Тоталитарлық жүйенің орнауы. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін. 30-жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі: Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс-құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді. Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады. Республикалардың заң шығару бастамасы болмады. 1936 жыл – сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде: Жазалау органдарының қызметі күшейтілді; Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді. Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс жүзіне асырылды. Жазалау шаралары: Ату жазасы, Жер аудару,Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, КСРО-дан тыс жерлерге қудалау. Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланды. Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қосты. 1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді. Жазалау шараларының құрбандары:Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А. Байтұрсынов;Тілші ғалым, профессор – Қ. Жұбанов,Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы – С. Асфендияров,КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М. Төлепов т. б.