7. Байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
А) Тоғыз адам—қабысу В) Оқуға лайық—меңгеру С) кең бөлме—жанасу
Д) Біздің Жамбыл—матасу Е) Хат жазу—меңгеру
8.Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?
А) қиысу В) меңгеру С) матасу Д) қабысу Е) жанасу
9. Сөздердің жалғау арқылы байланысын тап.
А) Ерекше мінез В) Ол сұрасын С) Әзер жетті
Д) Әлді адам Е) Отан үшін аянба.
10. Интонация арқылы байланысты тап.
А) Өнер қуу В) Ақ қайың С) Өмірді сүю Д) Сенімді ақта Е) Бұл—жігіт
«Сөз тіркесі» тақырыбы бойынша
1. Қай қатарда тұрақты тіркес бағыныңқы сыңарда тұр?
А) Айтқаның есімнен шығып кетті. В) Дұшпанның салы суға кетті.
С) Науқастың беті бері қарады. Д) Көзіне көк шыбын үймелейтінін айтып салды. Е) Бізге тісін қайрап жүр.
2. Сөз тіркесінің белгісі қайсы?
А) Зат,құбылыстың атауы болу керек.
В) Толық мағыналы ең кемі 2 сөз болуы керек.
С) Зат есімнің қосарлы сыны ретінде жұмсалады.
Д) Сөз мағынасын басқа сөзбен дәлеледеп түсіндіреді.
Е) Синтаксистік қызметі бірдей сөздерден құралады.
3. Бірыңғай есімді сөз тіркесін тап.
А) Үлкен үй, үйді көру В) Жолдасын шақыру,менің үйім
С) Сабаққа дайындалу,жаттап алу Д) Сыйлық алу,үздік оқушы
Е) Мөлдір су,оқуға ынталы
4. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін тап.
А) Бұлардың жағдайлары В) Балуанмен күресті
С) Ғалымды көрсеңіз Д) Ғалымнан басқа Е) Асығып сөйледі.
5. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін тап.
А) Суыққа шыдамады В) Белгілі кісі С) жақсы оқиды
Д) түрлі бұйымдар Е) қиын есеп
6. Етістікті тіркесті тап.
А) Өнерлінің ырысы В) Іске шебер С) Асқарда бесеу
Д) Елді қорғау Е) Ізгі сөз
7. Төменде берілген сөздер қалай аталады.
Айтарым—осы
А) Есімді сөз тіркесі В) етістікті сөз тіркесі
С) тұрақты тіркес Д) еркін тіркес Е) сөйлем
Достарыңызбен бөлісу: |