Жиынның элементтерін таңдау фильтрін қалай береді?
Элемент шамасы бойынша і-шіні қалай табады?
Жиынның шектелген зонасында жұмыс жасау кезінде операциялар санын қалай кемітеді?
Сандық жиындағы медиана дегеніміз не?
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС N 12 Жазу типті мәліметтер Жұмыстың мақсаты: жазу типті мәліметтер күрделі объектілерді бейнелеуде пайдаланатын мәліметтер құрылымын қалыптастыру; жазулар типі мен сәйкес айнымалыларды глобальды және жергілікті айнымалылармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.
Тапсырмалар. 1. Жазықтықта n нүкте берілген. Координаталар басына жақын орналасқан нүктені табыңыз.
2. Нүкте мен түзудің, екі түзудің және екі жазықтықтың арасындағы қашықтықты табыңыз.
Дене бір қалыпты үдемелі қозғалады. Дененің Т уақыттан кейінгі жылдамдығы мен үдеуін табыңыз.
4А+7В-3А+8А-2К+1Р-5R-2В көпмүшелігі берілген. А аүшін ұқсас мүшелерді тауып қосынды коэффициентті есептеңдер.
Группада 30 оқушы бар. Студенттердің берілген аты жөні және 6 сабақтан тапсырған емтихан бағасы бойынша әрбір оқушының орта балын, аты-жөнін және ең жақсы оқушының орта балын есептеп экранға шығаратын программа құрыңдар.
Ағымдағы күннен Х күн өткеннен кейін болатын күнді есептейтін программа құрыңдар.
Мекеменің автомобильдері жөніндегі мәліметтерді (марка, түсі, шыққан жылы, сапасы, құны) сақтап, жасалған сұрау бойынша мәліметтерді беретін программа құрыңдар.
Қалаларалық автостанциядағы автобустар қозғалысының кестесін сақтайтын программа құрыңдар: рейс нөмірі, маршрут (бастапқы және соңғы пункттері), жүру мезгілі.
“Студент” деп аталатын жазу типті мәлімет берілген. Төмендегідей ақпаратты өңдейтін программа құрыңдар.
А) Қалада және жатаханада қанша студент тұрады;
Ә) Бірінші семестрдегі қанша студенттің балы 12-ден жоғары;
В) Екінші семестрдегі қанша студенттің балы 13-тен төмен;
Г) Оқу жылы бойынша орташа оқу үлгерімін есептеу;
Д) Үлгермейтін студенттердің тізімін шығару;
Е) Тізімді балдың кемуі бойынша реттеу;
Ж) Тізімді алфавиттік ретпен реттеу.