«Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары қазақ тіл білімінің неше саласы бар



бет27/35
Дата02.03.2023
өлшемі62,94 Kb.
#71200
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
7 сынып қазақ тілінен тест сұрақтары мен жауаптары

7. Шектеу демеулігін тап.
А) Бұрын бір шал болыпты-мыс. В) Ол үйіне ерте келген-ді.
С) Қоңырау соғылып қалса ше? Д) Ол түгіл мені таныған жоқ.
Е) Мен-ақ сабаққа бармадым.
8. Ыңғайластық жалғаулықты тап.
А) Бұдан әрі оның тыңдауға шамасы келмеді.
В) Ол тәрбиелі әрі жігерлі. С) Ол Маратқа да алма берді.
Д) Тек кейде бұршақ жауады. Е) Сол сияқты балалар өте көп.
9. Себеп-салдар шылауды тап.
А) Бүгін ерте келдік,бірақ жарыстан қалып қойдық.
В) Ол кеше көп ойнаған,сондықтан бүгін демалды.
С) Олар біресе ойнайды,біресе отырады.
Д) Біз кешке сабақ оқимыз және тамақ жейміз.
Е) Олар не бүгін келеді,не ертең келеді.
10. Қай сөйлемде үш түрлі шылау қатысқан?
А) Марат та,Сәкен де сабақта жоқ. В) Ертеңге дейін барып қалармын.
С) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.
Д) Қызым, сабаққа дейін тамағыңды ішпедің бе?
Е) Қыста қар жаумаса ше?
«Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері» тақырыптары бойынша.


1. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын тап.
А) Ел арасына сыйлы В) Ұлттық ойын ойнайды
С) Ақылды сөз айтылды. Д) Жыл сайын толықты Е) Өмірдің мәнін түсінді.


2. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын тап.
А) Желмаяға міну В) Өмір үшін күресті С) Өмірдің мәнін түсінді
Д) Ашық аспан Е) Ғылымды игеру


3. Матасуды тап.
А) Төребек үйі В) Ашынған әйел С) Күн сайын күтті
Д) Жайын айтты Е) Өзі келді


4. Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті тап.
А) Шарықтап тұр. В) Балаға қара С) Оқушының жабдығы
Д) Тоқымы белбеу Е) Қызық кітап.


5. Қабысуды тап.
А) үйінің қасына жетті. В) Халықпен бірге жасайды
С) қара торы бала Д) дүниенің өзгерісі Е) қиыннан қиыстыру


6. Жанасуды тап.
А) жұп-жұқа бөліну В)ғалымдардың пікірі С) бірте-бірте ашылды.
Д) алма алдырыпты Е) ешкімге соқтықпау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет