Итер= етістігі қазақ тілінде түбір мен формантқа жіктелмейді, ал хакас тілінде iт= «итеру», «кіргізу» /ХРС. С.458/, ал якут тілінде де – iit «итеру», «кіргізу» түбір морфемасы қолданылады (ЯРС. С.458/. Сонымен қатар, хакас тілінде іттір= туынды негіз «итеруге мәжбүрлеу», «соқтығысу» туынды негіздері кездеседі. Бұл қазақ тіліндегі итер= тарихи туынды екендігін көрсетеді.
*ит= түбірінің бір кездері дербес сөз болғандығына көзіміз жеткен соң, қазақ тіліндегі итің-де=, ит-пе және итер= сөздерінің байырғы *ит түбірінен шыққан бір түбірлі туынды түбір екендігін мойындауға құқылымыз. Осы топқа «ителіп» мағынасындағы ител= негізін де қосуға болады. ХҮ ғасырдағы Шалкиіз жыраудың163 шығармасында біз осы сөзді мынадай мәтінде кездестіреміз:
Сенің емің қызыл шашпау ханларды
Қилы жүріп көргенмін,
Арбаға тайдай ителіп.
ит= түбірінің Махмұд Қашғари заманында өте кең қолданылғаны байқалады: Ol ani itti «ол оны итерді». Осы сөздікте itin=, itil= етіс тұлғалары да берілген (МК. 1 Т. С.171/.
Осындай ретпен қазақ тілінде мағынасы көмескі *ал түбірін де түсіндіруге болады. Ол да көнетүркі және қазіргі түрік тілінде дербес қолданылады: al «қулық», «айла» alin arslan tutar kϋčϋn ajug tutma «жолбарысты күшпен емес, айламен ұстауға болады»; 2) al «қулық, алдамшылық»; 3) ал «қулық»; «Душман алына алданмагыл», «дұшпанның алдауына түспе» /ТУР. 41/. ДТС-те: al «алдау» bütün čin turur hič ali joq uquš «ақыл-ой, ақиқат және төте, онда ешқандай алдамшылық жоқ» /ДТС. С.39/.
-Ал лексемасы түрік тілінен басқа, қазіргі түрік тілдерінде әзірбайжан тілінің каряг говорында кездеседі.
Туыстас түркі тілдерінің мәліметтері негізінде анықталған *ал түбірінің мағынасы қазақ тіліндегі *ал сөзінің мағынасын «шын сөзің бе, ал сөзің бе» тіркесінде (шындықты айтып тұрсың ба немесе алдап тұрсың ба?) түсіндіруге мүмкіндік береді.
Көптеген этимологиясы көмескіленген ИЕ негіздерін талдау арқылы бұрынғы уақытта белсенді болған көптеген түбір морфемалардың олардың семантикасының өзгерісі нәтижесінде пассив морфемаға айналғандығына көз жеткізуге болады. Кез-келген өлі түбірдің мағынасы туыстас сөздердің ұясында, яғни «басқа сөздермен туыстық байланысынан айрылған оқшауланған сөздерде түбір жоқ және болуы мүмкін емес»164. Мына ескертпеге жүгінудің де артықтығы жоқ: «Түбірдің мағынасы туыстас сөздер мағынасының бір ортақ идеясына, нақтырақ айтқанда оның аясына енетін мағыналар ауқымына сәйкес келетін орталыққа тартылатын діңгек болып табылады». Сондықтан түбірдің мағынасы нақты емес, сөздің бүкіл ұялары үшін ортақ, тек ұялық қана болуы тиіс165. Ұяларда барынша тығыз және болар-болмас байланыстардың болуы ықтимал екендігін ( кездейсоқ)» басқа ғалымдар да атап өтеді166.
Шын мәнінде, әрбір сөздегі түбірдің нақты мағынасын анықтау әрекеті зерттеушіні ойдағыдай нәтижеге әкелмейді. Әдетте, нақты мағынаны тек негіз ғана табады, бұған қоса оның семантикалық мағынасы әрдайым өте тар. Туынды негіздердің құрылымындағы түбір жалғанған аффикстердің нәтижесінде нақтыланады, яғни аффикстік морфеманың дамуы түбір морфеманың дамуына тікелей тәуелді болады. Бұл деректі гомогендік қатар бойынша түбір морфеманы талдау процесінде қадағалауға болады. Осы процесте туыстас сөздердің семантикасы мен фонетикалық тұлғасында ортақтықтың болуы олардың ортақ түбірін анықтауға мүмкіндік береді. Осындай талдаудың үлгісі Ә.Т.Қайдаровтың аталған еңбегіндегі қосымша берілген сөздікте берілген167. Әдетте, «сөздердің ұясы мағыналарды және олардың уәжді өзгерістерін ескере отырып, морфологиялық туынды сөздер жүйесімен байланысты қарастырылады»168. Бұдан түбірлес сөздердің ұясын да белгілеу сөздердің лексикалық мағынасына және формативтердің семантикасына сүйенетіндігін байқауға болады. Талданатын сөздің көнелігін тұлғалар арқылы берілген ұялардың морфологиялық тұтастығы кепілдендіреді.
*Жыл түбірін қарастырып көрейік. Ол жылан, жылжы=, жылыс=, жылпос, жылмай ағу және т.б. сияқты сөздердің құрамында кездеседі. «Қозғалу», «орын ауыстыру», «баяу қозғалу» сөздерінің жалпы мағынасы айқын болса да, қазақ тілінде келтірілген сөздердің *жыл түрінде реконструкцияланатын ортақ түбірі дербес қолданыла алмайды. Сонымен қатар кейбір түркі тілдерінде ол өзінің дербестігін сақтаған. Мысалы, хакас тілінде ол чыл= «қозғалу», «жорғалау», «тайғанау», «конькиде «сырғанау» /ХРС. С.326/; якут тілінде - сыыл= «жорғалау» /ЯРС. С.364/. Көріп тұрғанымыздай, жыл//чыл түбірінің семантикалық көлемі кең және мағынасы одан жасалынған туынды сөздердің мағынасына қарағанда абстрактілі. Осыны ескере отыра, кейбір жағдайларда өзге түркі тілдерімен салыстырмалы талдауға жүгінбей, ішкі реконструкция негізінде, яғни қазақ тіліндегі гомогендік сөздерді талдау арқылы жекелеген өлі түбірлерді жаңғыртуға болады. Бір тілдің мәліметтері негізінде түбір морфемаларды ішкі реконструкциялау әдістемесінің жаңалық емес екендігін ескерген жөн. Салыстырмалы-тарихи әдістің бір бөлігі ретінде ол Т.А.Бертагаевтың, И.В.Кормушиннің, В.И.Аслановтың және басқалардың еңбектерінде қолданылады169.
Түркі түбірі құрылымы дамуының тарихи процесін, оның эволюциясын түсінуге көмектесетін өлі түбірлердің осындай реконструкциясы оның қазіргі тілдегі дербестігімен немесе тәуелділігімен байланыстырылады. Сонымен қатар, ол бір жағынан түркі тілдерінің негізгі лексикасы мен даму заңдылығының ортақтығын, екінші жағынан әрбір тілдің лексикалық-морфологиялық-логикалық даму ерекшелігін көрсетеді.
Осындай реконструкцияның дұрыстығы морфемалық талдау өз тұрғысынан ақтайды. Оған түркі тілдерінің жалғалмалылық табиғатының өзі жәрдемдеседі. Өзге түркі тілдерінен өлі түбірдің прототипін іздеу кейде генетикалық туыстас элементтің табылуына алып келеді. Әрине, осы гомогендік түбірдің әртүрлі тілдерде әртүрлі болуы және оның жорамалданған бастапқы фонетикалық тұлғасынан едәуір ауытқуы мүмкін. Осының барлығы көп жағдайларда салыстырмалы-тарихи әдіспен анықталады.
Сөйтіп, гомогендік ИЕ құрамындағы өлі түбірлердің көмескілену деңгейі бойынша диахрондық морфемалық талдау нәтижесінде оларда болып жатқан процестерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) толық; 2) ішінара; 3) шартты.
Бірінші топқа екібуынды ИЕ құрамында тек теориялық болжам негізінде жорамалданып қана қалпына келтірілетін өлі түбірлер жатады. Өйткені, толық жасалмаған тұлға түркі тілдерінің бірде-бірінде сақталған жоқ және жазба ескерткіштерінде де кездеспейді. Мысалы: √ар-на=, √бал-а=, √бор-а=, √сұл-а=. Келтірілген түбірлер тек жүйелі модельдік талдау жолымен, артынша тұрақты қайталанатын аффикстік морфемаларды жіктеу арқылы ғана жорамал түрінде реконструкциялануы мүмкін, мысалы:
* ар
а у
* жай
ж и на=
*қай
*ой
*сар
Екінші топ – бірқатар туынды негіздер құрамында қазіргі тілде қолданылатын, бірақ қандай-да бір аффикстер жалғанбаса лексикалық дербестігі болмайтын өлі түбірлер. Мұнда өлі түбірлер реконструкциясы гомогендік қатар бойынша ИЕ талдауына негізделеді:
а
*жаң
ғыр=
ға
* жор т=
ық
без
гі=
* кер ең
дең
жи=
ім
Үшінші топ – қазақ тілінде өлі болып саналатын, ал басқа туыстас тілдерде немесе түркі жазба ескерткіштерінде дербес түбірлер ретінде қолданылатын түбір морфемалар. Мысалы, егер жыл-жы= құрылымынан қазақ тілінде жіктелетін *жыл= элементі қазақ тілінде өлі түбір болып, ал қырғыз тілінде жыл= «қозғалу», «жылжу», «жерге еңкейіп төмендеу»; алтайша – чыл= «сырғанау»; татарша – шыл = «жылжу», «сүріну», «кетіп қалу»; якутша – шыл «жорғалау» және т.б. толық дербес бірліктер ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |