Қазақ ұлттық қыздар



бет1/2
Дата02.05.2023
өлшемі40,43 Kb.
#88784
  1   2
Байланысты:
АЖЖФ 1 СӨЖ



Қазақ ұлттық қыздар
педагогикалық университеті



Kazakh National Girls' Pedagogical University



СӨЖ-1
Тақырыбы: Адам және жануарлар физиологиясы ғылымының даму тарихы

Орындаған:Шалғабай Маржан


Қабылдаған: Парманбекова Меруерт
Алматы 2023ж
Адам мен жануарлар физиологиясы (гр. φύσις — табиғат, гр. λόγος — ілім) — жануарлар организмінің, оның жеке клеткалары, тіндері мен органдарының, қызмет жүйелерінің тіршілігі туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты – адамның мұқтажына, талабына сәйкес үй хайуанаттарының тіршілік әрекеттерін зерттеп, олардың өнімділігін, өнімінің сапасын арттыру. Қазақстанда физиол. зерттеулер Алматы зоотех.-малдәрігерлік (қазіргі Қазақ агр. ун-ті) ин-тында (1929), Алматы мемл. медицина (қазіргі Қазақ мемл. медицина ун-ті) ин-тында (1931), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ-да) (1934) физиология кафедралары ашылғаннан кейін басталды. Сондай-ақ Қазақстан ғылым академиясының Адам және жануарлар физиологиясы ин-ты (1944 жылға дейін КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің физиология секторы), бірқатар респ. жоғары оқу орындарының тиісті кафедралары шұғылданады.‎
Физиология — биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. 
Физиология бірнеше салаларға бөлінеді:
ЖАЛПЫ ФИЗИОЛОГИЯ - ағзаның жасушалары мен ұлпаларына, мүшелеріне бірдей тән негізгі тіршілік әрекетінің табиғатын,қызметтерінің жалпы көрсеткіштерін,қасиеттерін зерттейді. Олардын сытқы және ішкі ортаның әр түрлі әсерлеріне жалпы жауабын тітіркену, қозу, тежелу т.б. құбылыстар туралы мәліметтерді қарайды.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ФИЗИОЛОГИЯ - әр түрге жататын ағзалардың өзіне тән қызмет ерекшеліктерін немесе бір түрге жататын ағзаның әртүрлі тіршілік кезеңдеріндегі қызмет ерекшеліктерін зерттейді(қазіргі уақытта эвалюциялық даму физиологиясы деп аталады.
ЖЕКЕ ФИЗИОЛОГИЯ- кейбір жануарлар түрінің, мысалы малдар, өсімдіктер, адам ағзаларының қызметін зерттесе, немесе адам физиологиясының ішінен жеке мүшелердің бауырдың, бүйректің, жүректің, жүйке жүйелерінің т.б. қызметі мен ерекшеліктерін зерттейді.
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ - адам ағзасының тіршілік әрекетінде онтогенездік даму барысындағы өзгерістерді анықтайды.
ҚОЛДАНБАЛЫ ФИЗИОЛОГИЯ - адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты ағзадағы өзгерістерді, оның заңдылығын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет