Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогикалыќ институты



бет2/8
Дата01.02.2023
өлшемі334 Kb.
#64456
1   2   3   4   5   6   7   8
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Қазақтан Республикасы қалаларының атмосферасының жалпы ластануы
1.1 Шет елдер және Қазақстан қалаларының атмосферасының ластануы
Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.
Ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, (шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек,) жатады. Өнеркәсіпте және көлік отын жанған кезде түзілетін азот оксидтері (N2O, NO, NO2 ) атмосфераны ластайтын көздердің бірі. Күн сәулесінің әсерінен күрделі химиялық реакцияға түсіп нәтижесінде уытты фотооксиданттар (озон, азот қышқылы) түзілуіне үлес қосады. Атмосферада озот оксидтерінің, фотооксиданттардың концентрациясы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады.
Қазір атмосфераның зиянды заттармен ластанғандығы соншалық, сол ластанған көзден ондаған, тіпті жүздеген километрге дейін таралады. Атмосфераға техногендік жылудың, көмірқышқыл газының және аэрозольды қоспалардың түсуіне байланысты климаттың өзгеру мүмкіндігі;
Атмосферада фреондардың, азот тотықтарының және басқа да кейбір қоспалардың түсуінен жердің озон қабатының бұзылуы мүмкін;
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның деректеріне қарағанда, ауылдық жерлерден гөрі қалалардағы атмосферада газ күйіндегі лас заттар 15-25 есе және қатты заттар 10 еседей көп екендігі анықталды. Қыс айларында қалаларда тұман екі еседей, жауын –шашынмен 5-10 % көп түсетіндігі, жерге жететін күн радиациясының деңгейі 20-30 % орташа температура 0,5-1,5С жоғары, желдің орташа жылдамдығы 20-30% кем болатындығы байқалды.
Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп соғады. Мысалы: Лос -Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бір қатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нәтижесінде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды.
Лондонда смогтар ХІХ ғасырдың соңынан бастап –ақ белгілі болған, әсіресе 1952 және 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигізді. 1952 жылдың 5-9 желтоқсан аралығында қаланың үстін қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкірт ангидриді, азот оксиді, альдегидтер, хлорлы көмірсутектер, т.б) мөлшері ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейін көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит ауруымен ауыратын адамдардың көпшілігі смогтың әсерінен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстінде 1956 жылы ақпанда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда “Ауа тазалығы туралы заң ”қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы біршама азайған.
Атмосфераның ластануы адам, жануарлар, өсімдіктер үшін әрқашан зиян.
Өсімдіктер үшін әсіресе улы болып саналатын күкірт, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Олар ауыл шаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтіреді. Дәнді дақылдардан бұл газдарға өте сезімтал- арпа, көкөністерден –шпинат, капуста, салат, редис.
Ауаның құрамында болатын күкіртті газдың шектеулі нормасы 0,02 мг/м3, азот оксидтері-0,02 мг/м3 және аммиак-0,1 мг/м3.
Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау 2007 жылы 50 стационарлы кентте жүргізілді, 21 елді мекен республикасында: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Риддер, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз қалалары.
Ауаның ластануының ең жоғары деңгейі (ИЛА 5-12,6 ) Алматы қаласында. Ластанған (ИЛА 5->5) қалаларға 10 қала жатқызылған, соның ішінде ауаның жоғары ластануы (ИЛА 5->7) 8- қалада.
Республикамыздың 18 қаласында бір ғана улы зат қоспасы бар ластану концентрациясының орта мәні ШРК- дан асып түсіп отыр, ал 5 қалада (Алматы, Риддер, Теміртау, Өскемен, және Шымкент) үш және одан көп улы заттар қоспасының концентрациясы ШРК –дан жоғары. 10-қалада азот диоксидінің 1,3-2,2 ШРК шегіндегі орта концентрациясы байқалған. Ал 1,2-2,8 ШРК шегіндегі ауаға көтерілген улы заттар (тозаң түрінде) – 9 қалада, 1,3-4,3 ШРК шегінде формальдегид – 7 қалада, 1,7-3,0 ШРК шегіндегі фенол – 4 қалада байқалған.
Бақылау жүргізіліп отырған жерлерде 20 елді мекенде ең болмағанда бір ғана улы зат қоспасының бір жолғы концентрациясы ең шекті мөлшері ШРК – дан асып кеткен, Бұл жағдайда мұның өзінде 12 қалада (Алматы, Астана, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей, Тараз, Теміртау, Шымкент, Өскемен, және Глубокое кенті) үш және одан да көп улы зат қоспасы үшін белгіленген ШРК – дан асып кеткені байқалған. Ауаға көтерілген улы заттардың ШРК – дан жоғары концентрациясы 16 қалада, оксидті көміртек -14 қалада, диоксидті азот пен формальдегид – 4 қалада, аммиак пен фторлы сутегі – 3 қалада, күкірт диоксиді – 2 қалада (1- кесте) байқалған.
2007 жылы атмосфералық ауаның жоғары ластануының (ВЗ) 22 жағдайында және төтенше жоғары (ЭВЗ) 1 жағдайында улы заттың концентрациясының рұқсат етілетін мөлшерден 10,2-14,0 есе (2 кесте) артық болуы тіркелген: Астана қаласында улы заттың ауаға көтерілетін концентрациясының ең шекті мөлшері көктем айында 14,6 ШРК (1 ВЗ), мамырда – 65,2 ШРК (1 ВЗ), болған, азот диоксиді (3 ВЗ) концентрациясы ШРК – дан 10,4 – 23,8 есе артқан Балқашта улы заттың ауаға көтерілетін концентрациясы рұқсат етілетін мөлшерден 10,2-11,6 есе артқан, күкірт диоксиді – 10,3 -21,3 есе артқан, Қызылордада улы заттың аспанға көтерілетін концентрациясы рұқсат етілген мөлшерден 10,2-14,0 есе артқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет