Ахмет Байтұрсынов
Ұлт ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Ахметтің ұлы бабасы-Үмбетей ру басына айналған үлкен ата. Байсейіт атадан жалғыз, оның әкесі Қалқаман Көшейұлы (5 ағайынды)Қалқаманның сүйегі —Арғын.
1912 жылы Қазақ әліпбиін (төте) түрлеп, қолданысқа ұсынады. Осы жылы «Оқу құралы» қазақша әліппесінің бірінші кітабы шығады. «Айқап» журналында «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Шәйзіман мырзаға», «Қазақ һәм төртінші Дума» мақалалары жарияланады. «Шора» журналында «Қазақша сөз жазушыларға», «Қазақ» газетінде «Көшпелі һәм отырықшы норма», «Шаруа жайынан», «Жер жалдау жайынан», «Земство», «Білім жарысы», «Оқу жайы» т.б. келелі мақалалары басылады.
1913-1918 ж.ж. қырғыз атанған жұртының атауын қайта жаңғыртып, «Қазақ» газетін шығарды. Газеттің ұйымдастырушысы әрі бас сарапшысы қызметін атқарады. А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің бірінші санындағы халыққа арнауын былай деп аяқтады: «Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» деп қойдық. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына күшін қосып, көмектесер қызмет ету қазақ баласына міндет. Қызмет етем десеңдер, азаматтықтың зор жолының бірі осы»
1918-1919 ж.ж. «Алаш» партиясының жетекшісі, «Алашорда» үкіметінің жетекшілерінің бірі әрі оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. Осы жылы «Революция и киргизы» мақаласы «Жизнь национальностей» атты басылымда жарияланады.
Мир Якуб
Тюрик баласы н/е Аргын баласы
Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.Арғын тайпасының Мадияр руынан.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты «Қызбел» ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.
Міржақып Дулатұлының балалық шағын есіне алған кезде жазғаны: «Орта Ордадан шыққанмын, руым Арғын, 2 жасымда шешемнен айырылдым, 12 жасымда әкемнен айырылдым. Жасым 8-ге келгенде әкем мені ауыл молдасына оқуға берген. Ол өте надан молда болатын. Қанша уақыт сол кісіден білім алғанымды білмеймін, бірақ арап тіліндегі дұғаларды жаттағанымнан басқа еш нәрсе үйренгенім жоқ».
Мектеп қабырғасында меңгерген ғылымы пәндерден алған білімін әрі қарай жалғастыру керектігін ойластыратыны. Әсіресе көбірек әуестенетіні – әдебиет. Бос уақытында әдеби кітаптар оқуға тілін жаттықтырып, азды-көпті өлеңдер де шығара бастайды. Көбіне жазатыны – ел өмірінің ахуалы. Ана тілінде шығатын елдің қамын ойлайтын зиялы азаматтар сөзін көп оқиды. Сондайда көбірек көз тоқтататын екі есім бар. Бірі – Әлихан Бөкейханов деген кісі де, екіншісі – бүгінде жұрт аузында жиі айтылатын Ахмет Байтұрсынов.
Жас жігіт осындай екі ұлы тұлғаны бір көрсем деген ниетке беріле бастайды. Ақыры 1904 жылы, омбы қайдасың деп, солар тұрған қалаға қарай тартып отырады. Айтқандай-ақ өз дегеніне жетіп, іздегенін табады. Солардың жылы шырайын көріп, тығыз араласады. Әлихан өзінен кішіге «шырақ» деп сөйлейді екен, ол Ахмет ағасы мұны бір көргеннен-ақ, жақын тартып, «інішек» деп атап кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |