Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі0,81 Mb.
#126882
1   2   3
Байланысты:
77777 модуль

7-модуль.
Оқытуды басқару және көшбасшылық. 
Баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, 
өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірде өз жолын таба алады.Қандай да 
жағдай болмасын, өзіңіздің өмірік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа 
негізделеді.
 
Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту 
және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық 
деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының 
бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар 
кіреді.
Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, 
тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы 
дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары 
болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына 
қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан 
ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы-ның қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге 
пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен 
еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа 
алады. 7 модуль идеяларын сабақта қолдана отырып, оны өз идеяларыммен сабақтастыра 
отырып, сабақ нәтижесін жүзеге асыру көзделеді. Сабақты 7 модуль идеяларын 
ықпалдастыра өткізу коучингтегідей жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету емес, жаңа білімді, 
ақпаратты баланың өзіне игерту. Сондықтан жаа білімді өз бетімен алуға дағдыландыру 
үшін 7 модуль элементтерін толық қолдану тиімді болмақ. Мұның өзі мұғалімге үлкен 
жауапкершілік пен үнемі ізденісті қажет етеді. «Халық пен халықты теңестіретін - білім»-
деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт 
тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан да соңғы жаңалықтардан қалмай, жаңалық 
жаршысы болуымыз керек. «Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, 
ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді.
 


Заман талабына сай мектеп оқушыға тек білім беріп қана қоймай, қоғамдағы өзгерістерге 
төтеп бере алатын жаңа заман адамын тәрбиелеуге міндетті.
 

Document Outline

  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Орындаған: Нуржанова Ж
  • Тексерген : Измагамбетова Р


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет