Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Қазақ әлемінің тілдік бейнесіндегі рухани мәдениеттің архетиптік сипаты



бет217/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

1.6. Қазақ әлемінің тілдік бейнесіндегі рухани мәдениеттің архетиптік сипаты.
Қазіргі тілдің қызметін оны тұтынушының мәдени, рухани, әлеуметтік психологиялық болмысымен сабақтас қарау оны қимыл-әрекетімен ұштастырып, дүниені тіл арқылы тұтастырып, «ғаламның тілдік бейнесін» сипаттайтын антропоөзектік парадигма кеңістігінде зерттеуді қажет етеді.
Атап айтқанда, шынайы өмірдің қыр-сырын ұлттық ұжымға тән ой таразысынан өткізіп, сараптап, жинақтаған этномәдени ақпараттар мен мәліметтердің жадыда сақталған қор ретіндегі жүйесі тіл арқылы қабылдағандықтан, ұлт болмысын танытатын тіл бірліктерін кешенді зерттеу өзекті мәселе ретінде тіл ғылымының өрісін кеңейтіп отыр.
Әрбір тіл өз ерекшелігімен «ғалам бейнесін» өзгеше қалыптастырады», – деген антропоцентристік қағида қазақ дүниесін, қазақ әлемін сипаттаған қазақ тілі деректерін ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретінде зерттеуді қажет етеді. Сондықтан ондай жүйені зерттеу барысында дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі екендігі байқалады.
Осымен байланысты тіл дағдылы қарым-қатынас құралынан гөрі таным құралы, таным көзі ыңғайында көбірек зерттеледі. Соған сәйкес халқымыздың рухани мәдениетінің мифтік, прецеденттік, паремиологиялық, фразеологиялық, этнографиялық т.б. атаулар түріндегі тілдік көріністерінің көбі эпостық жырларда, көне жазба ескерткіштерде, ақын-жыраулар мұраларында, мәдени-құжаттық сипатта сақталып, этномәдени контексте жаңғыртылады. Соның нәтижесінде олардың мазмұны халқымыздың рухани дүниесін сипаттайтын этнопедагогикалық дағдыларына өзіндік дүниетанымы мен құқықтық, қоғамдық нормаларына, өмір тәжірибелеріне қатысты құнды деректерді дәйектейтіні анықталады. Мысалы: ала жіпті аттамау, ат құйрығын кесісу, құйрық-бауыр жесу т.б.
Мысалы, қазақтың дүниетанымында, философ-ғалым Ғ.Ақпанбек көрсеткендей, «ала жіпті пайдаланудың» өзіндік мәні бар. Лұқпан хакімнің айтуы бойынша өмірде он жұп болады. Солардың бірі – ақ пен қара (ерекшелеген біз – М.Ж.). Есілген жіптің бір қабаты ақ, екінші қабаты қара болып келеді. Жіптің екі қабаты ажырамастай астасып, кезек алмасып, тығыз өріліп отырады. Бұл – тоқтаусыз ауысып келіп отыратын күн мен түннің белгісі. Сонымен қоса жалпы өмір мен тіршіліктің ишара тұспалды бейнесі болып табылады. Сондықтан да қазақ халқы ала жіпке киелі деп қарап, айырықша мән берген. Біреудің «ала жібін аттамау» деген сөз кісіге қиянат жасамау мағынасында қолданылады» [28].
Ал ат құйрығын кесу ұғымының қазақтың құқықтық жүйесіндегі мәнін Фуко С.Л. былай деп түсіндіреді: «Обрезывание у лошади хвоста расценивалось как некое колдовское, магическое действие, угрожающее жизни ее хозяина. Если после этого хозяин лошади или даже кто-либо из его сородичей умирал, то обрезавший хвост платил полный кун как убийца» [29].
Ал құйрық-бауыр жеу тіркесі, керісінше, елдің бірлігін, туыстығын, ымыраласуын сипаттап, екі жақты тұтастыруды мақсат ететін рухани мәдениеттің тілдік көрінісі. Қазақ тілінің онбестомдық сөздігінде құйрық-бауыр жеу тіркесіне мынадай түсіндірме берілген: «Қазақ халқының келін түсіріп, қыз ұзатып құдаласуы барысында орындалатын тәрбиелік мәні зор дәстүрлердің бірі – құйрық-бауыр жеу. Құйрық-бауыр жеу қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі – құжаты болып бекітілген» [30, 267]. Бұл тіркестің этномәдени мазмұнының уәжін белгілейтін ата-бабаларымыздың ата кәсібі және сонымен байланысты күнделікті тұрмыс-тәжірибесінде дәлелденіп, символдық сипатқа ие болған деректердің коннотаттық сипаты. Мұндай рухани мәдениеттің архетиптік бейнесі ретіндегі сөз үлгілері тілдік қазынамыздың этномәдени қорында жетерлік. Мысалы, «Ер Төстік», шаңырақ, қазан, қамшы т.б.
Сонымен бірге елдік, этностық белгілердің көбі салттық мәдениеттің жеке сөз, иә сөз тіркестері түріндегі тілдік бейнесінде сақталған: тұсаукесер, естірту, үкі тағу, иткөйлек т.б.
Үкі тағуды қазақ тілінің онбестомдық сөздігінде былайша анықтайды: «Күйеу жігіттің әке-шешесі, туыстары құдаласқан күні қалыңдықтың бас киіміне үкінің жүнін тағып, қызды айттырып қойғанының белгісін жасауы. Үкі тағылған қыз сол күннен бастап айттырылған болып, оған басқалар құда түспейді [31, 47].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет