2-ші бағыт- таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты.Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ы.Алтынсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды.Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізумен де ерекшеленді.
3-ші бағыт- «Адам дүниені қалай танып біледі» атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім берудегі әлеуметтану бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады.
Абайдың әлеуметтанудағы көзқарасы
Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған.Өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын- ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтағы бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі туралы алғаш рет мәселе қозғап, өзінше шешкен.
А.Құнанбаевтың тұжырымдары
Заман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеру қажет
Еңбекшілердің хал-ахуалын, өмірін жақсарту үшін қоғамның экономикалық негізін өзгерту керек.
Өзгерістің негізгі күші- ағартушылық
Халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татуластық, бірлік болуы шарт
Қазақтардың прогресті дамуы егіншілік,қолөнері, сауда сияқты экономиканың үш тетігімен тығыз байланысты.
Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтанудағы көзқарасы
Тарихи даму деңгейі феодалдық-рулық сатыны сақтаған қазақ қоғамын мейілінше жетік білетін ол: «Осы дарынды, ақыл иесі мол халыққа қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру аса қажет»-деп, қазақтардың неге мұқтаж болып отырғанын дәл тауып жазды.Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алатын маңызды шаралардың біріне, дамудың негізгі құралына балады. Білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамын надаңдық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім алуға шақырды. Сондықтан да ол өзінің 25 жылдық өмірін жеткіншектерге білім беруге арнады.
Ы.Алтынсарин тұжырымдамалары
Халықтың болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысу
Адамдарды іс-әрекетке ынталандырып, жұмылдыратын негізгі себеп-өмірлік қажеттіліктер
Халықты дүниеге дұрыс көзқараспен қарауға тәрбиелеу
Мектептердің мақсаты қазақ жастарын жоғары адамгершілік рухында тәрбиелеу
Тек білім ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады.
Ш.Уәлихановтың әлеуметтану туралы ойы
Қазақтардың өмір сүрген патриархалды-феодалдық қоғам барлық халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді.Қазақ қоғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеудің биік сатысына көтереді деп түсіндірді.
Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын, қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай отырып, қазақ елінің өркендеу болашағын реформамен тығыз байланыстырады,реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі жөнінде аса құнды ой-пікірлер тұжырымдады.
Ш. Уәлихановтың тұжырымдары
Билікті халықтың еркімен шектеу дұрыс болады
Қоғамдық құрылысты жаңарту үшін революциялық емес, реформалық жолды талдау қажет
Халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа және әлеуметтік реформа
Қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық әл-ауқатты жетілдіруге байланысты
Саяси реформалар- экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінеді
Достарыңызбен бөлісу: |