Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» ақындарының қоғамдық ойы мен негізгі бағыттары

Дата22.04.2023
өлшемі1,56 Mb.
#85752
Байланысты:
10 семинар

Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» ақындарының қоғамдық ойы мен негізгі бағыттары

  • Орындаған: Балғабай Толқын

Зар – заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбубәкір Кердері, Аубан Асан , т.б.

Қазақ халқының ХVIII ғасырдағы тәуелсіздік үшін күресі «Ерлік дәуірі» аталды. Сол кезеңдегі жыраулар жас ұрпақты жаудан қаймықпай қарсы тұруға, табандылық пен ерлікке шақырды. Эпикалық жанрда жыр толғаған Ақтамберді:

Күлдір де күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екеміз, … Жалаулы найза жанға алып Жау қашырар ма екеміз! –деп халықты рухқа үндеді.

«Зар заман» дәуірі поэзиясының мазмұны мен идеологиялық құндылықтары.

Жазушы М. Әуезов атап кеткендей, «Зар заман» дәуірінің ақындары XIX ғасырдың ортасына дейін елдің өткен еркін өмірін аңсап, ұлтты рухани құндылықтарынан ажырамауға шақырды, халықтың тағдырын мұң-зармен жырлады. Олар патшалық Ресейдің отаршылдық өктемдігіне, халықтың өз жерінде ауыр жағдайға түскеніне көнбеді. «Зар заман» ақындары елінің ертеңі үшін алаңдады, өткенді сағынышпен, аңсаумен еске алды. Болыс басшыларының парақорлығы, кейбір қазақ билерінің әділетсіздігі, қоғамда белең алған жала жабу, өсек айту т.б. сынға алынды. Бұл тығырықтан шығу жолын кейбір ақындар о дүниемен ғана салыстыруға барды. Ел басына түскен қасіретті ақырзаманмен теңеді.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің отарлау озбырлығы күшейді. Ұлт-азаттық көтерілістер басып-жаншылғаннан кейін халық ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарады.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің отарлау озбырлығы күшейді. Ұлт-азаттық көтерілістер басып-жаншылғаннан кейін халық ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарады.

Зар заман шығармаларының идеясы:

«Зар заман» ақындары шығармаларындағы негізгі ортақ идея – ел бірлігі мен мемлекет тұтастығы: «Біз бірлік-берекеден айырылып барамыз, бүйте берсек құримыз», – деп қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалды. Олар отаршылдықты айыптап, қазақтарды ұлттық санасынан, халықтық болмыс-бітімнен ажырамауға, салт-дәстүрді бұзылмаған қалпында сақтауға үндеді.

Негізгі идеологиялық құндылығы:

«Зар заман» дәуірі ақындары шығармаларының негізгі идеологиялық құндылығы – өткен және бақытты кезеңді мұқият түсіну арқылы қиындықты жеңіп, келешекке ұмтылу, халық рухын көтеру болды. Бұл дәуірдің ақындары өлеңдерінде патша үкіметінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, шаруашылық отаршылдығына ашық түрде қарсылық білдірді. Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі ерекше шабытпен жырланды.

Зар заман дәуірінің ақындары:

ХІХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын қосуға болады. Олар «Зар заман» дәуірінің ақындары аталды.

Назарыңыз үшін рақмет!

Назарыңыз үшін рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет