Бақылау сұрақтары : Символдық берілгендер үшін қандай қатынас белгілері пайдаланылады?
Қайталану операторының көмегімен құрылатын программа қалай орындалады?
Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды қалай өңдеуге болады?
Жолдық өрнек дегеніміз не?
Жолдық өрнеутерде амалдар қолдануда пайдаланылатын символдарды көрсетіңіз?
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС N 9 Бір өлшемді және көп өлшемді массивтер Жұмыстың мақсаты: Массивтерді есептер шығару барысында пайдалана білу, бір өлшемді және көп өлшемді массивтерді типтер және айнымалылар бөлімінде сипаттай білу; массив элементтерін енгізу жолдарын білу, өлшемі айнымалы болып келген массивтерді сипаттай білу; массив элементтеріне әртүрлі операциялар: іздеу, сұрыптау, алмастыру операцияларын қолдана білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Тапсырмалар. Бүтін сандардан құрылған А(n) массивіндегі берілген Х санына тең болатын элементтер санын табыңдар.
Бүтін сандардан құрылған элементтері әртүрлі А(n) және В(n) массивтері берілген. Осы массивтердің ортақ элементтерін экранға шығаратын программа құрыңдар.
Р және п натурал сандары мен а1,…,аn бүтін сандары берілген. а1,…,аn тізбегінің Р санына еселі болатын мүшелерінің көбейтіндісін табыңдар.
Р, q және а1,…,аn бүтін сандары берілген (P>q>=0). а1,…,аn тізбегіндегі модулі Р-ға бөлгенде q қалдық беретін мүшелерін нольмен алмастырыңдар.
а) 5-ке еселі;
б) тақ және теріс;
в) 5-ке бөлінетін және 7-ге бөлінбейтін;
г) аі<і2 шартын қанағаттандыратын мүшелерінің қосындысын және санын табатын программа құрыңыз.
А(m,n) матрицасының әр жол элементтерінің ең үлкенін экранға шығаратын программа құрыңыз.
А(m,n) матрицасының диагональдарындағы ең кіші элементті экранға шығаратын программа құрыңыз.
А(m,n) матрицасының диагоналындағы және одан жоғары жатқан элементтерін нольмен алмастырыңдар.
Берілген санды қарапайым көбейткіштерге жіктеңдер.
1-ден 10000-ға дейінгі аралықтан барлық кемел санды табыңдар. (Егер сан өзінің бөлгіштерінің қосындысына тең болатын болса (1-қосқанда және сол санның өзі қосылмаған жағдайда), онда сан кемел сан деп аталады.
Берілген ондық жүйедегі санды екілік жүйеге аударып басып шығарыңда.
А) тізбектің мүшелерін солдан оңға қарай қосу;
ә) кері ретпен қосу;
б) оң және теріс мүшелерінің қосындыларын жеке есептеп, солдан оңға қарай қосу;
в) оң және теріс мүшелерінің қосындыларын жеке есептеп, оңнан солға қарай қосу.