7) Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы,білімі мен қызметі туралы баяндаңыз. XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
8) 20 ғасыр басында ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандыру туралы жазыңыз.
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстандышаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы
1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.
Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.
Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.
Ресейде 1861 жылы басыбайлылықты жойғанымен жер мәселесі шешілмеді. Басыбайлылыққа қарсы шаруалардың қозғалысы жалғаса берді. Сондықтан шаруалардың назарын басқа жаққа аудару қажет болды. Екінші жағынан шаруаларды қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отаршылдық саясатты жүзеге асыратын әлеуметтік күшті қазақ жеріне орналастыру қажет болды. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыруды заңдастыру үшін патша үкіметі 1867-68 жылдары қабылдаған әкімшілік реформасы бойынша қазақ жерін патша үкіметінің меншігі деп жариялады.
Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыруды ынталандыру мақсатымен патша үкіметі көптеген шара қолданып, жеңілдіктер жасады. Ресейден келетін шаруаларды қоныстандыру жұмысын ұйымдастыру міндетін орындайтын қоныстандыру басқармаларын жер-жерге орнатты. Қоныстандыру басқармаларының қарамағына қоныстандыру фондын орнатты. Патша үкіметі қазақтарды ата бабасынан келе жатқан қонысынан шөл, шөлейт жерге қуып тастап, құнарлы жерлерді қоныстандыру фондына берді. Сөйтіп Ресейден келген шаруаларды құнарлы жер күтіп тұратын болды.
Көшіп келетін орыс шаруаларына патша үкіметі көп жеңілдік жасады. Шаруалардың көші-қон қаражатын үкімет өз мойнына алды. Келген шаруалардың шаруашылығын ұйымдастыруына үкімет қарыз берді. Көшіп келген шаруаларды кейбір жерлерде 5, кейбір жерлерде 10 жыл салықтан босатты. Осындай жеңілдіктер қазақ жеріне келушілерді көбейтті.
1905-7 жылғы революциядан соң патша министрі Столыпин аграрлық реформа қабылдап шаруаларға өзінің азғантай жерін сатып Шығыстағы ұлан байтақ құнарлы жерге көшуге ұлықсат берді. Бұл Қазақстанға орыс шаруалырының ағылуына әкеп соқты. ХІХ ғасырдың ақырында қазақ жеріне Қытайдан ұйғырлар мен дунгандар келіп қоныстанды. Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдерінің көптеп келуі қазақтардың өз жеріне азшылық болып қалуының басталуына әкеп соқты.