Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет28/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100
II Конституциялық басқару кезеңі
. 1908-1927 жылдар аралығы. Ұлттық 
реформа алдындағы бұл өтпелі кезеңде араб тілді терминдердің орнына түрік 
тілінің төл сөздерінен, не болмаса шетелдік түбірлерге түрік қосымшаларын 
жалғау арқылы терминдер жасала басталды
[100].
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында Осман мемлекеті саяси, әскери, 
экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамып, күшейе алмағандықтан, ел 
ішіндегі этникалық қақтығыстар мен Еуропа мемлекеттерінің тұрақты 
қысымына төзе алмайтын халге жетті.
Осындай шарттар аясында басталған 1900 жылдардағы алғашқы маңызды 
оқиға, жоғарыда көрсетілгендей, 1908 жылы Түркияда конституциялық басқару 
жүйесінің енгізілуі болды. Осылайша 1876 жылдан бері жалғасып келген және 
абсолюттік монархиялық билікке негізделген сұлтан Әбділхамиттің режимі 
аяқталып, ел мәжіліс арқылы басқарылатын болды.
Алайда Осман мемлекетінің өз ішіндегі қолайсыз жағдайларды былай 
қойғанда, 1911 жылы Италияның Ливияны басып алуы, 1912 жылы Балқан 
соғысының басталуы және бұлардың артынан бүкіл елді өртті мекенге 
айналдырған Бірінші дүниежүзілік соғыс іс жүзінде Осман мемлекетін жойып,
Түркияның біраз жерін Еуропа елдері уақытша басып алды, армия таратылды
[101, б. 157].
Кедейлікке душар болып, шаршаған халық басып алынған жерлерде грек 
және армян зұлымдығына ұшырады. Гректер мен армяндар ауылдар мен 
қалаларды өртеді, түрік халқын мүлде жойып жіберу мақсатында адамзат 
тарихында болып көрмеген ұжымдық қылмыстар жасады [102, Б. 67-68], [103]. 
Өз тарихында ешқашан ешкімге бодан болып, отар болып көрмеген түрік 
елі енді біржолата жоқ болып кету қаупімен бетпе-бет келді. Сөйтіп, 
1911
жылдан бастап бүкіл әлемнің дерлік шабуылына ұшыраған және гректермен, 
сербтермен, бұлғарлармен, ағылшындармен, француздармен, орыстармен, 
армяндармен, арабтармен, австриялықтармен, тіпті жаңа зеландиялықтармен 
және үнділермен соғысуға мәжбүр болған түріктер, 1919 жылы бүгінгі Отанын 
құтқару және тәуелсіздігін қорғау үшін бар күшін жинап, Ататүрік 
басшылығымен «Өлім не өмір» күресін бастады [104].


43 
Түркиядағы бұл ұлт-азаттық соғыс 1922 жылы жеңіспен аяқталды. Көп 
адам шығынына ұшырай отырып, түрік халқы жағдайы қанша қиын болса да, 
тәуелсіздігін сақтап қалды
[105, б. 707]. Соның нәтижесінде Осман империясы 
тарих сахнасынан кетіп, оның орнына 1923 жылдың күзінде қазіргі Түркия 
республикасы, яғни жаңа түрік мемлекеті өмірге келді.
Тарихи-ғылыми талдамада Түркия республикасы – сол Осман 
мемлекетінің жалғасы, бірақ қазіргі заманға, кезеңге лайық басқа сипаттағы 
құрылым деп бағаланады [106, Б. 47-48]. Себебі Түркия республикасы өмірге 
келгенше де «мемлекетті қалай сақтап қалуға болады?» деген сұрақ күн 
тәртібінде болып, интеллигенция, зиялы қауым өкілдері тарапынан түрлі саяси-
идеологиялық бағыттар ұсынылып, мұның түрлі жолдары іздестіріліп, түрлі ой-
пікірлер мен ұсыныстар айтылды, тұжырымдар алға тартылды.
Нақты айтқанда, кезінде үлкен саяси, рухани пікірталас туғызып, түрлі 
жиналыстар өткізіліп, мыңдаған мақала, жүздеген кітап жазылған мұндай 
бағыттар, ағымдар үшеу болды: «османшылық», «исламшылдық», «түрікшілік».
Алайда бұл үш саяси ағым ішінен «түрікшілік»
 
қана өміршең болып 
шықты. Өйткені Осман империясы өктемдігінен ажыраған мемлекеттердің енді 
Османдық дәстүрлерді жалғастырып, жаңғыртып, Осман империясы аясындағы 
түр-түсі, діні мен ділі, мәдениеті мен мақсат-мүддесі түріктерден бөлек халықтар 
бірлігін қайта қалпына келтіру енді мүмкін емес болатын. Ислам бірлігі идеясы 
да Осман империясымен бірге өз күшін жойды.
Сондықтан жалғыз жол – түріктердің өз тілі мен мәдениетін, салт-
дәстүрлері мен ұлттық мақсат-мүдделерін бір арнаға тоғыстырып, шынайы түрік 
болмысын түлетіп, түріктік сананы оятып, жаңа түрік мемлекетін құру болды. 
Бұлай деп отырғанымыз – Осман дәуірінде «түрік» атауы ұмытылған еді. Тіл де, 
әдебиет те, тіпті ұлт та «османдық» деп аталатын. Османдық – бұл мемлекеттің, 
яғни империяның аты болатын. Оның құрамына көптеген ел, ұлт кіретін. 
Олардың бәрі дерлік Осман мемлекеті құрамынан шыққаннан кейін бұл елде, 
яғни Анатолияда қалған ұлттың аты «түрік ұлты», тілі «түрік тілі», әдебиеті 
«түрік әдебиеті» деп аталуы тиіс еді. Бұл Осман дәуірі кезеңіндегі сананы 
өзгертіп, түріктің ұлттық санасын ояту үшін керек еді.
Ол үшін біраз жұмыстар істеліп, насихат жасалуы, бұл бағытта түрлі 
ұйымдар құрылуы тиіс еді. Осыған орай, түрікшілдік жұмыстар ең алдымен тіл 
саласында басталды. Оның ең басында сол кезеңге дейін түрік, араб және парсы 
тілдері элементтерінен құралған қойыртпақ тілді тазартып, оны зиялы қауым мен 
қарапайым халық бірдей түсінетін түрік тіліне айналдыру мәселесі тұрды. 
Өйткені ол кездегі түрік тілінде араб-парсы тілдерінен алынған сөздер, сөз 
тіркестері мен қосымшалар өте көп болғандықтан, оны араб-парсы тілдерін 
білетін Османдық зиялылар ғана түсінетін, ал қарапайым түріктер түсіне 
бермейтін.
Бұл игі істі 1911 жылы құрылған «Genç kalemler» (Жас қаламдар) 
журналында қызмет еткен Өмер Сейфеттин атты жазушы мен Зия Гөкалп есімді 
ойшыл, философ әрі ақын бастады.


44 
Түрікшілдік идеяларын насихаттауда Зия Гөкалптың (1876-1924) еңбегі 
орасан зор
[107, б. 3]. Оның қаламынан оннан астам кітап, көптеген өлеңдер мен 
дастандар, ғылыми және публицистикалық мақалалар туды
[108]. 
Түріктік болмысты түлету, түріктік сана-сезімді ояту, халықты, әсіресе 
жастарды осы бағытта тәрбиелеу жолында, 1912 жылы, яғни XX ғасыр басында 
құрылған «Türk ocakları» (Түрік ошақтары) журналы үлкен рөл атқарды [109].
Жаңа тұрпатты түрік мемлекеті – Түркия Республикасының негізін қалау 
барысында Зия Гөкалп пен Жүсіп Ақшораның пікірлері ұлт көсемі Ататүрікке де 
игі әсерін тигізді. Ататүрік Зия Гөкалп туралы айта келіп, былай деген: «Етім 
мен сүйегімнің әкесі Әли Рыза әпенді болса, ой-пікірлерімнің әкесі – Зия Гөкалп» 
[110, Б. 25-50].
Бұл басылым күні бүгінге дейін «Türk ocakları» қоғамдық ұйымының 
ғылыми-теориялық басылымы ретінде «жоғары» әдеби стильді жалпыұлттық 
тілге айналдыру үрдісін жалғастыруда.
«Genç kalemler» журналы «жоғары» стиль мен ауызекі сөйлеу тілін 
біріктіріп, арасындағы айырмашылықтарды азайтудың жолы ретінде «жаңа тіл» 
(yeni lisan) қалыптастыруды ұсынды
[111]. Сонымен 
қатар 
журнал 
қызметкерлері түрікше баламасы бар араб, парсы сөздерін қолдануға шектеу 
қою, жат грамматикалық ережелерден бас тарту, түрік тілінің сөздік қорын 
жетілдіру, оның жазуы мен орфографиясын тілдің төл болмысына сай жаңғырту, 
жаңарту, ұлттық түрік тілінің тарихи-мәдени негіздерін анықтауға қатысты өз 
ой-пікірлерін ұсынды.
Бірақ, тіл реформистерінің ғылыми-теориялық дайындықтарының әлсіздігі 
кертартпа күштерге төтеп бере алмады. Соның салдарынан реформа бөгеліп, 
«жоғары» стиль түрік тілінде одан әрі дараланып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет