Қазақ тіл білімі кафедрасы



Дата24.05.2023
өлшемі1,4 Mb.
#96782

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық университеті


Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы



МӨЖ


Тақырыбы: Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімдеуі

Тексерген: Мекебаева Л.А.
Орындағандар: Қиарыстанова Г.
Тұрсынбек Б.


Алматы, 2023 ж
Жоспар:

  1. Баспа ұғымы және функциясы.

  2. Баспалардың бірегейленуі мен стандартталуы

  3. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу


Бacпa – ғылыми-тaнымдық, мәдени-aғaртушылық және caяcи идеологиялық қызметтердi aтқaрaтын мемлекет меншiгiндегi немеcе жеке меншiктегi өндiрicтiк-шығaрмaшылық кәciпорын. Бacпa үдерici қолжaзбaны бacпaғa қaбылдaп, оны бacпaхaнaдaн дaйын бacпa өнiмi ретiнде бacып шығaрғaнғa дейiнгi жұмыcтaр кешенi мен редaкциялық қызметтi қaмтиды. Бacпa iciндегi бacты өнiм – кiтaп. Cондықтaн кiтaп бacу мен оны бacуғa дaйындaу, тaрaту мен caту бacпaлық өндiрicтегi бүтiн бiр қызметтер жүйеciн құрaйды. 



Қазақстанның жаңа кезеңі басталғаннан бергі уақытта біз қазақстандық кітап басылымдарының, біріншіден, еліміздің рухани байлығы, екіншіден, ұлттық саясатымызды жүзеге асырушы әрі еліміздің экономикалық деңгейін көтеретін табыс көзі ретінде дамып келеді.


Кітап репертуарына түбегейлі өзрерістер енгізуге байланысты еліміз егемендікке қол жеткізген соң ұлттық кітап ісінің дамуында жаңа кезең басталды. Қазақ кітабы жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.
Жалпы алғанда еліміздегі кітап шығару ісінде соңғы оншақты жылдың көлемінде ілгерлеушілік болғаны рас. Алайда 2016-2017 жылдары баспа өнімдерінің шығарылымы сәл бәсеңдегенін көреміз. Бұл өзгеріс өмірізге интернет желісінің дендей енуімен байланысты болар деп болжауға болады.



Баспа өнімдерінің сапасы кейінгі технологиялардың ықпалымен жоғарылағанымен, оларға деген сұраныстың сәл кемігенін байқауға болады.
Қоғамда жариялылық, демократиялық принциптер ірге орныққаннан кейін республиканың экономика, ғылым, мәдениет, халық шаруашылығы салаларындағыдай баспа органдары мен кәсіпорындарында да бұрын болмаған мүлдем жаңа қызмет қалыптасты.
Жоғары мемлекеттік органдардың баспа қызметін демократияландыру туралы, баспалардың, баспаханалардың құқын кеңейту, өздігімен жұмыс істеу, өзін-өзі қаржыландыруға өту туралы шешімдері жүзеге асырылды. Заманауи қазақстандық кітап репертуарын қалыптастыру саясатының жаңа кезеңі басталды.
Қазақстандағы саяси- әлеуметтік және өмірдің басқа жақтарындағы өзгерістер баспадан шығатын кітап өнімдерінің тақырыбына, мазмұнына, көлеміне және сапасына әсер еткенін атап өткен жөн.
Ал мемлекет тарапынан кітап репертуарын қалыптастыруда қандай шаралар қалыптасты десек, бұл ретте үлкен бағдарламаларды қабылдап, тендер жариялау арқылы бар баспалардың жұмысын жандандару жағына жіті көңіл бөлінді. Осы бағдарламалар бойынша баспа иесінің меншік түріне қарамастан, өз мүмкіндіктеріне қарай барлығы да тендерге қатыса отырып, кітап шығару саласына белсене араласуға мүмкіндіктері артты.
Қазақстанның барлық баспалары осындай мемлекеттік бағдарламаларға қатыса отырып,өз репертуарларын қалыптастырса, басқа да басылымдарды шығаруда мазмұны мен тақырып таңдау жағынан толық еркіндік берілген. Ол нарық сұранысына байланысты қандай тақырыпта шығарам десе де өзінің қаржы жағдайына сәйкес жұмыс атқара алады.
Бүгінде Қазақстан баспаларын осы ретпен 10 топқа жүйелеуге болады. Заманауи баспалардың жұмыс технологиясы да, безендіру немесе редакциялық жұмыстары да бір-бірінен алшақ. Алайда оларды бөліп жіктеу, жүйелеу қиынның-қиыны. Себебі дүние жүзінде күн өткен сайын дамып отырған баспа, баспахана салаларының мүмкіндіктері шексіз.
Компьютер мен жаңа технологияны пайдалану арқылы түрлі кітаптар басып, оқырманды таң қалдыра алады. Сондықтан белгілі бір қатаң жүйелеу жасалмаған деуге де болады. Біз ұсынып отырған 10 түр уақыт желісіндегі дүние ғана.

  1. Дәстүрлі баспалар

  2. Аймақтық баспалар

  3. Жоғары оқу орындарының және орта кәсіптік білім мекемелерінің баспалары

  4. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің баспалары

  5. Мемлекеттік мекемелердің баспалары

  6. Қоғамдық ұйымдардың баспалары 

  7. Діни ұйымдардың баспалары

Соның бір саласы – баспа өндірісі. Күнделікті өмірде нан қандай қажет болса, баспа өндірісі де соншалықты қажет. Бұл сала кешегі тарихымызда – соғыс жылдары, ашаршылық жылдары, репрессия жүріп жатқанда да тоқтаған емес. Қазір де, сырт қарағанда үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Бірақ бір ғажабы, бізде баспа өндірісін бар деуге де, жоқ деуге де болады. Мәселен, оқулық кітаптар шығып жатыр. Егер оқулық шықпаса, мектеп, басқа да оқу орындары тоқтайды. Яғни, оқулық кітап өндірісі бар. Сол оқулықтардың сапасы сын көтермейтіні де рас. Ақын-жазушылар мен ғалымдардың басқа да түрлі тақырыптағы кітаптардың 500, 1000 данамен, мемлекеттік тапсырыспен 2000 данамен шығуы Қазақстандай ел үшін шын мәнінде ұят нәрсе. Жалпақ тілмен айтсақ, масқара! Баспа өндірісін «бар деуге де, жоқ деуге де болады» деген сөз осыдан келіп шығады. Ал енді осының себептерін «бір, екі, үш», – деп саусақпен санап көрелік. Кеңес кезінде поэзия кітабы 30 000, проза 60 000, тіпті «Көшпенділер» 100 000 тиражбен шықты. Рас, о кезде баспалар көп емес еді. «Жазушы», «Қайнар», «Қазақстан», «Мектеп» деген сияқты бес-алты баспа болды. Сол баспалар 100 000 тиражбен кітап шығарып, бір ауданның табысын беретін.
Баспа өнімдерінің стандарттары дегеніміз- біздің күнделікті пайдаланып жүрген баспа өнімдері- кітап , газет, журнал сол сияқты басқа да ақпараттық басылымдардың шығарылым мағлұматтарын бір ізге түсіріп, реттейтін нормативті-техникалық құжат. Бүгінгі таңда ақпарат құралдары мен кітап басылымының түрлерінің көптігі соншалық, егер оны реттейтін осындай құжат болмаса, ол басылымдармен жұмыс атқаратын мекемелер мен оқырманның бірін-бірі «түсінуі» мүмкін емес. Стандарт - басылымдарын түрлеріне қарай бірыңғайластырылғандықтан оқырман кітаптың авторын, суретшісін, аудармашысын, жанрын, қандай оқырманға арналғандығын, сонымен бірге қысқаша мазмұнымен, басылған жері, тиражы, көлемі туралы бірден ақпарат ала алады. Сонымен бірге стандарттау библиография, статистика және кітап саудасы саласында басылым туралы ақпараттар жүйесін әмбебап етеді. Стандарттау әрине, баспа саласында шектеулер қоятыны шындық, бірақ баспа өнімдерімен жұмыс істейтін ақпарат, кітапхана және оқырман арасын бір деңгейде түсінікке келтіретін қажеттілік. Баспа ісін реттейтін стандарт «Ақпарат, кітапханатану және баспа ісі жөніндегі стандарттар жүйесінде» қаралады. (Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу- СИБИД). Бұл стандарттарда барлық ақпарат, библиография және баспа ісіне байланысты басылымдардың шығарылым мағлұматтарын, басылымдардың библиографиялық жазбаларын, кітапханалық жүйеде орналастыру, электронды басылымдардың мағлұматтарын орналастыру қаралып, реттеледі. Стандарттар жүйесі мемлекетаралық деңгейде қолданылады, сондықтан ГОСТ –деп аталады. ТМД елдерінде біріңғай дәрежеде сақталуы керек. Ал негізі ISO- дан алынады. Қолданылуына қарай стандарттар мемлекеттік, республикалық және салалық болып бөлінеді. Біздің баспа ісінде қолданылатын стандарттарымыз мемлекеттік және республикалық болып келеді. Баспа ісінде мемлекеттік стандарттардың барлығы 7-санынан басталады да, одан соң реттік саны мен бекітілген жылы көрсетіледі. Баспа ісінде бір ғана республикалық яғни ұлттық стандарт бар ол- СТ РК 994-96 (ИСО 2108-) және соған сәйкес ереже ПР РК 50.1.23. – 96. Бұл Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу- деп аталады (ISBN). Ал баспа өнімдерінің шығарылым мағлұматтарын реттейтін мемлекетаралық ГОСТ 7.4-95 «Басылым. Шығарылым мағлұматтары» (ГОСТ 7.4—95 «Издания. Выходные сведения») стандартында баспагерлерге арналған қажетті ақпараттар жинақталған, шығарылым мағлұматтарына не беру және оларды қайда, қалай орналастыру керектігі көрсетілген, ақпарат, кітапханатану және баспа ісі жөніндегі мемлекетаралық стандарттар негізінде дайындалған.
Жалпы, Қазақстанда кітап сатып алуға қажеттілік жоқ. Оның бәрін Үкімет өз мойнына алып отыр. Сол оқулық сатып алуға барған адам дүкенде көздің жауын алып тұрған кітап сөрелеріне көзі түседі. Балалар әдебиеті, Абай да, Мұқағали да тұр. Ол Абайды сатып алады. Сонан соң сенің кітабыңды сатып алады, сонан кейін менің кітабымды сатып алады. Сөйтіп дәстүр қалыптасады. Ресейдің кітаптарын қараңызшы! Мыңдаған тақырыппен миллиондаған тиражбен шығып жатыр. Қазақстан қалаларындағы ірі кітап дүкендерін солар жаулап алды. Біз күннен-күнге орыс тілді батыс пен Ресей ақпараттарына тәуелді болып бара жатырмыз. Таяу арада ағылшынша тіліміз шығайын деп тұр. Қалай дегенмен де баспа өндірісін нарықтық жолмен қалыптастыру мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет