Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы


) Қазақтардың Ресейдің 1-2 Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы туралы жазыңыз



бет8/25
Дата02.12.2023
өлшемі81,4 Kb.
#132225
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
9) Қазақтардың Ресейдің 1-2 Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы туралы жазыңыз.
Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов, А. Қалменов, Ә. Бөкейханов, Ш. Қосшығұловсайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин мен Д. Тұндыт сияқты қазақ азаматтар болды.
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, АқмоладанШ.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев,Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды.

10) 20 ғасыр басында қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық сипаты туралы баяндаңыз.
20 ғасырдан бастап капиталистік қоғамда мемлекеттің маңызы өзгерді. Экономиканың теңгерімділігін қолдап, дамыту жолында мемлекеттің рөлі күшейді. Әсіресе, рынок пен монополияларды бақылау барысында экономиканың жеке меншік секторымен қатар мемл. сектор, яғни “мемлекеттік капитализм” пайда болды. Мемлекет мүмкіндігінше экономиканың дағдарысын болдырмау саясатын жүргізді, халықтың табысын қайта бөлу арқылы қоғамдағы әділетсіздіктің “тігісін жатқызуға” тырысты. Осы кезден бастап нарықтық экономикаға негізделген капиталистік ш. жүйесінде кейбір мемлекеттендіру және қоғамдастыру нышандары енгізілді. Теорияшылар капитализм жүйесінің эволюциясына әр түрлі баға берді: кейбір идеологтар бұл өзгерістерді аралас жүйенің пайда болуымен, яғни экономикада рынок нышандарымен қатар жоспарлау нышандарының да болуымен байланыстырды, онда мемлекет төреші ретінде рыноктың жүгенсіз күштеріне бақылау жүргізіп, түзетіп отырады деп түсіндірді. Коммунистер бұл өзгерістердің мәні жүйенің жаңа жағдайға бейімделуінде деген тұжырым жасады; капиталистердің пайдасын өсіру үшін мемлекет тарапынан жан-жақты көмек қажет деп есептеді. Олар ұстанған мемлекеттік-монополиялық капитализм тезисінің мәні осында. Қазақстанда капитализмнің дамуына қажетті алғышарттар 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптаса бастады. Осы кезден бастап натуралдық ш. күйреп, сауда-саттықтың едәуір ұлғаюына мүмкіндік туды. Сөйтіп, тауар-ақша қатынасының дамуына байланысты жергілікті рыноктың кеңеюіне жол ашылды. Жекелеген сауда капиталистері өнеркәсіп орындарын салуға қатыса бастады. Алайда Қазақстанда сауданың ең артта қалған, кіріптарлыққа негізделген түрі көп тарады, бұл несиеге сатумен, өсімқорлықпен ұштастырылды. Ақшаға зәрулік көшпелі халықты жоғары пайызбен қарыз алуға мәжбүр етті. Оның үстіне есеп айырысу заттай – қоймен және малдың басқа да түрлерімен жүргізілді. Өсімқорлық қазақ даласының еңбекші халқына зор ауыртпалық әкелді. Тауар-ақша қатынастарының қанат жаюы, сауда капиталы рөлінің артуы несие алу қажеттігін туғызды. 19 ғасырдың 80-жылдары қалаларда мемл. банктердің бөлімшелері ашылып, олардың айналымы шапшаң өсе бастады. Мысалы, Семей бөлімшесінің айналымы 1887 жылы15 млн. сомға жетті. Алайда жалпы ауылда капиталистік қатынастар баяу дамыды.Тауар өндірісінің дамуымен бірге бұрын көшпелі шарушылықтың мұқтажына қызмет еткен қолөнердің де сипаты өзгерді. 19 ғасырдың аяғына қарай майдагерлік өнеркәсіп дами бастады. Мұнда тауар өндірушілер тек тұтынушылардың тапсырмасымен ғана жұмыс істеп қоймай, сонымен бірге тауарларды (киіз үй, ер-тоқым, текемет, кілем, сырмақ, ағаш ыдыс-аяқ, т.б.) рынокқа арнап өндіре бастады.19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Ресейде капиталистік қатынастың дамуына байланысты Қазақстанның шикізат көзі, өткізу рыногі, капитал жұмсау аясы ретіндегі рөлі арта түсті. Қазақстанның біраз аумағы арқылы Сібір және Орынбор – Ташкент темір жолдары салынды. Мұның өзі орыс және шет ел капиталын әкелуге жағдай жасады, осының негізінде кен өнеркәсібі дами бастады. Қазан төңкерісі қарсаңында олардың акциононерлік капиталы 71 млн. сомға жетті. Капиталистер Қазақстанның бай табиғи ресурстарын пайдаланды. Ауыл шаруашылығы өнімін ұқсататын өнеркәсіп біршама жандана бастады. Өңдеу өнеркәсіп орындары қарапайым техникамен жарақтанған, небәрі 4 – 5 жұмысшы істейтін шағын, жартылай майдагерлік кәсіпорындардан тұратын еді. Қазақстанда темір жол желілерінің тартылуы оның түрлі аудандары арасында эконмикалық байланыстардың күшеюіне, олардың белгілі бір өнім өндіруге мамандануына мүмкіндік туғызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет