Эссе
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. Бұл ұлы хандық қазақ халқының өз алдына діні бар, тілі бар, халқы бар тұтас бір ел екенін көрсетті. Хандық күшейген сайын халықтың саны артып, жер көлемі де ұлғая бастады. Ұлы хандықтың қалыптасу жолында түбегейлі өзгерістерге ұшырап, елеулі оқиғаларды басынан өткерді. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы қиын және күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларды бастан кешірді.Қазақ сөзі б.з.д. VII-IV ғасырларда пайда болып,оны еркіндік сөзімен ұштастырады. Ал мемлекетінің құрылуы өзге де мемлекеттер секілді ұзақ уақытты қамтыды. Еліміздің қалыптасу негізін сақтардан бастаған дұрыс секілді. Ең әуелі қазақ даласында қалыптасқан мемлекеттер-Арийлер мен Турлар немесе Сақ тайпалары.Келесі кезеңде халықтардың ұлы қоныс аудару кезінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады. Осы кезеңде ғұндар келген соң,түркілену кезеңі басталады. Ғұндар ыдырағаннан кейін Түрік мемлекеттері құрылып, пайда бола бастады. Түрік қағанаты, Батыс түрік жəне Шығыс түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ, Қимақ қағанаты, Оғыз қағанаты. Бұдан біраз уақыт өте келе дамыған ортағасыры басталады. Бұл ортағасырлық кезеңінде Монғол империясы ел аузында айтылады. Монғол империясы 1218 жылы Қарахан мемлекетіне басып кіреді де, барлық қалаларды жаулап алады. Монғол империясы ыдырағаннан кейін бірнеше мемлекет пайла болады. Ол Ақ Орда, Моғолстан, Əбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы. Осы кезден бастап-ақ бірітіндеп Қазақ мемлекеті құрыла бастайды. XV ғасырдың II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеуші, ғалымдардың қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин əлеуметтік мəнінде қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жəнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді. “Қазақ” термині 1245 жылы Мамлүк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дəлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.Начало формы
Конец формы
1916 жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі,бұл – тарих. "Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді" деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Сол тағдырлы оқиғалардан бері 30 жыл өтті. Осы жылдар ішінде Қазақстан ұлы державалардың бірінің құрамдас бөлігі тәуелсіз, қазіргі заманғы дамыған елге айналды, барлық елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатты.
Орындаған:Ашрепхан Мерей
Достарыңызбен бөлісу: |