Кіші жүздің Ресейдің құрамына кіруі
Хан билігі жойылды
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы - 1822 және 1824 жылдары патша укіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. Қазақтар өзінің мемлекеттілігінен осылайша айырылды.
Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады.
Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты.
Үшіншіден, XIX ғасырдың бас кезінде Шыңғыс ұрпағы бірқатарының патша үкіметінің әкімшілігіне белсенді қарсылық білдірген оқиғалары көбейіп кетті.
Көтерілістер
Көтеріліс – орын алған биліктерге қарсы болған табысты немесе сәтсіз бұқаралық қарсылық, әдетте революциядан айырмашылығы, билік жүйесі тиянақты шүбәге душар болмайды, және сонымен қатар төнкерістен айырмашылығы, соңында көпшілік емес, «өз адамдары» қатысады. Көтерілістердің революцияларға сирек әкеліп соғуының себебі, саяси ұйым түрлері саяси және экономикалық ұйымдарда тап және нағыз баламаларда құрастырылған индустриалды қоғамдардың көрінуіне дейін жоқ болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |