орнатушылық қана емес, сыпайылық білдіру қызметі де, коммуниканттардың әлеуметтік жағдайы, таныс-бейтаныстығы, жас ерекшелігі, т.б. да толып жатқан белгілері ескеріле отырып жүзеге асырылатындықтан реттеуіштік қызметі де бар. Себебі сөз этикет – белгілі бір ұлттық-мәдени ерекшелігі, ішкі құрылымы, қоғамда қабылданған нормасы бар біртұтас жүйе. Тілдік қарым-қатынас барысында сөз этикетінің аталған қызметтері бір-бірімен өзара байланыста болып, сөйлеушілердің сөз әдебіне әсер етіп отырады, тілдік қарым-қатынастың ғана емес, жалпы адамдар арасындағы қарым-қатынастың ізгілікті, мәдениетті түрде жасалуына ықпал етеді. Қарым-қатынас процесінде сөз этикеті формаларын дұрыс, орынды қолдана білу қарым-қатынас жасаушылардың мәдениеттілігін, ішкі парасаттылығын байқатады. Сөз этикетінің ұлттық-мәдени ерекшелігі оның қызметін әлеуметтік белгісі мен семантика-стилистикалық табиғатына, қоғам мәдениетіне байланыстыра отырып қарастырғанда ғана ашылады.

Тілдік бірліктердің жүйелілігі, олардың бір-бірімен байланысы тілге тән функционалдық-мағыналық қарым-қатынас нәтижесәнен туындайды. Бұл салада қолданылып жүрген метатіл негізінде Ч. Моррис ұсынған семантика – таңбаның таңбаланушы объектіге қатынасы; синтактика – таңбалардың өзара қатынасы; прагматик – таңбалардың оны қабылдаушыға қатынасы триадасы жатқаны зерттеушілерге белгілі. Сөз этикетін зерттеу үшін де методологиялық тұрғыдан алғанда тіл бірліктерінің жүйелілігі, олардың функционалдық-мағыналық қатынасының өзара байланыс желісі, сыртқы құрылымының ішкі мазмұны мен функционалдық қызметінің бірлігі мен диалектикасы, тілдің қоғамдық қызметінің, жалпы тілдің өзіндік мән-маңызы тіл мен оны қабылдаушы арасындағы байланыстан, қарым-қатынастан көрінетіндігі жайлы қағидалардың маңызы зор.

Қазіргі тіл білімі тілдік бірліктердің коммуникация кезіндегі қызметіне жете көңіл бөліп отыр. Түрлі қарым-қатынас жағдайында тіл қалай қолданылады. Қандай тілдік құралдар қалай қолданылады деген мәселелерді шешу мақсаты тіл білімінде прагмалингвистика деген бағыттың пайда болуына алып келді. Прагмалингвистиканың өзіндік ғылыми аппараты, методологиясы мен өзекті мәселелері бар. Лингвистикалық прагматиканың негізгі пәні – қоғамда қалыптасқан нормалар мен тіл заңдылықтарына сәйкес белгілі бір коммуникативтік жағдайда мақсатты түрде жасалатын, сөйлеу актісі ретінде көрініс табатын әлеуметтік әрекеттің бір түрі. Бүгінгі лингвистикалық прагматика алдында тұрған міндеттер алуан түрлі, себебі ол логика, философия, психология, әлеуметтану, мәдениеттану ғылымдарымен де тікелей байланысты, сол ілімдермен сабақтастырыла қарастырылатын, тығыз байланыста шешілетін, зерттелетін мәселелер.

Прагмалингвистика – тіл біліміндегі негізгі бағыт қызметін атқарған құрылымдық тіл білімін толықтырушы, тілдік бірліктерді адамға әсер етуші таңба ретінде қарастырушы жаңа бағыт. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагматикалық табиғаты сөйлеуші, тыңдаушы, сөйлеу жағдаятының сөйлеуші мақсатына сәйкес сөйлесім мазмұны мен құрылымында берілуі тұрғысынан қарастырылады.

Этикет тілдік бірліктер – тілдің қоғамдағы алуан салалы қызметінен туындаған әлеуметтік, әлеуметтік-лингвистикалық, тарихи, мәдени, философиялық, этикалық категория. Себебі этикет тілдік бірліктер бір мезгілде бірнеше ғылымның нысанасы бола алады. Этикет тілдік бірліктер – адамның әлеуметтік белсенділігінің бір түрі және ол адамның алуан түрлі қызметімен тікелей байланысты болғандықтан, ол семиотикалық, оның ішінде прагматикалық тұрғыдан да қарастырылуы тиіс.

Сөйлеу актісінде тыңдаушы – адресат бар. Онсыз сөйлеу актісінің қалыптасуы мүмкін емес. Сондықтан тыңдаушы сөйлеуші сөзінде әртүрлі тілдік бірліктер арқылы көрінеді. Ең негізгісі – атау мәнді зат есімдердің қаратпа сөз қызметінде жұмсалуы. Қаратпаларды тыңдаушыны сөзге тарту, көңілін бөлу үшін қолданумен қатар, сөйлеу мақсатының ықпал күшін арттырушы қызметте және сөйлесім мазмұнында алдын ала тыңдаушыны өзіне ыңғайлау, өзімен пікірлес ету мақсатында қамту да көзделуі мүмкін. Қаратпа түрлерінің таңдалуы пресуппозицияға тәуелді, ал оның түрлерін сөйлеу жағдайы анықтайды. Яғни, қаратпалар прагматикалық салмаққа ие. Оны тұрақты, өзгермелі пресуппозиция түрлері, сөйлеушілердің қалыптасқан қарым-қатынас түрлері, сөйлеу мақсаты анықтайды. Қаратпа түрлері сөйлеушілердің арасындағы қарым-қатынастың алыс-жақындығына, айтушының адресатқа деген ниет, пейіліне байланысты, сөйлеу мақсатына байланысты анықталады. Қарағым, балам, қызым, құдағи, жеңеше сияқты қаратпа түрлері коммуниканттар арасындағы жақын, сыпайы қарым-қатынасты, айтушының тыңдаушыны жақын көретін, өзімсінетін ниетін білдіреді. Мысалы,

«– Құдағи, мұнда келіңіз! – деп Ақберен астың алдын ана жақтағы қайын ағасына жіберу керектігін білдірді» [Ж. Аймауытов].



«– Кір, қарағым, кір!» [Ж. Аймауытов].

«– Құдаша, кімді қарап тұрсың?» [Ж. Аймауытов].

Бейтаныс немесе арада жақын қарым-қатынас жоқ коммуниканттар арасында көбінесе жігіт, жігіттер, жігітім, батыр, ағасы, ағай, қарындас қаратпалары қолданылады. Бұл қаратпалар коммуниканттардың бір-бірімен тым жақын еместігін білдіреді. Мысалы,



«– Қарындас, кімді іздеп жүрсіз? Мүмкін бізді іздеп жүрген боларсыз?» [С. Мұратбеков].

«– Жігіттер, енді сендердің жолдарың болмайды, – деген сыңғырлаған, нәп-нәзік қыз даусы естілді» [С. Мұратбеков].

Айтушының балам қаратпасын қолдануы тыңдаушымен арадағы қарым-қатынастың жақындығын ғана емес, өзімсіну, жақсы көру, еркелету реңктерін де білдіреді. Мысалы,



«– Ұйқы келтіретін дәрі ғой, балам» [С. Мұратбеков].

Ал айтушының бұл қаратпаны тәуелдемей, бала түрінде қолдануы арадағы қарым-қатынастың тым жақын еместігін, салқындығын білдіреді. Мысалы,



«– Байқа, бала. Қинап немесе арқасын жауыр етіп, мені ұятқа қалдырып жүрме» [С. Мұратбеков].

Қаратпа ретінде қолданылатын жаным, сәулем, қалқам, махаббатым, т.б. да эмоциялық-экспрессивтік реңкі күшті сөздер коммуниканттар арасындағы ыстық махаббаттан, күшті сезімнен хабар береді. Мысалы,



«Алқынған, аңсаған көкірек қарсы ұмтылып:

Жеттің бе, жаным? – деп құшағын жайғанда:

Жеттім-ау, қалқам – деп құшағына кіре кетті» [Ж. Аймауытов].

Мұндай сөздер тек екі жас арасындағы сөйлеу актісінде ғана емес, ана мен бала, әке мен бала, әже мен бала, жеңге мен қайын сіңлі, т.б. да туыстық, достық қарым-қатынастағы коммуниканттар арасында да қолданылады. Сөйлесімнің ықпал күшін арттыратын тілдік бірліктер тілді қолданушының, яғни айтушының сөйлесім кезіндегі ойлау, салыстыру, күшейту процестерімен байланысты қолданылады. Олар: күшейткіш үстеулер, демеуліктер, шырай, логикалық екпін, т.б. Олар құрылымдық тіл білімінде фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейде қарастырылып жүр. Мұндай тілдік бірліктердің қарым-қатынас кезіндегі қызметі, сөйлеушінің көзқарасын, оның тыңдаушымен арадағы қарым-қатынасын білдірудегі рөлі, яғни прагматикалық күші арнайы зерттеуді қажет етеді. Аппелятивтік қызмет атқаратын этикет сөздердің қолданысында -ау, -ай күшейткіш демеуліктері жиі қолданылады. Жалпы мұндай демеуліктер айтылған ойға күшейту мәнін қосады. Мәселен, -ай, -ау демеулігі қуану, ренжу, күйіну мағыналық реңктерін үстейді. Мысалы,

«– Дәмегөй-ау, құртымдай құрғырыңды кесіп берем дегенің не? – деді» [Ж. Аймауытов].

«– Нұғыман-ай, осы жұмысқа мені бекер сайладыңдар-ау. Соңғы кезде денсаулығым нашарлап барады, істей алмаймын ба деп қорқам, – деген» [С. Мұратбеков].



Бата көркем сөзбен де, қара сөзбен де, өлеңмен де, шешендік тілмен де айтылады. Қазақ халқында ел-жұртқа сыйлы адамдар, билер, ақын, жазушылар айтқан, сондай-ақ халық арасында авторсыз тараған немесе белгілі бір жағдайда айтуға лайықталып, қалыпқа түскен батаның мол қазынасы бар. С. Кенжеахметұлы «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты еңбегінде: «Бата – халықтың рухани қуат алатын сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талапты жастырға, көптің жүгін көтерген адамдарға немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ел ақсақалдарының ақ тілегі әрі өмірлік жолдамасы», – деп жазады [6,11б]. Аталған еңбекте батаның дастарқан батасы, ақ бата, теріс бата сияқты түрлері және қайтыс болған адамның үйінде оқылатын батаға байланысты туған бата оқыр салты көрсетіледі. Батаның ақ бата, ас қайыру батасы, жол батасы, наурыз батасы, рамазан батасы, май батасы сияқты түрлері де бар [10].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет