Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет90/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

тұсаукесерi
өттi
(Жас Алаш, 
28.02.2013).
Дүйсенбі күні Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында «Алашорда» 
деректі фильмінің 
тұсаукесері
 болды
(Ана тілі, 23.03.2009). 


140 
Кәдесый
. Ол – «сувенир» атауының қазақша баламасы ретіндегі жаңа 
қолданыс. Оның жасалу үдерісін қарастырсақ,
кәдесый
дегенде ойға келетін 
негізгі мағына – «сыйлық». Бірақ бұл жай сыйлық емес, «кәде ретінде сыйға 
тартылатын бұйым, зат». Ал, 
кәде
– тұрмыс-салтқа байланысты жасалатын сый-
сияпат [197, б. 608]. 
Қазақ тіліндегі «қалыңсыз қыз болса да, 
кәдесіз
қыз болмайды» деген 
сөздер – осы дәстүрдің тілдік бейнесі. Демек, 
кәдесый
деген жаңа қолданыстың 
мазмұнында этнографиялық сипат басым. Дегенмен қазіргі мәдениаралық 
коммуникация мен халықаралық байланыстар кеңістігіндегі 
кәдесыйдың
заманауи қолданысындағы елтанымдық мағыналық реңк оның жаңа 
қолданыстық сипатын күшейте түседі деп ойлаймыз.
Сонымен, 
кәдесый
сөзінің этнографиялық ұғымындағы 
кәде
семасының 
айқын болуы және қолданылу жиілігі жоғары 
сый
сөзімен бірігуі арқылы 
жасалған бұл балама сәтті болып, орысша «сувенир» сөзіне балама ретінде 
күнделікті қолданысқа сіңіп кетті.
Мысалы: 
Түрлі сауда орталықтарында сатылымға түскен ұлттық 
негіздегі 
кәдесыйлардың
барлығы дерлік өтімді болды
(Алматы ақшамы, 
20.04.2011). 
Көрмеге сонымен қатар, «Әдемі-Ай» компаниясының сәндік-
қолданбалы өнер бұйымдары мен 
кәдесыйлары
 ұсынылған
(Ана тілі, 11.05.2014). 
Сондай-ақ соңғы кездері дүйім жұртқа таныс, этномәдени ұғымдағы 
беташар
сөзі жаңаша сипатта қолданылып жүр. 
Беташар
– қазақтың келін 
түсіргенде жасалатын дәстүрлі салтының бірі [295].
Бірақ түп-тамыры этномәдениеттен таралғанымен, этноұғымдық мәні 
кейін ығысқан 
беташар
сөзінің қазіргі жаңа қолданыстық мағынасы – «алғашқы 
қадам», «бастама» [197, б. 230].
Яғни қазіргі таңда бұл сөз баспасөзде орыс тіліндегі «вступление», 
«предисловие» деген сөздердің баламасы ретінде қолданысқа түсті.
Мысалы: 
Елбасы Назарбаев университетi жастарымен кездесуiнде «Егер 
ашаршылық болмағанда бiз бүгiнде 40-50 миллион болар едiк» деуi осы фильмге 
сұранып-ақ тұрған 
беташар
сөз емес пе?!
(Алматы ақшамы, 17.05.2012). 
Өз 
кезегінде, Ақтау қаласында тұңғыш рет орнатылып отырған отандық өнімдер 
стенді алдағы уақытта әлемнің 20 елін қамтитын жемісті жұмыстардың 
беташары
 іспеттес
(Айқын, 06.12.2016). 
Мазмұнында ұлттық кодтың мәні сақталған жаңа қолданыстар түрік 
тілінде де көптеп кездеседі. 
Cankurtaran 
сөзі көне түркі жазбаларында «үлкен 
желкен» деген мағынада қолданылған.
 
Бір кездері 
cankurtaran
сөзі «жедел 
жәрдем» сөзіне балама ретінде ұсынылды.
Мысалы: 
Cankurtaran
geçidinde konuşlanan trafik ekipleri, yoldan sadece 
kurtarma çalışmalarına katılacak araçların geçişini izin veriyor
(25.09.2009).
Алайда төмендегі мысалдардан бұл терминнің бара-бара «құтқарушы» 
деген мағынада кеңінен қолдана бастағанын көреміз.
Мысалы: 
Özel plajlarda ise belediye mensubu 226 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет