Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан тұсында қаланды деуге толық негіз бар



Дата14.10.2023
өлшемі144 Kb.
#115062
Байланысты:
ref -zhangir-han-1801-1845




ЖӘҢГІР ХАН
(1801-1845)



Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан тұсында қаланды деуге толық негіз бар. Ұлттық тарихымызда ол Жәнібек хан деп жай аталмайды, Әз Жәнібек хан дегендей ерекше марапатқа ие болған. Біз 2002 жылдың алғашқы сандарынан бері қарай «Қазақ хандығының құрылуы» деген тақырыппен Қазақ мемлекетіне аса зор еңбек сіңірген Керей, Әз Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке және т.б. хандар туралы өмірбаяндық әрі тарихи деректерді үзбей жариялап келеміз.
Қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы 1801 жылы бұрынғы Бөкей ордасында дүниеге келді. Сол Бөкей ордасы қалай құрылып еді? Осы орайда, Еділ-Жайық бойының арғы бергі тарихын айтпай кету және орынсыз. Жеті жұрт мекен еткен бұл атырапты біздің жыл санауымыздан бұрынғы VIII – III ғасырлар аралығында иран тілдес скиф-сарматтар мен аландар қоныстаныпты. Кейіннен Угоро-фин тайпасы мен венгрлер, біздің дәуіріміздің IV – XIII ғасырында түркі тілдес ғұндар мен аварлар, хазар, оғыз, печенек, қыпшақтар, XIII – XV ғасырда монғол хандары орда тікті. Олардың өкшесін баса кеп ноғай мырзалары мен қазақ хандары қанат жайды.
XV – XVII ғасырда түркімен, қарақалпақ, башқұрт халқы жайлады. Осы аты аталған үш халықтың бір бөлігін Кубаньға, екінші жартысын Арал теңізі маңына ығыстырып, XVII ғасырдың 30-шы жылдары қалмақтар кеп орнықты. Қытайдан қашып бас сауғалаған бұл шұбырынды Бұхар мен Самар даласын қоныстанған жетінші жұрт болатын.
Десек те, бұл өңірге қалмақтар табан тіреп орныға алмады. Ауызбірліктің аздығынан екіге жарыла айырылып, 1771 жылы Үбіші хан бастаған 100 мың шаңырақ қаңырап жатқан Жоңғар өлкесіне қайтадан қотарыла көшті. Қалған аз бөлігі Еділдің арғы бетіне әупіріммен өтіп бас сауғалады.
Сонымен, 1771-1801 жылдардың мөлшерінде Еділ-Жайық арасындағы Самар даласы деп аталатын байтақ өлке бос жатты.
Әз Жәнібек хан салдырып,
Ақылын кәпірге алдырып
арманда кеткен Астрахань қаласын сол кезде билеп тұрған губернатор Киорпиг бұл жерге тез бауыр баса қойды.
Заңдастырып алуды да ұмытқан жоқ. 1799 жылы Астрахань мен Жайық өзенінің теңізге құятын жеріне дейінгі аралықты қорыққа айналдырған патшаның указы шықты. Губернатор осы қорыққа бас-көз болуды полк командирі Попов дегенге жүктейді. Поповпен тіл табысқан Бөкей сұлтан ақыры Киорпигтің аузын алып, Еділ мен Жайық арасында еркін көшіп-қонып жүруіне, қалаған жеріне қыстауына рұқсат беруін сұрайды. Бұл өтініш губернатор арқылы патшаға жетеді де, Павел I 1801 жылы 11 наурызда мақұлдағанын білдіріп, жоғары мәртебелі указын шығарады. «Бөкей ордасының» іргесі міне, осылай қаланады.
1801 жылы күзде Бөкей сұлтан әр рудың старшындары мен билерінің басын қосып, Бұхар беттен Самар бетке жедел қоныс аударуға қам жасайды. әрқайсысының қонысын белгілейді.
Бастапқыда Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы жұртын сұлтандық дәрежемен басқарады. 1812 жылы оған хан атағы беріледі. Бірақ, бұл атақтың игілігін көре алмай, араға үш салып, 1815 жылы қайтыс болады. Соңында орнын басар үш ұл қалды. Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей. Хан тағының мұрагері – Жәңгір бұл кезде небәрі он төртте болатын. әрі Астрахань қаласындағы азаматтық губернатор Андреевскийдің үйінде жатып, орысша білім, еуропаша тәрбие алып жүрген кезі еді. Сондықтан мұрагер оң-солын танығанша ел тізгінін марқұмның інісі Шығай ұстады.
Жәңгір 1824 жылы әкесі Бөкейдің орнын басып, арнайы указбен хан тағын алды. Араға бір жыл салып, Орал қаласының жанындағы тоғайда осы мәртебелі атақтың құрметіне ұлан-асыр той өткізіледі.
Оған Орынбор шекара комиссиясының шенеуніктері, Орал, Астрахань казачествосының иығы зерлі әкімдері шақырылған. Бұл жер әлі күнге «Хан тоғайы» деп аталады.
Иә, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі, Бөкейдің бел баласы Жәңгір қазақ тарихындағы соңғы хан. Бұл Россия императорының екі басты самұрық бейнелі мөрімен расталған шындық. Бірақ соңғы хан Кіші жүзді басы бүтін билей алмады. Сондықтан да үкім құдіреті аға сұлтандықтың о жақ, бұ жағында болды. Ақ сөйлеу парыз, осындай әрә-сәре күйді әкесі Бөкей де бастан кешті.
Жәңгір ханның бойында қаталдық пен қайраттылық, өктемдік пен ерлік, мансапқорлық пен дегдарлық қат-қабат ұштасып жатқан болатын. әрқайсысы орайына қарай көрініс тапқан. Тіпті қателігі де бір басына жетерлік еді. Біз тарихи тұлғаларды әлі күнге дейін тек әдеби кейіпкер дәрежесінен асып тани алмай келеміз. әйтпесе, Жәңгір ханның қателігімен қатар халыққа бағыштаған ізге істері де жетерлік еді ғой. Мысалы, ол 1826 жылы Қазақ елінде шешек ауруына қарсы тұңғыш егуді ұйымдастырды, 1928 жылы Бөкей хандығының географиялық және топонимикалық картасын жасатты, 1832-1833 жылдары Ордада жәрмеңке және дәріхана ашты, 1941 жылы тұңғыш мектеп дәріс бере бастады. Бұл мектепте балар грамматика, математика және басқа пәндер бойынша білім алатын жоғары мектеп болды. Осы мектептің қабілеті жоғары зерделі түлектері Ресейде білімін жалғастыруға мүмкіндігі болды. Жәңгір хан сауатты адам болған. Қазан университеті жанындағы ғылыми-тарихи қоғам құрамына ол құрметті мүше болып енді. Ол халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданады, өзі де көптеген эпикалық туындылар жазды. Оның басқаруымен Ордада қазақтың шеберлері жасаған аса құнды әскери қару-жарақтар сақталатын музейі құрылды. Жәңгір хан екі мемлекет субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарға бірқатар өзгерістер енгізді. Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да бұл процестің өріс алуы үшін жерге жеке меншікті енгізді. Салық жинауды күшейту бағытында ды бірқатар істер тқарды. Мемлекеттік сауда саясаты тауар айналымының көлемін ең жоғары деңгейге дейін кеңейту және көпестердің ағылып келуі үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру бағытында жүргізілді. Жәңгір ханның елге еткен еңбегі мұнымен де бітпейді. Қалай дегенмен де, қазақ даласын бөлшектеуді көздеген империялық саясат ең соңғы ханның да көзін жойып тынды.
Жәңгір 1845 жылы 11 тамызда қайраты толып, жер-көкті ойша шолған дер шағында құпияда қаза болды. Бұл Тарғын өзенінің бойындағы резиденциясында, жаз жайлауға шығып отырған шағы-тын. Орынбордан балдызына еріп Зигмуддинов деген бірге келді. Хан аң қағуға алып шығады. Аунайды-қунайды. 5-тамыз күні ертеңіне қонағына шаш алдырады. Қайысқа білемдеген қылпып тұрған ұстара желке тұсынан сәл қан шығарып, жаралап кетеді. Оған алғашқыда мән бермейді. Бірақ кешке қарай ауырлап, төсегіне ерте жатады. Ертеңіне күп боп ісіп кеткен қалпы оянады. Ордадағы дәрігерге ат шаптырады. Дәрігер күдікті диагноз қояды. Қатты удың әсері денег тарап кеткен дейді. Алты күн арпаласып жатқан қазақтың соңғы ханы артына жақсылы-жаманды сөз, байыпты, тиянақсыз іс қалдырып түс ауа дүниеден өтті. Жантәсілімен етер алдында арпаласып, айналасында алладан медет тілеп отырған төресі мен қарасын қатар жинап сөз қалдырыпты дейді.

  • Басыма қонған құдайы күлшедей бақты көре алмай, қотанда тұрып ортасынан жарылып үріккен қойдай боп ең. Сені билеген әкімнің артында жақсы аты қалмас, -депті қарашасына қарап.

  • Көзің ашылсын, көкірегі оянсын деп мектеп ашып ем, қаламың жүрдек болмаса неғылсын, - депті арқаға жүзін бұрып.

  • Тақырға гүл өсер деп су құйып ем, оным үстімді былғар шалшыққа айналды, - депті шығысқа назар тіктеп.

  • Әй, қос тентек, бірің ағам, бірін інім, бірің батыр, бірің ер кімге қарсы қол жинағаныңды білмей өттің-ау. Ақыры, балақтағы өкпеге аспандағы мені саттың. Кінә қай-қайсымызда да жетерлік. Кеш, - депті әлдебір өкініш һәм нала бауырын тырнап.

  • Бұ қазақтың еститінің жақсы болсаң да бір атаңа нәлет, жаман болсаң да бір атаңа нәлет, - депті дейді алыстан талығып жеткен бір дауыс. – Қайыр, хош!..

Егер Жәңгірді патша үкіметі қастықпен өлтіртті дейтін болсақ, біз білетін үш түрлі себебі бар.
Біріншіден, Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс өзге өзге, Орынбор генерал-губернаторы мен шекара комиссиясының өзін мезі ғып біткен. Қаптаған арыз-шағым, қашты-қудыға төрелік етуден қажыды.
Екіншіден, Жәңгір Ордадан бекініс салдырып, Орал казачествосы әскерінің бір бөлімшесін ұстауға қарсы болды. Үй ішінен үй тіктіріп елді ханға басқартқаннан гөрі бар билікті Уақыша Советтің қолына ұстатқан тиімді. Қазақты қазаққа билеткенде бір-біріне көрсеткен шапағаты белгілі емес пе?
Үшіншіден, Фатима тоташтың ықпалымен Ордаға татарлар көп жиналды. Екінші Қазан жасаймыз деп Новоказанка селосын салды. Осы кез татарлардың патша қырына ілініп, Петербургтен қуғынға түсіп жатқан шығы-тын. Бұл да үкіметтің қырағы әкімдері назарынан тыс қалмады.
Төртіншіден...
Енді Жәңгірдің ата-бабасының жерленген жерлерін айта кеткен дұрыс шығар. Әбілқайыр хан қазіргі Ақтөбе облысы Майтөбе деген өңірде Қабырға өзенінің бойында мәңгілік тыныштық тапқан. Нұралы ханның сүйегі Уфада қалды. Бөкей ханның зираты Каспий теңізі жағасында, Шурьев облысы Теңіз ауданы Дина Нүрпейісова атындағы разъезд маңында. Жәңгірге өзі іргесін қалатқан Орда топырағы бұйырды. әлі күнге дейін «Хан зираты» деп аталады. Екі жанында қос ұлы Сақыпкерей мен Сейткерей жатыр. Жәңгірдің аяқ жағынан Фатима тоташ қоныс тепкен. Құлпытастары сол қалпы. Бес күндік тірлікте бастарынан бұлағай дәурен өтпегендей, айнала жым-жырт, үнсіз. Сөйтіп, зұлым саясат зардабынан қазақтың соңғы ханы да қаза тапты.


1801-1845 жылдары өмір сүрген Жәңгір ханның халыққа бағыштаған ізгі істері

1826 ж. – Қазақстанда шешек ауруына қарсы тұңғыш егуді ұйымдастырды.


1828 ж. – Жәңгір ханның тапсыруымен Бөкей хандығының географиялық және топонимикалық карталары жасалады.
1832 ж. – Хан жәрмеңкесі ашылды
1833 ж. – Дәріхана жұмыс істеді.
1841 ж. – Қазақстанда тұңғыш мектеп дәріс бере бастады.
1841 ж. – Қазанда Жәңгірдің арабша атаумен «Қысқартылған заңтану» кітабы шықты.
1844 ж. – Жәңгір хан Қазан университеті ғылыми кеңесінің құрметті мүшесі болып сайланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет