Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет14/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

* құрға=


Құрға= етістігінің құрамындағы өлі түбірді есім негіздермен салыстыру арқылы реконструкциялауға болады. Соның нәтижесінде құрғақ, құрлық, құрбақа, құрма, құрт, құртаң (кәрі-құртаң) сияқты туынды сөздердің жүйесінде оның жалпы мағынасы анықталады.
Татар және өзге тілдердегі quri тұлғасы қазақ тіліндегі құрға= етістігіне, түркі жазба ескерткіштеріндегі qur «құрғақ» түбіріне сәйкес келеді: qurïdi ton «киім кепті» /МК. ІІІ Т. С.203/, құры= «кебу», «қатты кебу» (ФСЯ. 2 Т. С.647/, қору «кебу», «құрғау», «қатты құрғау» т.б. /ТРС. С.150/, құру «құрғақ» /Буд. С.79/, гуру «құрғақ», «құрлық», «құрғатылған» /РАС. С.403/.
құры= тұлғасының қазақ тілінде «өлу», «жойылу», «жоғалу» сияқты біршама мағынасының болуы, олардың кейінгі семантикалық дамуының нәтижесі деп ойлауға болады.
*қақсы=

Қазақ тілінде *қақ түбір сөзі – «құрғаған жидектерден, жемістерден жасалған қақ»; «шалшық», «ағынды су». Қырғыз тіліндегі сияқты осы түбір сөзден туынды сөздер өте көп, ал көнетүркі тілінде ол «құрғақ», «құрғатылған» мағынасын білдіреді /ДТС. С.421, 422/. Қырғыз тілінде қақыр=; қақарт= /ЮКРС. С.326, 328/. Қазіргі қазақ тіліндегі қақсы= (толығымен)», қақта= (сүт туралы), қақта= “кептіру” тек диахрондық тұрғыдан ғана екі морфемаға ажыратылады.


*қалқи=


Қалбай= «қандай-да бір үлкен заттың үстінде тұру», қалқи=, қалбақта=, қалғы=, қалтыра=, қалқай=, қалқан құлақ, қалқы= етістіктерін, сондай-ақ қалқа=, қалбағай, қалпақ және т.б. есім туынды сөздер семантикасынан «осал», «толық емес», «әлсіз», «ілініп тұрған» және т.б. жалпы мағынадағы жорамал өлі түбірді анықтауға болады.


*қаңғы=

Қарастырып отырған түбір төмендегі лексемалардан ажыратылады: қаңғы=, қаңғырла=, қаңсы=, қаңтар=, қаңбақ=, қаңғалақ=, қаңылтыр=, қаңқа=, қаңылтақ. Түбірдің жалпы мағынасы - «қаңырау», «жеңіл», «құрғаған»175.




*қиқай

«Қисық», «бірбеткей» деген *қи түбірінің жалпы мағынасы мынадай төмендегі туынды ИЕ-ді талдау негізінде анықталады: қиқай=, қиқи=, қисай=, қитар, сондай-ақ қиыр, қияс (адам туралы). Олар дербес қый= түбіріне соншалықты жанаспайды. Қазақ тілінде, сонымен қатар, кейбір тілдерде көрсетілген мағынасы бар осындай түбірлер кездеседі. Мысалы, қый ойрат тілінде «қисық» дегенді білдіреді /ОРС. С.135/.




*қарғы=

Біздің көзқарасымызша, құрамынан көрінетін қарғы=, қарма=, қарпы=, қарғын, қарқын, қарқ қылу туынды сөздердің құрамынан көрінетін «жылдам», «қарқын», «инерция» және т.б. жалпы мағынасы жорамал түбірді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.


qar түбірі М.Қашғари сөздігінде «жолдың шетімен жүру, жағалаулардан шығу» мағынасында келтіріледі. Қараңыз: Suv arigtan qardi «су арнасынан шықты» /МК. ІІІ Т. С.182/.


*қоқсы=

Гомогенді тіркестер мағынасының негізінде қоқсы=, қоқы=, қоқтық, қоқым=, қоқыр, қоқыс «тәртіпсіздік» жалпы мағынасында ажыратылады. Қараңыз: qoq «шаң», «күйреу» /ДТС. С.457/.




*қауса=

Гомогенді жүйедегі қауди=, қауза=, қауқи=, қауса=, қаудыр=, қауға туынды негіздерді морфемалар бойынша талдау қазақ тілінде дербес қолданылмайтын түбір морфемаларды анықтауға мүмкіндік береді (қараңыз: қау «кепкен шөп», қаудан «егістік шөбі», «түбірімен кепкен шөп») /ҚТТС. ІІІ Т. 159 Б./. Қазақ тіліндегі қау-дан жасалған туынды сөздер мағынасы негізінде оның «құрғақ», «кеуіп қалған», «бос» және т.б. оның ең ортақ мағыналары ажыратылады.


Қазақ тілінде сондай-ақ келесі туынды ИЕ негіздерден бөлінетін қау-дың басқа омонимдік түбірлері бар: қаула=, қауесет, қаулы, қаума, қауырт және т.б. Олардың жалпы мағынасы «қарқынмен» және «инерциямен» белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет