Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Қазақ МЛ-ның идиосемантикалық жүйесі



бет59/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

2.4 Қазақ МЛ-ның идиосемантикалық жүйесі.
Жалпы, онимдердің идиосемантикасын экстралингвистикалық факторлар арқылы анықтауға фольклордың тілдік деректері көп септігін тигізеді. Екіншіден, фольклорлық тілдік ақпараттардың этномәдени ерекшеліктерін зерттеу – бұл қазынаның мәдени мұрагерлік қызметінің теориялық мәнін ашуға ықпал етеді. Атап айтқанда, фольклор мәтінінде көбінесе астарлы (имплицитті) түрде қолданылатын онимдер жүйесі өзінің мифологиялық, тәңірге табынушылық, көне, діни мазмұны арқылы кумулятивтік қызметке ие. Оларды антропонимдер, топонимдер, космонимдер, зоонимдер, теонимдер, мифонимдер, этнонимдер т.б. деп таратуға болады. Қазақ фольклорының осындай онимдік жүйесінің этнолингвистикалық сипаты Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар, Е.Жұбанов, Ә.Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев, А.Мұқатаева, Е.Керімбаев, А.Сейілхан, Д.Керімбаев т.б. зерттеулерінде жан-жақты ашылған. Мысалы, ежеғабыл құда, талқы, күймелі арба, қулық, шатыр, ақ қара бас ту, енші, шашу, сауға, боқша, жұмыршақ т.б.
Құнды этнолингвистикалық мәліметтерге бай тілдің саласы – киелі (сакральды) лексика. Оның құрамында қазақ халқының наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары мен ырым-жораларына қатысты мифологиялық сипаттағы әртүрлі ақпараттар мен мәліметтерін бейнелейтін қазақ тілінің сакральды лексикалық бірліктері сақталған. Осы лексиканың этнолингвистикалық сипатын зерттеген А.Керімбаев заттардың утилитарлық (профандық) және семиотикалық (символикалық) тәрізді қос қызмет атқаратындығының мысалы ретінде әртүрлі құралдың, киім-кешектің, баспананың, зергерлік бұйымдардың т.б. семиотикалық қызметі – сакральды мәнін көрсетеді [47, 9]. Мысалы, қазақ киіз үйінің құрылымдық бөліктері: шаңырақ, төр, босаға, ошақ т.б.
Қазақтың дүниетанымындағы сакральды әлем және оның номинациясы рухани мәдениеттен де айқын көрінеді. Ол әсіресе діни-мифологиялық танымның формалары (анимизм, фетишизм, моно т.б.) және әртүрлі лексика-семантикалық микротоптар арқылы көрініс табады: әруақ, бәйтерек, пір, аққу, Қамбар ата, бесік, қазан, асатаяқ, тұмар, иткөйлек, үшкіру, ұшықтау, айдар, бақсы, сынықшы т.б. Осы атаулардың тезаурустық, прецеденттік негізіне сүйеніп жүргізілген этнолингвистикалық зерттеулер олардың бойындағы киелі мазмұнды ашады.
Осы зерттеулердің нәтижесінде фольклор мазмұнындағы тілдік деректер тек атауыштық қызметпен шектелмейді.Олардың этномәдени ақпараты сан қилы: тарихи-этникалық (Қараман, Алшағыр, Орақ Мамай т.б.), тарихи-топонимдік, географиялық кеңістік, флора мен ландшафт көрінісі, мифтік-прецеденттік атаулар т.б.
Ұлттық сана-сезім мен дүниетанымның тілдегі айқын көрінісі – бесік жырларында. Ғаламның ұлттық сипаттағы тілдік бейнесі бесік жырларында этномәдени реңкті тіл бірліктері арқылы айшықталады. Бесік жырларының этнолингвистикалық сипатын арнайы зерттеген Ә.Айтпаева олардың этномәдени және коммуникативтік мәнін сабақтас көрсетеді: «Бесік жырлары – халықпен бағзы заманнан жасасып келе жатқан мәдениеттің бастамасы сонау мифопоэтикалық және фольклорлық қабаттарды құрайтын феномен. Қарапайым бесік жырлары – ежелгі халық психологиясының, мәдениетінің, тілдік байлығының куәсі. Әрі халық бесік жырларының мәтіндері этномәдени шындықтың абстрактілі үлгісі болып табылады» [48]. Мысалы:
Ұлы топта күрескен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет