150
Түркия арасында дипломатиялық, экономикалық, саяси, мәдени, ақпараттық
қарым-қатынастардың ерекше қарқынмен жандануы, Еуроодақ тілдері мен түрік
тілі арасында мыңдаған заңнамалық актілер мен құжаттардың аударылуы түрік
терминологиясы дамуының ұлттық бағдарын тежеді; 2) Түркия мен
Қазақстанның
демографиялық
жағдайындағы
айырмашылық.
Қазір
Қазақстандағы қазақтар саны – 13 млн., түріктер – 83 млн. Адам саны 90 млн.-ға
жуық, мыңдаған веб-сайты, мыңнан астам ресми және бейресми телеарнасы,
жүздеген радио арнасы бар Түркия халқының күнделікті тілдік қолданысын
бұрынғыдай үкімет тарапынан қатаң бақылап, қадағалау қиыншылық туғызуда;
3) ұзақ ғасырлар бойы империя болып, ешқашан біреудің қоластында бодан
болып көрмеген түріктердің ұлттық сана-сезімі – түріктердің когнитивтік
санасының ерекшелігі. Оның басты себебі – елдегі негізгі ұлт – түріктер санының
басымдығы (82%) және бүкіл халықтың жаппай түрік тілінде сөйлеуі; 4) қазіргі
Түркияда бұл мәселені қолға алып, ұйымдастырып, біріздендіретін Ататүрік
секілді біртуар тұлға жоқтығынан туындаған «Түрік тілі қоғамы» ұсынып
отырған жаңа сөздерге тіл тұтынушы қоғамның енжарлығы; 5) қазіргі жаһандану
дәуірінде шетелдік сөздердің түрік не қазақ тіліне ықпалын азайтудың бірден-бір
жолы – ғылым мен техниканың төл өнімдері ретіндегі техникалық жиһаз не
құралдарға түркі атауларын беру арқылы бүкіл әлемге «түркі әлемін» таныту;
Қорыта айтқанда, Қазақстан және Түркия Республикаларының
бәсекелестікке қабілетті ел ретінде қай салада болмасын қарқынды дамуы
интеграциялық қарым-қатынасты күшейтті. Соған орай тіл тұтынушысы
санасында ғылым мен білім қорының жаһандану үрдісі қалыптасуда. Бұл үрдіс
инновациялық жүйенің тиімді қолданылуына негізделген қазақ-түрік тіл
білімінің ғылыми-теориялық негіздемесін дамытуды қажет етеді. Сондықтан
қазақ және түрік тілдерінің жаңа өмірге икемделген заманауи лексикасы мен
жаңа атауларының мән-мазмұнын ашу аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: