4. Шақыру одағайын тап.
А) ойпырмай В) түу С) шөре-шөре Д) беу Е) тәйт
5. Көңіл-күй одағайын тап.
А) тек В) мәссаған С) құрау-құрау Д) айт Е) қош-қош
6. Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықта.
Қашан үйге жеткенше,артына жалтақ-жалтақ қарайды.
А) баяндауыш В) толықтауыш С) анықтауыш
Д) бастауыш Е) пысықтауыш
7. Бейнелеуіш сөзді тап.
А) тарс В) сыңғыр С) жалт-жұлт Д) арс-арс Е) шаңқ
8. Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы?
А) уау В) әйда С) моһ-моһ Д) әттең Е) қане
9. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақты тап.
А) –ын,-ін,-н,-ыл,-іл В) –аң,-ең,-ың,-ің,-ң
С) –ыс,-іс,-с,-ым,-м Д) –ғы,-гі,-қы,-кі,-к Е) –ыра,-іре,-ғыр,-гір
10. Жекіру одағайын тап.
А) көс В) шіркін-ай С) уһ Д) пәлі Е) Жә
«Шылау» тақырыбы бойынша
1. Қай сөзде «-ды» нақтылау мәнді демеулік шылау болып тұр?
А) Қараған(ды) жер В) Ол көргенін айтқан(ды)
С) Бала қаз(ды) қуды. Д) Әуелі қатты қысыл(ды)
Е) Бар(ды) бағалай біл.
2. «Оның кітабы соғыс туралы ма екен?» -сөйлемінде қандай шылаулар қатысқан?
А) жалғаулық-демеулік В) септеулік-демеулік
Д) жалғаулық-септеулік Д) демеулік-септеулік Е) септеулік-жалғаулық
3. Нақтылау мәнді демеулікті тап.
А) ма,ме,ба,бе В) –ақ,-ау,-ай,да С) –ды,-ді,ғой,қой
Д) түгіл,тұрсын,тұрмақ Е) ғана,-мыс,-міс
4. Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсет.
А) әрі,бері,гөрі В) не,я,да С) –ды,-мыс,-ау
Д) мен,бен,пен Е) қой,ғана,ше
5. Шылауға тән емес ерекшелікті тап.
А) Толық лексикалық мағынасы болмайды. В) Түрленбейді.
С) Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді. Д) Сөйлем мүшесі бола алмайды
Е) Сөзді байланыстырады,не сөзге қосымша мән үстейді.
6. Күшейткіш демеулікті тап.
А) Оның сөзінен өкініш те,ыза да сезіледі.
В) Біз де естіп,қуанып жатырмыз. С) Жайдақ суды ит те,құс та жалайды.
Д) Айып менде екені рас. Е) Екі-үш күнде әзер жеттік.
Достарыңызбен бөлісу: |