Қазақ лиро-эпостарын салыстыра зерттеудің теориялық мәселелері



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі484,25 Kb.
#15518
1   2   3
Байланысты:
Қазақ лиро-эпостарын салыстыра зерттеудің теориялық мәселелері

Түйінді сөздер. Фольклорлық негіздер, мәдени-әдеби байланыс, эпостық және лиро-эпостық жырлар 

 

 



Қазақ  халқының  асыл  қазынасы,  бай  мұ-

расы не дегенде – эпостық және лиро-эпостық 

шығармаларды  алдымен  атай  аламыз.  Қазақ 

халқының  және  бірге  туысқан  түркі  халық-

тарына  ортақ болып келетін эпостық жырлары  

мыңдаған жылдар бойы, бізге сақталып жетті. 

Эпостық  шығармалардың  бойынан халықтың 

қилы  тарихын  мәдениетін,  эстетикалық  ойлау 

ерекшеліктерін, дәстүрлерін    көре аламыз. 

Фольклортану ғылымы эпостық және лиро-

эпостық шығармалардың туыстығын, ұқсасты-

ғын байқауда  үш түрлі  ұқсастық типін ерек-

ше атайды [1, 35]. 

Біріншіден,  халықтардың  тарихи  туысты-

ғына,  тектестігіне  байланысты  тарихи-гене-

тикалық ұқсастық. 

Екіншіден, ел мен  елдің  тарихи-мәдени қа-

рым-қатынасы  арқылы  тарайтын  ұқсас,  үндес 

сюжеттер. 

Үшіншіден, халықтардың  шаруашылық кә-

сібінің,  қоғамдық  дамуының  бірыңғай  болып 

келуінен  туындайтын  тарихи-типологиялық 

ұқсастық. 

Лиро-эпостық  жырлардың  қазақ  халқын-

дағы  нұсқаларын  басқа  халықтарындағы  осы 

тектес  жырлармен  салыстырып,  олардың  ха-

лықтық,  фольклорлық  негіздерін  ашуға,  қо-

сылған  жерлерін  ажыратуға,  сонымен  бірге 

тарихи  фактілер  мен  эпикалық  ерекшелігінің  

ара  қатынасын  анықтауға  мүмкіндік  туады. 

Ғалымдар тарихи-типологиялық тәсілді  фоль-

клортануға әр саладан қозғау салатын, ұғымды 

әдіс деп қарайды [2, 230]. 

Қазақ фольклорын басқа халықтардың ауыз 

әдебиетімен  салыстыру,  ондағы  ортақ  нәрсе- 

 

 



лерге баға беру ХІХ ғасырдың алғашқы кезеңі-

нен  басталды.  Бірақ  та,  салыстыра  зерттеу  әр 

кезеңде әр түрлі сипат ала отырып, мақсаты да  

әр түрлі  болды. 

Зерттеуші ғалым Ш. Ибраев ХІХ ғасырдың 

30-жылдары жарық көрген А. Левшиннің “Қыр-

ғыз-қазақ  немесе  қырғыз-қайсақ  ордаларымен 

далаларының  сиаттамасы”  деген  еңбегінен 

осындай  өзгешеліктерді  байқап,  ол  жөнінде 

былай  дейді: “Зерттеуші  өзінің  қазақ  фоль-

клорына қатысты байқауларын арагідік ежелгі 

замандағы  халықтар  мен  тайпалар  туралы 

сақталған  тарихи  деректермен  салыстырып 

отырады және ондай салыстырулар белгілі бір 

ой-пікірлерді  қорытындылауға  қызмет  етеді. 

Қазақтың поэзиясы ертеде өмір сүрген халық-

тар  мен  тайпалардың  фольклорымен  сабақтас 

деген тұжырымға тоқтайды” [3, 22]. 

Сонымен  бірге  салыстырмалы  зерттеудің  

кейбір жаңа өзгешеліктерін  қазақтың ұлы пер-

зенті  Шоқан  Уәлиханов  еңбектерінен  көреміз. 

Шоқан  зерттеулерінде  ежелгі  халықтардан 

римдіктер, скифтер, гректер,  қытайлар секілді 

елдердің  әдет-ғұрып,  тұрмыс-тіршілігі,  фоль-

клоры туралы мәліметтер түркі-монғол халық-

тарының  этнографиясымен,  ауыз  әдебиеті  үлгі-

лерімен әдемі салыстырылып отырған [4, 212]. 

Жалпы  Шоқан    қазақ  халқының  фольклорын 

дүние  жүзі  халықтарының  мәдени-әдеби  бай-

ланысын биік деңгейде тани білген. 

Ш. Уәлихановтың  салыстыру  арқылы тұжы-

рымдаған  мәселесі,  ол – қырғыздың  әйгілі 

“Манас”  эпосын  көне  грек  эпосымен  байла-

ныстыра  отырып, жыр – бір   халықтан  екінші 

халыққа    ауыспалы  жүретін    ұқсас  сюжеттің 

Қазақ лиро-эпостарын салыстыра  зерттеудің теориялық мәселелері 




25 

 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (138). 2012 



 

 

жиынтығы  емес,  белгілі  бір  халықтың  даму 



тарихында  қалыптасатын,  қоғамдық  өмірімен, 

тұрмыс-тіршілігімен  біте  қайнасып  жатқан, 

тарихи  қажеттіліктен  туған  көркемдік  ойдың  

жемісі екенін байқап, келелі мәселе қозғайды. 

Түркі    халықтарының    фольклоры,  оның 

ішінде    қазақ  ауыз  әдебиеті  дегенде  тілімізге 

алдымен  академик  В.В.  Радлов  есімі  түседі. 

В.В.  Радлов  түркі  халықтарының  асыл  мұра-

ларын  жинап,  қазақ  халқының  поэзиясы  қыр-

ғыз,  Қырым  мен  Осман  түрктері  және  Алтай 

мен Сибирь халықтарының байланысты екенін 

анықтады.  Сонымен  қатар  Радлов  қазақ  ха-

лық поэзиясының көне бастауын  іздеуге де із 

салды [5, 37]. 

Ғалым эпостың шығу тарихына тоқтала оты-

рып, қырғыздың “Манасын”, гректің “Илиада-

сымен”,  финнің    “Калеваласымен”  салысты-

рады. 


Жалпы  аталған  ғалымдардың  еңбектері  

салыстырмалы  тарихи    зерттеудің  бастамасы 

ғана  еді.  Белгілі  бір  жүйе  қалыптаспады.  Тек 

қана эпикалық шығармаларды салыстыру сюжет 

пен мотивтерді, сонымен бірге кейіпкерлердің 

ұқсастығына  байланысты  сыртқы  мағыналық 

жақтан  таныстыру  орын  алды.  Ал  олардың  

ішкі пішінін, жанрлық құрамын, айтылу типін, 

үлкенді-кішілі  айырмашылығын,  нақтылы  ат-

қарып  тұрған  қызметін,  түр  ерекшеліктерін 

нақты анықтауға мән бермеді. 

Тарихи  салыстырмалы  зерттеудің  теория-

сымен негізгі принциптерін анықтап,өз алдына 

пән  етіп,  зерттеу  әдісі  қылып  қалыптастыруға 

еңбек еткен ғалым – В.М. Жирмунский болды. 

Ол 1958 жылы  Дүниежүзі  славянтанушыла-

рының  жиналысына  тарихи-типологиялық 

зерттеудің  методикасы  мен  принциптерін 

халықаралық  көлемде  алғашқы  рет  көтерді. 

В.Жирмунский  фольклорға  қатысты  тарихи 

салыстырмалы  тәсілдердің  бірнеше  түрін  атап 

өтеді:  яғни    салыстыру,  тарихи-генетикалық 

(туыстық)  салыстыру,  мәдени  бағытқа  негіз-

делген  бір-бірінен  ауысып  алуды  анықтайтын 

салыстыру  және  тарихи–типологиялық  са-

лыстыру [6, 75]. 

Қазақ фольклорында тарихи салыстырмалы 

зерттеулердің  үш  түрлі  қолданылып    келгенін 

атап айтуға болады. 

Салыстырмалы зерттеуді   профессор М. Ғаб-

дуллин    «Қобыланды  жырының»  нұсқаларын, 

Т.Сыдықов  “Алпамыс  батыр”жырының      нұс-

қаларын, Н.С.Сирнова “Қыз Жібек” пен “Қам-

бар  батырдыңдың”  версиясын,  Н.Дүйсенбаев 

“Қозы-Көрпеш–Баян  сұлу”  жырының  вариан-

тын  салыстырып,  өз  еңбектерін  жариялаудан 

көруге болады.  

Тарихи салыстырмалы зертеудің келесі түрі 

–  тарихи-генетикалық,  яғни  тарихи-туыстық 

зерттеу  әдісі.  Мұндағы  негізгі  мәселе  халық-

тардың  туыстық  тегіне,  тарихи  тамырласты-

ғына байланысты.  

Қазіргі  түркітану  ғылымында  түркі  халық-

тары  тілінің    тарихын  зерттеудің    қандай  қа-

сиеті  болса,  түркі  тектес  халықтардың  ауыз 

әдебиетін  зерттеу  де  сондай  қажеттілік  туды-

рып отыр. 

Тарихи  туыстық  тегіне  қарап  бір  өлкеде  

тұратын  елдердің  ауыз  әдебиетіндегі  ортақ 

заңдылықтарды  анықтау  славян,  балкан  ха-

лықтарының    эпосын  зерттеген  В.  Жирмун-

ский,  В.  Виноградов,  В.  Чичеров,  Б.  Путилов, 

В.  Гацак,  тағы  басқа  еңбектерінде  оның  ғы-

лыми терең шешімін тапты. 

Салыстырмалы зерттеудің  келесі тәсілі- ел 

мен  елдің-халық  пен  халықтың  бір-бірімен 

араласып,  қарым-қатынас  жасауынан  пайда 

болған байланыстарды зерттейді. 

Түркі  халықтары  фольклорын  салыстыр-

малы  типологиялық  тұрғыдан  зеттеп  талдау 

үшін,  ең  алдымен,оның  негізгі  аспектілерін 

анықтап,  ажыратып  алу  керек  те,  екіншіден, 

сол зерттеу барысында терминдердің  мағына-

сын  ашып,  жетілдіру  қажет.  Өйткені  фоль-

клортану  ғылымында  терминдерді  бір-бірінен  

ажыратып,  нақтылы  дәл  мағынасын  тауып, 

тұрақтандыру міндет. Бұл жөнінде “әр термин-

нің  өз  түсінігін  анықтап,  оның  тегі  мен  түр-

лерін,  сапалық  ерекшеліктерін  ажырату  үшін, 

термин жүйесінің  біртіндеп жетілуіне қажетті 

тәжірибие  мен тәсілдердің маңызы зор” дейді  

Б. Путилов [7, 11] 

Халқымыздың  ауыз  әдебиетінде  ұрпақтан-

ұрпаққа  қалдырып,  ғасырлар  өткен  сайын 

ұлылығын  асыра  түсіріп  келе  жатқан  асыл 

мұраларымыздың бірі – лиро-эпос жырлар. 

Бір  жағынан,  лирикалық,  сыршылдық  са-

рыны  бар,  екінші  жағынан,  оқиғалы    болып

эпосқа тән сипатқа  ие болатын шығарма түрі.     

Ғашықтық жырлардың мазмұны халқымыздың 

ертедегі  жалпы  әдет-ғұрпына, үйлену  салтына 

байланысты өмірге  келген 

Ә.  Қоңыратбаев  батырлық  жырлармен  ға-

шықтық  жырлардың  жанр  ерекшеліктерін  қо-

рытындылай  келіп,  он  екі  айырмашылығын 

нақтылап көрсетеді [8, 9]. 

“Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу”, “Қыз  Жібек” 

нұсқаларын  салыстыра  зерттеп,  бұл  шығар-

малардың  қазақ  және  басқа  түркі  халық-

A. C. Бұлдыбай 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4(138). 2012 



26 

 

 



 

ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 

№ 4 (138). 2012 

тарында  алатын  орнының  маңыздылығын 

айқындау  фольклористика  ғылымының  ал-

дында тұрған негізгі мәселенің бірі. 

“Қыз  Жібек”  жырының    сюжеті. “Қозы 

Көрпеш-Баян сұлу” жырынан беріде, шамамен, 

ХVІІ  ғасырда  пайда  болған  делінеді. “Қыз 

Жібек”  жыры  қазақ  халқының    төл  мұрасы 

болса да, оның көптеген бір-біріне ұқсамайтын 

нұсқалары  бар.  Ең  негізгі  деп  алынатын  “Қыз 

Жібек” жырының – халық арасына кең тараған 

нұсқасы  мен 1887 жылғы  Мұсабай  нұсқасы 

тереңірек қарастырылып, олардың айырмашы-

лықтары мен ұқсастықтары  баршылық.   “Қыз 

Жібек”  жыры  қазақтың  төл  туындысы  десек 

те, көршілес жатқан  қырғыз, қарақалпақ туыс-

тарымызға  тарап  үлгірген  екен.  Жыр  бертін 

келе  пайда  болса  да,  ақын – жырауларымыз-

дың  арқасында  өзінің  жан  сұлулығын  көрсе-

тетін  лиро – эпостық  шығарманың  інжу – 

маржанына  айналғанымен  қатар,  қазақтың 

өткен тарихын анық  бере  алатынымен   құнды 

екенін    баса  айта  аламыз.  Барлық  нұсқасы  да 

қазақтың тарихын шынайы түрде бере алған.  

Қазақ  фольклорында  жырдың –  класси-

калық  эпостық  деңгейге    көтеріліп,  көркем 

туындыға    айналу  себептері    көп.  Әр  халық-

тың  өзіндік  ерекшелігін,  салт-дәстүрін,  тұр-

мыс-тіршілігін  көрсететін  шағын  бөлшектер-

ді,  адамдардың  мінез-құлқын  бейнелейтін 

психологиялық  иірімдерді  жырда  кеңінен 

пайдаланып отырған. 

Жырдың  нұсқасында  әр  түрлі  болып  кез-

десетін  мифтік  сарындар,  аңыз-  әңгімелер,  әр 

алуан  сюжеттер    мен  мотивтер,  эпосқа  тән 

элементтерді  салыстыру  барысында,  тарихи – 

типологиялық  байланыстың  ең  бірінші  ке-

зекте,  туысқандыққа  негізделген – тарихи – 

генетикалық, ал онан соң – қоғамдық дамудың 

ортақтастығы және көршілестік қарым – қаты-

настар  барысында  пайда  болғандығын  пайым-

дауға  болады.  Әсіресе,  мифтер  мен  аңыздар-

дан түркі халықтарының  түп-төркіні аңғарыл-

са,  эпостық  элементтер  мәдени  қарым-қаты-

настар мен көршілестіктің нәтижиесі екендігін 

байқатады.  

Қазақ  халқының    бай  ауыз  әдебиеті  нұсқа-

лары  ішіндегі    ең  бір  асыл  да  көркем  үлгі – 

“Қыз  жібек”  жыры.  Бұл  шығарманың  бізге 

жеткен    нұсқалары  онша  көп  емес.  Болғаны   

үшеу  ғана.  Көптеген  мәліметтерге  қарағанда  

“Қыз  жібек”  жырының  негізгі    айтушылары-

ның  бірі  Мұсабай  жырау  деп айтады. Бірақ  

ел  арасына    кеңінен  тарап,  әйгілі  болған  нұс-

қасы    Жүсіпбек  қожа    Шайхұлисламұлының  

қаншама рет жариялаған “Қыз Жібек” хикаясы 

атты  жыры.  

Жалпы, “Қыз  Жібек”  жырының  таралу  

шегі  неге  аз дегенде  фолклортанушы  ғалым 

Ы. Дүйсенбаев бірнеше себептерін атап өтеді. 

Біріншісі. “Қыз  Жібек”  көне  жыр  емес  әрі 

кетсе,  ХVІІ  ғасырдың  шамасында    шыққан, 

яғни оның  көбірек  тамыр жоюына мүмкіндік 

болмай қалған. 

Екіншісі.  Ел  арасына    кезінде  мол  тараған 

бұл поэманың нұсқалары сақталмай, көпшілігі 

біздің заманға келіп жетпеген.  

“Қыз Жібек” жырының түбі  қайдан, кімнен 

шықты дегенде, бір зерттеушілер жырды Орта 

жүз  ашамайлы  Керей  Сегіз    сері  Баһрамұлы  

Шақшақов (1818-1854) деп    көрсетіп,  дәлел-

деулер көрсетеді.  

Ғалым    С.Садырбаев 1985 жылы  Қырғыз-

станның  Ғылым  Академиясы  қолжазбалар 

бөлімінен  “Қыз  Жібек”  жырының  Тәжікстан-

ның  Жергетел  ауданында  тұратын  қырғыз 

ағайындардың  айтуынан    жазып  алынған  бір 

нұсқасына  жолыққанын  айтады [9, 187-192].  

1890  жылы  жыр  алыбы  Жамбыл  Жабаев  Тоқ-

мақ  жерінде,  қырғыз  елінде  екі  жыл  тұрған 

екен.  Жырды  жырлаушы  Сұлтанов  Кедейхан 

деген  манасшының  атасы  Алыбаймен  дос 

болады.  Екеуі  бірге  жүріп,  ел  арасындағы  той 

–  тамашаға  қатынасқан.  Осындай    үлкен 

жиындарды Жамбыл қазақ елінің “Қыз Жібек” 

деген жырын жырлаған,  ал Алыбай  сол жыр-

ды  Жамбылдың  айтуынан  жаттап  алып,  оны  

қырғыз  арасына  кең  таратқан.  С.  Садырбаев 

жырдың қырғызша  қырық сегіз беттік қолжаз-

басын алып, қырғыз  әдебиетшілерінің көмегі-

мен  қазақшаға  аударылуына  себеп  болады. 

Бүгінде ол қолжазба Жамбылдың Мемлекеттік 

әдеби музейінің ғылыми қорында сақталынып 

тұр екен.  

Жамбылдың  жырлауымен  қырғыз  еліне 

тараған “Қыз Жібек” жырының қырғызша нұс-

қасында  Сансызбайдың    батырлық,  ерлік  на-

мыстары  ерекше көрсетіледі.  

Кейбір  жыршылар  Жібектің  соңғы  өмірін 

“аға өлсе – іні мұра” деген әмеңгерлік жолмен 

шешеді.  Бұл  Жүсіпбек  Шайхұлисламовтың 

Қазан  қаласында  жариялаған  нұсқасында 

жиірек  кездеседі.  Кейбір  нұсқасында  Жібек 

қалмақ  ханының  тұтқынан құтылып шыққан-

дығы  айтылады,  ал  Сансызбай  мен  Жібектің 

қарым-қатынасын  әдеппен,  сыпайыгершілік-

пен шектейді. Мәселен, Жамбыл Жабаев жыр-

лаған  қырғыз  жыршысы  Сұлтанов  Кедей-

ханның  айтуымен  біз  жазып  алған  “Қыз  Жі-

Қазақ лиро-эпостарын салыстыра  зерттеудің теориялық мәселелері 




27 

 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (138). 2012 



 

 

бек”  жырында қалмақтың ханы Хорум (қазақ-



ша – Қорен) алысқа ұзап кеткен Жібектің ізіне 

түсіп,  Сансызбайларды  жарты  жолда  қуып 

жетеді.  Жекпе-жекте  Қоренді  Сансызбай  өл-

тіреді.  

Ал  Тәжікстан  республикасында  тұратын 

қырғыз  бауырлардың  айтуынан  жазып  алын-

ған  шағын  нұсқада  Төлеген  мен  Жібек  қосы-

лып, үш күн, үш  түн той болды деп  бітіреді. 

Негізінде  Сансызбайға Жібек қосылды ма, 

жоқ  па  дегенде,  жыршылар  екі  түрлі  аңыз 

айтады.  Бірі -  Қыз  Жібек  пен  Сансызбай  қо-

сылған  жоқ,  тек  ұзақ  жолдың  үстінде    бара 

жатыр десе; екінші бір жыршылар: “еліне аман 

келді,  қырық  күндей  той  қылып,  Сансызбай 

Жібекті  алды ” деп  екеуін  бақытқа  жеткізуге 

тырысады.  Мұның  бірнеше  себебі  бар:  бірін-

шіден  тыңдаушыны  Жібектің  бақытсызды-

ғымен  әбден  шаршаттым  ғой,  жырдың  соңын 

қуаныш  пен  тоймен  аяқтайыншы  деген  тәсіл-

ден туған  жыршының өзіндік әдісі; екіншіден 

–  несі  бар,  Қыз  Жібек  басқалар  үшін  аспан-

дағы жарық жұлдыз болса да, халықтың әдет- 

ғұрып  заңына  бағынады,  соған  көнеді  деген  

салт сезіледі.  

“Қыз Жібек” жырының бір нұсқасы Қытай-

дағы  Шыңжаң  қазақтарында  сақталған  екен. 

Осы  нұсқа 1985 жылы    Үрімші  қаласындағы 

“Жастар”  баспасынан  жарық  көрген  “Қазақ-

тың  ғашықтық  жыры”  атты  төрт  томдық  ең-

бектің  бірінші  кітабында  жарияланған.  Жыр 

Алтай  аймағының  тұрғыны  Шерияздан  Сол-

танбайұлының айтуымен жазылып алынған.  

“Қыз Жібек” жырының  халық арасына  та-

раған нұсқасымен Мәскеудің тарихи музейінде 

сақталған Мұсабай жыраудың айтуымен жаза-

лып  алынған,  кейіннен  Мұхтар  Әуезов    пен 

Н.С.  Смирнованың    редакциялауымен  жарық 

көрген нұсқа.  

Фольклорлық  шығармалардың  қай-қайсы-

сын алсақ та, оның шыққан дәуірі осындай еді 

деп,  дәл  көрсету  мүмкін  емес.“Қозы  Көрпеш- 

Баян  сұлу”  жырына  қарағанда  төл  мұрамыз 

саналатын  “Қыз  Жібек”  жырының  бойындағы 

оқиғаларға байланысты, оның шыққан дәуірін 

шамамен топшылай аламыз.  

“Тарих – шындықтың  айнасы”  дейді.  Сол 

шындықты  берудің  әдіс-тәсілдері  әртүрлі 

десек, өткен тарихты есте қалдырудың жолын 

түркі  халықтар  көбіне  асыл  сөзбен  кестелеп, 

ғажайып бейнелермен әсерлеп жеткізген. “Қыз 

Жібек”, “Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу”  жырлары-

ның  құндылығы  да  сол  ғасырлар  бойы  қа-

лыптасқан  халықтың    көркем  ойлау  жүйесін 

жан-жақты  көрсете  алуында.  Бұл  бай  эпоста-

рымыздың түрлі салалары мен дәуірленуін әлі 

де    толық  анықтап,  жіліктеп  танып  біткеніміз 

жоқ.  Сол  себепті  де  жырдың  түркі  халық-

тарындағы  нұсқаларын  кеңінен  талғап  қарау 

ғана  ғылыми  қорытындығы  келуге  мүмкіндік 

береді. 


 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет