47
керек» [123, б. 73]. Мысалы:
rastlantı
сөзінің түбірі
rast
пен
zorunlu
сөзінің түбірі
zor
– түрік тіліндегі парсы бірліктері.
Профессор Ахмет Ерджиласунның да осы орайдағы пікірі назар аударады:
«Мұндай сөздер ғылыми тілге де кіре алмайды.
Bağımsız
сөзі форма жағынан
қате. Өйткені
bağ
сөзіне жалғанған + I (m) – етістіктен есім тудыратын морфема
(
alım, satım
) [124, Б. 121-122].
Басқа ғалымдар да бұған тілдік қолданыстан нақты деректер келтіреді.
Мысалы
Фарук Тимурташ: «Жасалған жаңа сөздер тілімізде біртектілік
болмағандықтан, әлі де толығымен сіңісіп кетпей жатыр әрі түсінік қателігіне
байланысты оларды дұрыс қолданбау жағдайлары орын алуда.
Осы тектес
бірнеше сөзге мысал келтірейік:
Hafıza
сөзіне балама ретінде ұсынылған әрі
психология термині болып табылатын
bellek
сөзі,
bellemek
етістігіне
-к
сөз
тудырушы морфема жалғану арқылы жасалған. Бірақ бұл сөз форма жағынан
дұрыс болғанымен мағына және түсінік тұрғысынан қате.
Bellemek
сөзі «үйрену»,
«білу» дегенді білдіреді.
Hafıza
сөзі болса – «алған білімді есте сақтау қабілеті».
Негізі бұл сөз
hıfz
деген түбір сөзден жасалған,
яғни «сақтау», «қорғау» дегенді
білдіреді.
Bellek
сөзі бұл мағынаны қамтымайды» деп, өз ойын жалғастырады
[122, Б. 45-46].
Сонымен қатар: ««Қиял, бейне, пішін, көрініс» мағыналарын білдіретін
imge
сөзі – француз тіліне ұқсатылып жасалған сөздердің бірі.
Тілдің тарихи
кезеңдеріне көз жүгірткенде бұл сөз еш жерде кездеспейді. Түрікше
im
сөзі,
«белгі», «шартты белгі», «құпиясөз» дегенді білдіреді. Осы түбір сөзге қосылған
-ga
морфемасы
başka, özge
сияқты шектеулі сөздерде кездесетін өлі морфема.
İm
«елес», «бейне» деген мағынаны білдірмейді.
İmge
сөзі французша «елес»,
«пішін» дегенді білдіретін
image
сөзіндегі дауысты «а» әрпін азайту арқылы
жасалған сөз. Кейініректе осы
imge
сөзіне ұқсастырылып
simge
сөзі жасалған
.
Бұл сөз «таңба» деген мағынаны білдіреді. Бұл
екі сөз шет тілдік сөздерді
мысалға алып, қате түбір мен морфемалардан жасалған сәтсіз баламалар», - дейді
ғалым Тимурташ [122, б. 35].
«Асыра сілтеушілер,
avdet
орнына
dönüş,
faaliyet
орнына
çalışma
деген
сөзді қолданғысы келеді. Барлық синонимдер тілден шығарылып, тіл жұтаңдады.
Kara
бар деп
siyah
,
aylık
бар деп
maaş
,
otak
бар деп
çadır
сөздерін тілден мүлдем
шығарып тастауға болмайды. Өйткені тіл осылай байиды» дейді ғалым Исмаил
Данишменд [125, Б. 100-101].
Профессор Ахмет Ерджиласун осы ойды былайша жалғастырады: «Асыра
сілтеушілікті туындатқан теріс құбылыстарға келер болсақ, олар мыналар:
қолданыстан шығып қалған және жаңа ұрпаққа жат сөздер, жас ұрпақтың әдеби
шығармаларды ұғынуын қиындатты. Таза түрікшелендіру науқанын
жақтаушылардың мақсаты ауызекі тіл мен зиялы қауым тілі арасындағы
айырмашылықтарды жою болғанына қарамастан,
жаңа сөздерді қарапайым
халық түсінбей, нәтижесінде осы екі топ арасындағы айырмашылықтар сақталып
қалды. Түрік тілінен шығарылған сөздер әзірбайжан, өзбек, татар және т.б. түркі
тілдерінде бар. Бірақ аталмыш тілдердегі жаңа сөздердің баламалары белгісіз
болғандықтан өзара қарым-қатынаста түсініспеушіліктер пайда болды. Жаңа
48
сөздерде түсінік шатасуы сезіледі және олар қате контексте қолданылуда
(мысалы,
süre
орнына
süreç
,
mukabil
орнына
karşın
сөзін қолдану). Түрік
мәдениетіне сіңісіп, ұзақ уақыт бойы халық арасында қолданылып жүрген
күнделікті сөздерге аса мән берілгендіктен, термин мәселесі еленбей, түбірі
шетелдік сөздер мен терминдер түрік тіліне ықпал етуде» [124, Б. 20-21].
Ғалым Аталай «Тілді бөгде элементтерден тазалау» науқанына қатысты
жасаған сараптамасында: «
Tabı’
сөзіне балама болып жүрген
baskı
сөзі де дұрыс
емес. –
gı
морфемасы көбінесе құрал атауын жасау үшін пайдаланылады. Темекі
өсірілетін жерлерде қолданылатын «темекіні басқыға қойдық»
деген сөйлемде
«темекіні басып тұратын нәрсенің астына қойдық» деген мағына бар. Яғни
tabı’
сөзінің баламасы
basım
болу керек. Осы морфема арқылы
saygı (
құрмет),
duygu
(сезім) сөздері де жасалды. Сондай-ақ
lahika
сөзіне балама ретінде
eklenti
сөзі
ұсынылды. Бұл сөздегі + (I)
nti
морфемасы сөз семантикасына «жасалып біткен»
деген мағына кодтап тұр.
Sarsıntı, yıkıntı, gürültü
т.б. сөздер – белгілі бір жұмыс,
іс нәтижесінде пайда болған туындылар. Қосымша болса тіркелген сөзбен бір
бүтін құрайды. Яғни тіркелгенге дейінгі бөлікті де қосымша ретінде қарастыруға
болады. Мұның
eklenti
сөзіне еш қатысы жоқ. Өйткені
eklenti
сөзі «тіркелгеннен
кейін пайда болған нәрсе» деген мағынаны білдіреді» деп осы ойды
жалғастырады [126, Б. 31-32].
Тілді түрікшелендіру үдерісінде асыра сілтеушіліктің оң нәтижелерден
гөрі теріс нәтижелері көбірек болды. Шет тілдері ықпалынан құтылудың орнына
түрік тілі одан да қиын жағдайға тап болды. Себебі
тіл
білімінен
жұрдай
адамдардың шет елдік сөздерге тапқан баламалары түрік тілі жүйесіне
сәйкес
келмеді және дыбыс, пішін, мағына тұрғысынан түрік тілі ерекшеліктеріне
қарама-қайшы болды. Осының салдарынан қате сөзжасамдар пайда болды.
Дегенмен, қате болғанына қарамастан, қазіргі тілде кеңінен қолданылып жүрген
баламалар да бар.
Түрік тілі шектеусіз материал өндіре алатын аса бай тіл болғанына
қарамастан, дұрыс, саналы түрде игерілмегендіктен «Тілді бөгде элементтерден
тазалау» науқаны қойылған мақсатқа жете алмады.
Достарыңызбен бөлісу: