Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогикалыќ институты


Қазақстан Республикасының атмосфералық ауасының ластану деңгейі



бет5/8
Дата01.02.2023
өлшемі334 Kb.
#64456
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-14196

Қазақстан Республикасының атмосфералық ауасының ластану деңгейі

Қала

ИЛА5

Ауаның ластануына өнеркәсіп орындарының әсері жоғары

2005жыл

2006 жыл

2007 жыл



Алматы

15,2

12,1

12,6

Автокөлік, энергетика

Қала бойынша орташа

6,17

5,62

5,52






    1. Қала атмосферасын ластайтын негізгі көз болып саналатын

автокөлік шығарындылары

Қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттектердің шығарындыларына негізгі үлесін қосатын автокөліктер, мысалы Алматы қаласында шамамен 80-90%. Жалпы соңғы жылдары ауаға автокөліктен шығарылатын зиянды заттектердің көлемі 2 млн. тоннадан асып отыр.


Экологтардың есебі бойынша ауаны ластайтын ластағыш заттектердің саны 2000 -ға жуық.
Атмофералық ауаға ең қолайсыз әсер тигізетін автокөлік болып саналады. Бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектерімен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышынан анағұрлым жоғары екені айқын көрінеді.
Бензин қозғалтқышымен қамтамасыз етілген көлік әр 15000 км жүргенде 4350кг оттекті жұмсайды. Бұл жағдайда қоршаған ортаға 3250 кг көміртек диоксиді, 530 кг көміртек оксиді, 93 кг көмірсутектер, 27 кг азот оксиді шығарылады.
Корбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған газда 200-ге жуық химиялық қосылыстар болады, олардың ішінде, көмірсутектер, бенз(а)пирен, қорғасын, көміртек пен азотоксидтері жатады.
Автокөлік қозғалтқышында жану процесінен ең қауіпті құрауыштың бірі бензиндегі тетраэтил қорғасыннан Pb(C2 Hs)4 түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары 1 литр бензинді жаққанда ауаға 200-700 мг Pb бөлініп отырады. Автокөліктің іштен жанатын қозғалтқыштарында оттек жетіспейтін жағдайда немесе күйемен көміртек диоксиді әрекеттескенде түзіліп, атмосфераны ластайтын қауіпті ластағыштың бірі түссіз және иіссіз көміртек оксиді (СО) болып табылады. Ауаға түскен соң біраз уақыттан кейін көміртек оксиді қауіптілігі төмендеу көміртек диоксидіне айналады
2 СО +О2 2СО2
Егерде СО көп мөлшерде ( 750 мг /м3 ) атмосферада болса, адамды тұншықтырып (асфиксия) өлімге душар етеді. Себебі, қандағы гемоглобин реакцияға оңай түсіп, оттекті тасымалдайтын қабілеті жоқ карбоксигемоглобин деген қосылысты түзеді.
Академик А.П.Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын анықтады.
Француз ғалымы Ж.Детридің есептеулері бойынша, автокөліктерден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы -9%, көміртек оксиді -4%, көмірсутектер-0,5%, оттек-4%, сутек-2%, альдегидтер-0,006%, барлығы 200 - ге жақын компоненттер бар екенін анықтады.
Атмосфераға транспорттан бөлінген газдардың құрамында 25-27 % қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм ге дейін болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам ағзасына түсетіні белгілі болды.
Мысалы: Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемі 2,5 млн автокөлік, Парижде-900 мың, т.с.с ластайды. Ал, әрбір мың автокөліктерден күніне ағзаға 3000 кг көміртек оксидтері, бөлінеді. Бұл физика –химиялық қоспалар, тыныс алу кезінде адам мен жануарлар және өсімдік әлеміне зиянды болып табылады.
Автокөліктердің зиянды заттар шығару шамасына қозғалыс режимі мен жылдамдығы әсер етеді. Қалаларда автокөлік қозғалысы бір қалыпты емес, бағдаршамдарда тоқтап, қайтадан жүрісін жылдамдатуға тура келеді. Мұндай жағдайда отын толық жанбай, шығарылатын қалдықтары 1,5-2 есе, NOx-1,5-2 есе бейорганикалық заттар қосындылары 20-25% -ға артады. Қаладан тыс жерлерде автокөліктердің зиянды заттар шығаруы жүру жылдамдығына байланысты болады. Жылдамдық артқанда NOx шығарымдылары 1,5-2 есе, бейорганикалық заттар қосындылары 1,2 есе артады.
Зиянды заттар шығару шамасына едәуір әсер ететін автокөліктерді пайдалану факторлары:

  • Жүргізушінің мамандық деңгейі;

  • Автокөліктің техникалық күйі;

  • Пайдаланудан бастап қанша жол жүргені;

  • Автокөліктің күтімі және пайдаланудың техникалық көрсеткіштері.

Автокөліктердің негізгі топтарының тозуы, оны пайдалану көрсеткіштерін нашарлатып, ластаушы заттар шығаруларын арттырады. Қазіргі кезде автокөліктер орташа 100 мың км астам жол жүрген және 50%-ның орташа пайдалану мерзімі -8 жыл.
Екінші маңызды мәселе-автокөліктердің техникалық күйі және күтімі. Автокөліктерді пайдалануға қатысты осындай факторлар ластаушыларды 1,5-2 есе арттырады.
Автокөліктердің конструкциясына, отынның түріне, қозғалыс режиміне, пайдалану факторларына байланысты ластаушы заттар шығару дәрежесін есептеулер 9-кестеде келтірілген.
9-кесте
1.Автокөліктердің шығарымдыларға үлесі



Автокөлік түрі

Жанармай түрі

Келтірілген шығарылымдар үлесі, %

Конструкциясы

Жанармай

Қозғалыс режимі

Пайдалану факторлары

Жеңіл автокөлік

Б
ЭБ

56
6

2
63

34
19

8
12



Автобустар және жүк көлігі

Б
ЭБ
Д

60
14
49

2
59
5

22
13
33

16
14
13

Есептеулер нәтижелері көрсеткендей жеңіл автокөліктердің шығарымдыларының 8-12%, жүк көліктердінің- 14-16% пайдалану факторларына байланысты өседі, дизел отынын пайдаланғанда пайдалану факторларының үлесі -13%. Бензин отынын пайдаланатын жеңіл автокөліктердің шығарылымдарына көп үлес қосатын факторлар: конструкциясы және қозғалыс режимі, этилденген бензин қолданғанда–жанармай мен қозғалыс режимі, бензин қолданатын автобустар мен жүк автокөліктерінде - конструкциясы және қозғалыс режимі, этилденген бензин қолданғанда-жанармай, дизель отынын пайдаланғанда–конструкциясы мен қозғалыс режимі. Автокөліктердің 1 км жол жүргенде шығарылымдары 10- кестеде келтіріледі. Шығарылымдардың келтірілген массасы алты зиянды заттардың салыстырмалы зияндылығына (қауіптілігіне) байланысты есептелген.
10-кесте
2. Жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың қалаларда жүргенде шығаратын зиянды заттары

Жанармай түрі, Жүк көтерімі, автобус түрі

Келтірілген шығарылымдар,г/км

1 млн астам тұрғын бар қала

Тұрғындары 0,1-1 млн қала

Тұрғындары 0,1 млн аз қала

Жанармай түрі

Жеңіл автокөліктер

АИ-80,-92,-95
АИ-7в(Э)
АИ-93(э)

10,74
43,38
84,18

9,25
39,85
76,57

8,86
37,42
72,10

Жүк көтерімі,т

Жанармай

Жүк автокөліктері

2 т дейін

Бензин

77,07

69,22

68,25

2-5 т

Бензин

101,54

91,95

83,61




Газ

16,64

15,03

13,00




Дизель

41,51

37,46

30,58

5-8 т

Бензин

135,0

120,89

108,96




Газ

32,1

26,51

22,44




Дизель

55,05

48,93

40,07

8-16 т

Бензин

170,79

153,93

138,90




Дизель

66,57

58,57

4/8,10

16 т астам

Дизель

78,58

69,45

58,15

Автобус класы

Жанармай

Автобустар

Шағын

Бензин

131,01

118,28

106,24

Кіші

Бензин

136,64

165,39

109,87

Орташа

Бензин

185,64

163,39

150,08

Үлкен

Дизель

57,1

163,39

38,78




Бензин

232,61

45,96

188,56




Дизель

68,57

61,15

32,71

Өте үлкен

Дизель

76,94

67,21

53,19

Кестеден көргендей, этилденген бензин қолданатын автокөліктер этилденбеген бензин тұтынатындара қарағанда қоршаған ортаға 8 есе артық зиян келтіреді. Жүк автокөліктеріне зияны ең аз отын –газ. Жүк көтерімі көп жүк автокөліктері және үлкен автобустар кішілеріне қарағанда қоршаған ортаға 1,5-2 есе артық зиян келтіреді.


Сарапшылардың пікірінше, бір автокөлік сағатына 8-10 текшеметр улы газ шығарып, көлік қалдығынан қала ауасының 85 % ластанады. Автокөліктер тәулігіне 460 тонна химиялық тозаң шығарады. Сонда әрбір қала тұрғыны бір жылда 150 килограмм улы қалдықты жұтады.
Қала атмосферасының 80% автокөліктер улап отыр. Бір күнде орташа есеппен алғанда 500 тоннадан жоғары шығарынды улы заттектер Алматы қаласының ауасына жиналады. Казгидрометтің деректері бойынша, Алматы ауасының ластану деңгейі өте жоғары болып отыр. Мұнда ауаны басым ластайтындар: көмір қышқыл газы, күкірттің қосоксиді, көмірсутегілер, көмір оксиді, азоттың оксиді, мен қосоксиді, фенол, формальдегид, түтін-шаңдар және басқалары. Бұл бөлінген заттар ауада химиялық реакцияға түсіп, бұрынғыдан да жаңа қауіпті қосылыстар түзейді. Ауаның құрамындағы улы химиялық заттар адамның денсаулығын бұзады, өсімдіктердің өсіп - дамуына зиянды әсер етеді, егер ауада 0,2-0,5 мг/м3 болса, өсімдіктердің жапырақтарында жүретін фотосинтезді тежейді және хлороз кеселімен зақымдалуына ықпалын тигізеді. Автокөлік көбінесе көшелердің қиылысындағы бағдаршамдардың алдында және көше бойында бөгет болғанда басымырақ ластайды, себебі ондай жерлерде автокөліктер көп шоғырланады және олардың моторлары аз айналымда істеп тұрғанда ауаға улы газ көп бөлінеді. Улы заттардың көбісі, әсіресе көмірсутегілер мен көмір тотықтары толық жанып үлгере алмайды, ауаға шығып кетеді. Мотордағы жанармай толық жана алмағандықтан көмірсутегілердің басым бөлігі қара күйеге айналады, әсіресе бұл техникалық ахауы бар автокөліктерден қара түтін көп бөлінеді, ал ондай түтіндердің ішінде өте улы бенз(а)пирен деген көмірсутегі болады, егер ауа осы затпен ластанса, адамдардың өкпесінің қатерлі ісігімен ауруы жиілейді. Бір тонна бензин жанғанда, 60 кг сутегі тотығы бөлінеді.
Қазір қала ауасына жылына ауасына 250 мың тоннадай зиянды химиялық қалдық көтеріледі. Ал оның 80% бүгінде жарты миллионнан астамы автокөліктін, үлесіне тиеді. Статиска мәліметі бойынша 2007 жылдың 1- ші қаңтарында Алматыда 208 жанармай құю станциясы мен газ құю станциясы жұмыс істеген. Олар былтырғы жылы барлығы 389,3 мың тонна жанармай, 118,5 тонна дизель отынының 3,6 мың тонна сұйытылған газ сатыпты. Табиғи ресурстар мен және табиғатты пайдалануды реттеу депертаменті «Organic» мұнай өнімдерін сараптау тәуелсіз орталығымен бірлесе отырып, қаладағы бірнеше жанармай құю станцияларына тексерулер жүргізді. Нәтижесінде Алматы қаласындағы көпшілік ЖҚС–ында жанармай құрамындағы октан қосындысы талапқа сай емес екендігі, аралас қосындылар пайдаланатындағы анықталған. Тіпті, қайсібір жанармай құрамында мыс, мырыш, никель, хром, титан қоспаларының өте көп мөлшерде жүргендігі байқалған. Әрине, мұндай сапасыз жанармайлар автокөліктер қозғалтқышының техникалық жағдайына кері әсер етіп қоймай, сонымен қатар ол қоршаған ортаға да қатты зиянын тигізеді.
Автокөлік-жер үстіндегі рельссіз көлік. Автокөлік атмосфералық ауаға ең қолайсыз әсер тигізетін көз болып саналады. Кестеде келтірілген мәліметтерден бензин қозғалтқышынан тасталынатын жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышынікінен анағұрлым жоғары екені көрінеді.
11-кесте

Ластаушы заттектер

Шыққан газдардын мөлшері,%

Карбюраторлы

Дизельді

Көміртек монооксиді

5-12

1,0-10,0

Көміртек диоксиді

0,5-12

0,01-0,5

Азот оксидтері

0,0-0,8

0,0002-0,5

Көмірсутектер

0,2-0,3

0,009-0,5

Альдегидтер

0,0-0,2

0,001-0,009

Күйе,г/м 3

0,0-0,4

10-ға дейін

Бенз(а)пирен,мкг/м 3

10-20 дейін

10- ға дейін

Бензин қозғалтқышымен қамтамасыз етілген көлік әр 15000 км жүргенде 4350 кг оттекті жұмсайды. Бұл жағдайда қоршаған ортаға 3250 кг көміртек диоксиді, 530 кг көміртек оксиді, 93 кг көмірсутектері, 27 кг азот оксидтері шығарылады. Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған газда 200-ге жуық химиялық қосылыстар болады, олардың ішінде улылығы жоғарыларға қорғасын, көміртек пен азот оксидтері, көмірсутектер, бенз(а)пирен жатады (12-кесте).


12- кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет