Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі


Ғаламтордың  да өз ережесі, даму заңдылығы бар.  Ғаламторды



Pdf көрінісі
бет76/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

Ғаламтордың
 да өз ережесі, даму заңдылығы бар. 
Ғаламторды
 
бақылауға алғанымен, оның дамуын тоқтата алмаймыз
(Ана тілі, 05.03.2014).


126 
Сол арқылы 
ғаламторға кіру
жаңа сөз тіркесі де қолданысқа енді.
Мысалы: 
Соның барысында пошта байланыс бөлімшелерінде 
ғаламторға 
кіру
мүмкіндігі бар 50 нүкте ашылады
(Ана тілі, 05.02.2015). 
Сонымен қатар, 
көрілген видеолар қолданушының өз еркімен сақталып, 
ғаламторға кіру
 
мүмкіндігі жоқ уақытта да іске қосылады
(Алматы ақшамы, 08.09.2015). 
Жалпы алғанда, медиақұралдардың басты функционалдық қызметінде 
адресат назарын аударуға ерекше күш жұмсалады. Себебі қазіргі жаһандану 
заманында БАҚ, оның ішінде
газет тілі – өркениеттік білім мен қоғамдық-
әлеуметтік пікірдің туындап, көрініс табатын арнасы. Өз кезегінде бұқаралық 
ақпарат құралдарының сапалы қызметінің прагматикалық нәтижесі ол ұсынған 
ақпаратты адресаттың қалай қабылдағанымен тікелей қатысты. Демек, БАҚ 
жұмысы прагматикасының нәтижелі әрі сапалы болуы адресаттың (оқырманның, 
көрерменнің) сұранысы, қызығушылығы, уәжі, қалауы, қажеттілігі сияқты 
мүдделеріне байланысты.
Қазақ баспасөзі қазақ тілінің мемлекеттік қызметі мен рухани-танымдық 
мазмұнына сәйкес ұлттық мүддені қанағаттандыру барысында кәсіби деңгейін 
көтеруде. Сол мақсатта аудитория мен адресат назарын бағындыру үшін 
медиамәтін тілінің құрылымын да (мазмұны мен формасы, лексикалық, 
стилистикалық жүйесі) өзгертіп, оқырман (адресат) назарын «бері қарату», яғни 
коммуникативтік қатынас орнату амалдарын жасайды.
Осыған байланысты қазіргі қоғамдағы жаңа ұғымдардың атын таңбалау 
үдерісін (мысалы, қазіргі таңдағы еліміздегі үш тілдік саясатқа қатысты 
күнделікті тәжірибеде экономика, ғылым-техника т.б. салаларындағы тілдік 
қолданыстар) жүзеге асыру – баспасөз тілінің белсенді прагматикалық 
қызметінің көрсеткіші. Нақты айтқанда, ол 
тіл~қоғам
сабақтастығындағы 
әрекеттің коммуникативтік сипатын күшейтеді.
Мысалы: 
Біздің елорда – тиімді және кәсіби мемлекеттік басқару жүйесі. 
Сонымен бірге, Астана ұлттық дамудың қуатты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет