Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет79/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

zorunlu nedenler
 
olmadıkça beş yıl süre ile değiştirilemez" hükmü getirmiştir
(Hürriyet, 22.10.2012). 
Kolçak, değişikliğin yasal bir sebep ya da 
mücbir sebep
 ile yapılmış olması durumunda 
ise satıcının sözleşmeden dönen tüketiciden masraf ve yüzde 2 tazminat alma hakkının 
olduğunu belirtti
(Vatan, 02.12.2014). 
Yapılan değişiklik ile 
zorlayıcı sebep
, açık 
şekilde tanımlandı" açıklamasında bulundu 
(Hürriyet, 11.11.2014). 
Баспасөз тіліндегі жаңа қолданыстарды осылайша қарастыру арқылы 
прагматикалық тәсіл түрлерін айқындауға болады. 
Қазіргі қазақ медиа-мәтін прагматикасын арнайы зерттеген Қ. Есенованың 
пайымдауынша: «Лингвистикалық және бейлингвистикалық құралдардан 
тұратын жазбаша формадағы медиа-мәтін тіл дамуының белгілі бір кезеңіндегі 
жаңалықтар мен ерекшеліктерді айшықтай отырып, сол арқылы бүгінгі тілдік 
субъектінің компетенттілігін де көрсететін құнды материал ретінде үлкен 
маңызға ие болады. Сондықтан мерзімді баспасөз материалдары негізінде 
жүргізілетін прагмалингвистикалық талдау адам факторының төңірегіне 
шоғырланатын алуан сипатты (саяси, әлеуметтік, экономикалық, тарихи, мәдени 
т.б.) мәселелерге аксиологиялық тұрғыдан баға беруге мүмкіндік туғызады. 
Нәтижесінде медиа-мәтін БАҚ-тағы прагматикалық әлеуеті аса күшті құрал 
ретінде танылады» [287, б. 429].
Қазіргі таңдағы қазақ баспасөзінің мәтіндерін коммуникативтік-
прагматикалық аспектіде қарастыру жоғарыда келтірілген Қ. Есенованың қазақ 
баспасөзінің жаңа атауларға әуестігі туралы тұжырымын дәйектейді. Сондықтан 
да қазіргі қазақ медиа-мәтінінің жаңалыққа ұмтылғыш, өзіндік ұстанымын 
айшықты көрсететін, қолданыс ортасын өз идеясына қарай бейімдей алатын 
жасампаз, бейресми тілді таңдайтын еркін шығармашылық үрдісін атап 
көрсетуге болады. Осыған байланысты жаңалыққа жақын жүретін 
журналистердің тілі арқылы жаңа сөз бен жаңа қолданыстар ағылып келетін 
тіліміздің сөздік қорын жаңалайтын күштердің бірі – медиамәтін екені, сол 
жаңалануда кірме атаулар емес, төл жаңа атаулардың үлес салмағының басым 
болу / болмауы медиалингвистикалық зерттеу барысында айқындалатыны анық.


129 
Жаһандану дәуіріндегі қоғам ағымына ілесіп дамып келе жатқан Қазақстан 
үшін шет тілдерден енген жаңа атауларға дер кезінде балама тауып, ұсынуға 
уақыт тапшылығы себеп болуда.
Әрине, қоғамдағы жаңалықтар жаршысы ретінде, жаңа сөздерді елге 
танытатын маңызды құрал ретіндегі газет тілінде шеттілдік жаңа атаулардың көп 
қолданылуы жалпыхалықтық тілдік қолданыстың бұзылуына себеп болады. 
Сондықтан газет авторларына жаңа атауларды ретімен қолдану талаптарын қою 
– қазақ тіліндегі жаңа қолданыстарды қалыптастырып, сол арқылы қазақ тілінің 
мемлекеттік қызметін күшейтуді көздейтін өзекті мәселе. Төл жаңа атаулар // 
жаңа қолданыстарды жарыққа шығаратын да, насихаттап тарататын да 
журналистер.
Мысалы: 
Жасы отыздың ішіндегі Абай үшін Семейде 4-5 ай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет